- Учителю
- Үшбұрыштың және трапецияның орта сызықтары есептер шығару
Үшбұрыштың және трапецияның орта сызықтары есептер шығару
Тексерілді:
Күні: 29.10.16 Пәні: геометрия Класс: 8а
</ Сабақтың тақырыбы: Үшбұрыштың және трапецияның орта сызықтары есептер шығару
Сабақтың мақсаты:
-
Үшбұрыштың орта сызығы және оның қасиеттерімен, трапецияның орта сызығымен және оның қасиеттерімен таныстыру, сонымен қатар үшбұрыш пен трапецияның орта сызықтарын пайдаланып есептер шығаруды үйрету
-
Оқушылардың ойлау қабілеттерін дамыту, ғылыми көзқарастарын ояту, математикалық тілдерін дамытуды жүзеге асыру.
-
Оқушылардың математика пәніне қызығушылықтарын арттыру.
Сабақ түрі: жаңа сабақ
Сабақта қолданылатын әдістер: Ж.Караев технологиясы элементтерін
қолдану
Сабақта қолданылатын құралдар: кестелер, слайдтар, үлестірмелі
материалдар: тест сұрақтары
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі:
2) Үй тапсырмасын тексеру: а) №68, №69 есептердің шығарылуын
тексеру
3) Тест сұрақтарына жауап беру:
І - нұсқа
1. «Егер бұрыштың қабырғаларын қиып өтетін … оның бір
қабырғасынан өзара тең кесінділер қиып өтетін болса, онда ол
түзулер бұрыштың екінші қабырғасынан да тең кесінділер қиып өтеді».
Көп нүктенің орнына тиісті сөздерді қойып жазыңдар.
А. Түзулер. В. Тең кесінділер С. Параллель түзулер D.
Өзге жауап
2. Үшбұрыштың периметрі 28 см., төбелері берілген үшбұрыш
қабырғаларының орталарында болатын үшбұрыш периметрін табыңыз:
А. 28см В. 14см С. Өзге жауап D. 7см
3. Дөңес төртбұрыш диагональдары 7см және 13см. Төбелері осы
төртбұрыш қабырғалары ортасында орналасқан төртбұрыш периметрін
табыңдар.
А. 20см В. 10см С. 40см D. Өзге жауап
4. Суретте а ║ b, OA = 3см, АС = 1,5 см, А В a, С D b ВD = 1см.
ОВ - ны табыңдар.
А. 3см В. 4см С. 1см D. 2см
ІІ- нұсқа.
«Екі қабырғасының ортасын қосатын кесіндіні үшбұрыштың … деп
атайды». Көп нүктенің орнына тиісті сөздерді қойып жазыңдар.
А. орта сызығы В. Медианасы С. Параллель сызығы D. Өзге
жауап
2. Үшбұрыштың периметрі 24см. Төбелері берілген үшбұрыш
қабырғаларының орталарында болатын үшбұрыш периметрін табыңдар.
А. 12см. В. 6см. С. 48см D. 10см
Дөңес төртбұрыш диогоналдары 9см және 17см. Төбелері осы
төртбұрыш қабырғалары ортасында орналасқан төртбұрыш периметрін
табыңдар.
А. 52см В. 13см С. 26см D. 12см
4. Суретте а ║ b, ОВ = 4см, АВ = 1см, А С а ОD = 6см. СD - ны
табыңдар
А. 6см В. 3см С. 1,5см D. 2см В D b
ІІІ - нұсқа.
«Үшбұрыштың орта сызығы үшбұрыштың үшінші қабырғасына параллель
және оның … тең». Көп нүктенің орнына тиісті сөздерді қойып
жазыңдар.
А. ширегіне В. үштен біріне С. Өзге жауап D.
Жартысына
2. Үшбұрыштың периметрі 34 см., төбелері берілген үшбұрыш
қабырғаларының орталарында болатын үшбұрыш периметрін табыңыз:
А. 17см В. 34см С. 8,5см D. Өзге жауап
3. Дөңес төртбұрыш қабырғаларының ортасын қосатын төртбұрыш
периметрі 78см. Берілген төртбұрыш диагоналдарының қосындысын
табыңдар.
А. 39см В. 78см С. 156см D. Өзге жауап
4. Суретте а ║ b, OA = 3см, АВ = 2 см, ОD = 6см. ОС - ны
табыңдар.
А. 3см В. 4,8см С. 2,4см D. 1,2см.
абақты қорытындылау. Бағалау. Рефлексия.
Оқушылар білімін бағалау.