- Учителю
- Ашық сабақ Ондық бөлшекті натурал санға көбейту
Ашық сабақ Ондық бөлшекті натурал санға көбейту
Пән: математика, 5-сынып |
Күні: | |||
Тақырыбы: |
Ондық бөлшекті натурал санға көбейту | |||
Мақсаты: |
Ондық бөлшекті натурал санға көбейтуді оқып уйрену. | |||
Күтілетін нәтиже |
| |||
Колданылатын әдіс-тәсілдер |
Оқу мен оқыту үшін бағалау: Формативті, суммативті АКТ: Интербелсенді тақта, презентация Сыни тұрғыдан ойлау: Фишбон, тренинг Диалогтік оқыту:Негізгі бөлімдегі оқулықпен жұмыс. | |||
Керекті жабдықтар |
</<font face="Times New Roman, serif">Тапсырма парақтары, оқулық , ватман, түрлі түсті стикерлер,жұлдызшалар | |||
Сабақ кезеңдері |
Мұғалім әрекеті |
Оқушы әрекеті |
Уақыт | |
Кіріспе |
Оқушылармен амандасу. Тренинг: Суретті аяқта. Сосын топқа бөліп, рөлдерін анықтаймын.
|
Оқушылар амандасады. Бірнеше оқушы шыққан сурет бойынша өз ойларын айтады.
|
6 мин | |
Тұсаукесер |
Өткен тақырыптар бойынша сұрақтар қойылады. Ондық бөлшектер деп нені айтамыз? Оларды қалай қосамыз және азайтамыз?
Презентациямен есеп беріледі.
|
Сұрақтарға жауап берген оқушылар жұлдызша алады.
Оқушылар оны шығарып болғасын, сабақтың тақырыбын және мақсатын өздері тұжырымдайды. |
10 мин | |
Негізгі бөлім
|
Жаңа білім: Тақырыпты түсіндіру 14,32
Бекіту: ауызша есептер шығару 0,6 0,9 0,04 1,2 1,5 Ең көп жауап айтқан топ формативті қол шапалақтаумен бағаланады.
Оқулықпен жұмыс:
№1056 «Ту-134» ұшағы 1,5 сағ 900 км/сағ жылдамдықпен, ал 0,4 сағ 850 км/сағ жылдамдықпен ұшты. Ол барлығы қанша қашықтықты ұшты? Шешуі: (1,5*900)+ (0,4*850)=1350+340=1690 Жауабы: Ол барлығы 1690 км ұшты.
Бір диванды қаптауға 3,25м, ал бір орындықты қаптауға 0,75м матакерек. 2 диванды және 12 орындықты қаптауға неше метр мата керек? Шешуі: (3,25 *2) + (0,75 * 12) = 6,5 + 9 =15,5 Жауабы: Барлығы 15,5м мата керек.
«Фишбон» әдісі Берілгені презентация арқылы беріледі.
|
Оқушылар ережені шығарады.
Топтар бір-бірімен сайысады.
Топтар сөзесептерді шығарып болған соң, спикерлері басқа топқа барып жауаптарын түсіндіреді.
Әрбір топтан бір оқушы шығып жауаптарын тақтаға жазады. |
23 мин . | |
Қорытынды
|
Жұлдызша санына және түсіне қарай оқушылар бағаланады.
Бүгінгі сабақ не туралы? Не оңай болды? Не қиынға соқты? Қиындықты қалай жеңуге болады?
|
Кері байланыс парақшасын толтырады |
6 мин | |
Үй тапсырмасы |
6,1 параграфты оқу.
|
№ 1036, № 1051(жұп) |
1 мин | |
Талдау
|
Балалар такырыпты өздері аша білді. Мені С бала негізгі ережені өзі тұжырымдағанымен таңқалдырды. Сонымен қатар оның белсенділігі осы сабақта танымастай жоғары болды. Ал бір В бала кішкене отырып қалды, Белсенділігі байқалмады, мүлдем жұлдызша ала алмай қалды. Мұғалім ретінде бұл қателікті болашақта түзеуге тырысамын. А бала сабақтың ортасында сабаққа толығымен кірісті. Мүлдем үндемеген бала болған жоқ. Фишбон бойынша тапсырмаға уақыт жетпей қалды да, оқулықпен жұмыстан кейін бірден қорытынды бөлімге көштім. Бірақ балаларға бұны аңғартпадым. |