- Учителю
- Жазбаша көбейту және бөлу
Жазбаша көбейту және бөлу
Математика 9. 04. 2015 жыл
Сабақтың тақырыбы : Жазбаша көбейту және бөлу 242*4 ; 986 : 4
Сабақтың мақсаты :
1.Білімділік :Оқушыларды үш таңбалы сандарды бір таңбалы сандарға көбейту және бөлуге жазбаша түрде үйрету .
2.Тәрбиелік :Оқушыларды бірін - бірі тыңдауға , ұстамдылыққа тәрбиелеу.
3.Дамытушылық :Оқушылардың жылдамдығын , көркем жазуын , ойлау қабілетін дамыту .
Сабақтың типі: Аралас сабақ
Сабақтың әдіс - тәсілі : Сөздік , көрнекілік , сұрақ - жауап , жеке жұмыс түрлері , т.б.
Пәнаралық байланыс : Дүниетану , музыка .
Көрнекілік : Слаидтар , жеке үлестірмелі карточкалар ,т.б.
Сабақ барысы
І . Ұйымдастыру кезеңі
ІІ. Өтілген тақырыптарды қайталау
-
слайд :
Орыс ғалымы М.Ломоносов « Ақыл - ойды тәртіпке келтіретін - математика , сондықтан оны оқу керек » деген екен .
Біз математика сабағын жақсы көреміз , олай болса , бүгінгі сабағымыз да қызық әрі тартымды өтпек .
Сабағымызды бастамас бұрын мына сұрақтарға жауап берейік . Сендердің ата- аналарың еңбек етіп ақша табады , сол ақшаны қайдан алады ? ( Банкоматтан) Өзіміздің Қызылорда қаласындағы қандай банк атауларын білесіңдер ?
Банк халыққа қызмет көрсетеді . Одан біз ақша аламыз , ақша айырбастаймыз , ақша жинақтаймыз , басқа қалалардан , кез - келген жерлерден банкоматтардан , карточкамен ақша алуға болады . Банк қазіргі кезде өте көп тараған .
-
Біз бүгінгі сабағымызды Қызылорда қаласының ең ірі банклерінің болашақ қызметкерлері ретінде сабағымызды 4 топқа бөліп өткіземіз .
-
топ : Тұран Алем банкі
-
топ : Центр Кредит банкі
-
топ : Халықтық банк
-
топ : Цесна банк
2-слаид : « Ой толғау »
13 шарды 4- ке бөлуге бола ма ?
13 : 4= 3 ( қалд. 1)
тексеру : 4*3+1=13
1- ереже : Қалдықпен бөлуде нәтижесін екі санмен жазады . Бір санды толымсыз бөліндінің мәні , екінші санды - қалдық дейміз .
3-слаид : 11 қызанақты 3 тәрелкеге тең бөліп сал .
11:3 = 3( қалд 2)
2< 3
2- ереже : Қалдық бөлгіштен кем болуы тиіс .
-
тапсырма : Математикалық диктант .
Әр топтағы оқушыларға жеке - жеке тапсырмалар беріледі .
-
Енді болашақ банк қызметкерлері тапсырмаларын орындайық .
-
топқа :
-
506 мен 200- дің қосындысын тап ;
-
3 пен 5- тің көбейтіндісіне 5- ті қос ;
-
Ойлаған санды 4 есе кеміткенде 8 шықты . Ойлаған санды тап ?
-
Сенбіден кейін екі күннен кейін қай күн келеді ?
-
1 жылда неше күн бар ?
-
4 аптада неше күн бар ?
-
топқа :
-
20-ны 20-ғак бөл .
-
Қабырғасы 4 см- ге тең шаршының периметрін тап ?
-
24 ай неше жыл ?
-
8 дің квадратын тап ?
-
жарты сағат деген неше минут ?
-
81 мен 9 санының қосындысын 10 есе кеміт ?
-
топқа :
-
Ауылда 4 күн , 4 түн боран соқты . Неше тәулік боран соқты ?
-
2 айда неше күн бар ?
-
50 мен 6 санының қосындысын 7 есе кеміт ?
-
5 - тің кубын есепте ?
-
Ұзындығы 8 см , ені 3 см тік төртбұрыштың ауданын есепте ?
-
1000 грамм деген неше кг ?
-
топқа :
-
3 ғасырда неше жыл бар ?
-
90 мен 3- тің қосындысын 3 есе кеміт ?
-
Кез - келген санды 1- ге көбейткенде неше шығады ?
-
Қозғалыста болатын қандай денелерді білесің?
Қозғалыста болмайтын денелернді ата ?
-
200 см - . . . м ; . . . дм ?
-
Ұзындығы 6 м , ені 4 м , биіктігі 2 м болатын аквариумның көлемін тап ? (әрбір дұрыс жауапқа 1 ұпайдан беріледі )
ІІІ. Жаңа сабақ
-
Күннің ретін жазып , сабақтың тақырыбын хабарлау. ( Оқулықтың 102-103- беттері )
Көркем жазу минуты : 57
-
тапсырманы жазбаша көбейту және бөлу жолдарын түсіндіру .
Әр топтан 4 оқушыдан шығарып , тақтада орындату . ( дұрыс орындаған топтарға ұпай беріледі )
2-тапсырма есеп тапсырма түрінде әр топқа бір есептен беріледі . Есепке топпен бірлесе отырып шарт құрылады , шешуі мен жауабын табады .
-
топ : Оқулықтағы 2- есептің ( а ), 102- бет.
Сүтқоректілер -172
Құстар -? 3 есе артық
Бауырымен жорғалаушылар - 4 есе кем
Шешуі : 172*3= 516 ( құстар)
516: 4=129 ( б. жорғалаушылар)
Жауабы : Қазақстанда б.жорғалаушылардың 129 түрі бар .
2-топ : (ә)
Бауырымен жорғалаушылар - 129
Құстар -? 4 есе артық
Сүтқоректілер -? 3 есе кем
Шешуі: 129*4:3=172
Жауабы : Қазақстанда сүтқоректілердің 172 түрі бар .
3-топ :( б)
Дайындады- 50 парақ
Әрқайсысына - 4 парақ
Жасады - 8 папка
Қалды - ?
50-(4*8)=18
Жауабы : 18 парақ қағаз қалды.
4-топ : (в)
Партерінен -9 орындық * 2 қатар
Амфитеатрынан - 13 орын
Барлығы -?
(9*2)+13=31
Жауабы : Үшінші сынып оқушылары 31 орынға отырды .
Слаидтан Қазақстандағы сүтқоректілер , құстар , бауырымен жорғалаушылардың суреттері көрсетіледі .
-
тапсырма теңдеулерді шешу . Әр топқа екі теңдеуден беріледі.(Әр
дұрыс шешілген жауапқа 3 ұпайдан беріледі)
4-тапсырма : Оқулықтың 103- бетіндегі 6- тапсырма бойынша орындалады
ІҮ . Сабақты қорыту , бағалау .
Ү. Үйге тапсырма беру .
4, 5, 7- тапсырмалар ( 103- бет)