7


  • Учителю
  • Презентация по математику на теме «Натурал сандардың бөлінгіштігі»

Презентация по математику на теме «Натурал сандардың бөлінгіштігі»

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Сабақтың тақырыбы: «Натурал сандардың бөлінгіштігі» тарауына есеп шығару

Сабақтың мақсаты:

1. Білімділік: Оқушылардың жыл бойына алған білімдерін пысықтауға арналған пысықтау есептерін шығару, жүйелеу, бекіту.

2. Дамытушылық: Оқушылардың ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамыту үшін ауызша, жазбаша есептеу дағдыларын қалыптастыру, логикалық ойлау қабілеттерін жетілдіре түсу.

3. Тәрбиелік: Оқушыларды алға ойған мақсаттарына жетуге, тиянақтылыққа, шапшаңдыққа тәрбиелеу.

Сабақ түрі: қайталау сабақ

Сабақтың әдістері: тестік жұмыс, деңгейлік тапсырмалар

Сабақтың көрнекіліктері: интерактивті тақта, сөзжұмбақ, сөздер.

Сабақтың жоспары: I. Ұйымдастыру

II. Үй тапсырмасын пысықтау

1. Ұжымдық жұмыс «Есеп шығарайық»

2. «Кім жылдам?»

3.«Біліміңе қарап өзіңді таны»

4. «Кел, ойланайық!»

5.«Ойла шапшаң» Сөзжұмбақ шешу

IV. Бекіту.

V. Бағалау.

Сабақтың барысы: I. Ұйымдастыру. 1. Оқушылардың назарын сабаққа аудару.

2. Психологиялық дайындық. Оқушыларға бір - бірінің қолдарынан ұстатып, сабаққа сәттілік тілеу.

II. Үй тапсырмасын тексеру. №313,№323

Ұжымдық жұмыс «Есеп шығарайық»

№1

Ең үлкен ортақ бөлгішін тап:

  • а) 48 және 84 б) 72 және 96

ә) 56 және 81 в) 328 және 624

№2

Ең кіші ортақ еселікті тап:

а) 6 және 9 б) 81 және 243

ә) 14 және 28 в) 72,120 және 180

№3Презентация по математику на теме «Натурал сандардың бөлінгіштігі»

№4Презентация по математику на теме «Натурал сандардың бөлінгіштігі»

№5Презентация по математику на теме «Натурал сандардың бөлінгіштігі»

№6Презентация по математику на теме «Натурал сандардың бөлінгіштігі»

№7Презентация по математику на теме «Натурал сандардың бөлінгіштігі»

IV. Сергіту сәті «Кім жылдам?»

Логикалық есептер шешу.

а/. Бес бұтақты ағашта

Бұтақ сайын бес алма

Біреуін бер Омашқа

Қалды сонда неше алма? / 24 алма /

ә/. Аулада бес үйрек

Қорада үш үйрек

Бір үйрек тығылды

Бір үйрек жығылды

Қалғаны неше үйрек? / 6 үйрек /

б/. Көлден ұшты 40 қаз

Қайтып қонды 15 қаз

Қонбады оның нешеуі?

Кәне, кім тез табады? / 25 қаз /

(тест)

1. Өрнектің мәнін тап: 2800 санын 14 пен 5 - тің көбейтіндісіне бөл.

а/ 30

ә/ 40

б/ 50

2. Теңдеуді шеш.

1600: (х+ 100) = 4

а/ 400

ә/ 200

б/ 300

3. 2 тәулік =… сағат

а/ 22 сағат

ә / 48 сағат

б/ 24 сағат

4. Сандардың қайсысы 3-ке бөлінеді?

а/ 3462

ә/ 2980

б / 9731

5. 31*01 саны 9-ға бөліну үшін жұлдызшаның орнына қандай цифр қою керек?

а/ 0

ә/ 4

б / 9

6. ЕКОЕ-гі 120-ға тең екі санды көрсет:

а/ 12; 40

ә/ 12; 4

б / 60; 15

/Жұмыстарын оқушылар өздері бағалайды/

Деңгейлік тапсырмалар

« Біліміңе қарап өзіңді таны».

1 - деңгей: ( 225+30) х4 - 2100

2 - деңгей: 2592: 72 + 12007 = 12043

3 - деңгей: 980081+(341640 - 1263х109)=1184054

«Ойла шапшаң» Сөзжұмбақ шешу

Ұлы неміс математигі Карл Фридрих Гаус «Барлық ғылымдардың атасы… - деп бір пәнді атаған екен.» Сол пән қай пән екенін табу үшін сөзжұмбақты шешіп көрелік.

а/. Азайтудың ижесі қалай аталады? /айырма/

ә/. Тоғыз ондықты атаңдар? /тоқсан/

б/. Бір аптада неше күн бар? /жеті/

в /. Бір аптаның соңғы күні қалай аталады? /жексенбі/

г /. Тіктөртбұрыштың барлық қабырғаларының ұзындығының қосындысы. /периметр/

ғ/. Палетка не үшін керек? /аудан/

д/. Көбейтудің нәтижесі қалай аталады? /көбейтінді/

ж/. Сұйықтықты немен өлшейді? /литр/

з/. Оқу жылының алғашқы айы қай ай? /қыркүйек/

и/. Барлық қабырғалары өзара тең геометриялық фигураны ата. /шаршы /

Ерекшеленген әріптерді оқу /математика/

- Ендеше, бар ғылымның атасы - математика пәні екен, балалар.

V. Ғылымның сырына ұғына

Шығыңдар білім шыңына

Ұқыптылық пен зеректік

Жеткізсін сендей өренді

Математика сырына - деп сабағымызды қорытындылаймыз.

VI. Бағалау /Әркім өзінің қолындағы фигураларын санау арқылы бағаланады/.







 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал