- Учителю
- Ашық сабақ 'Квадрат теңдеу'
Ашық сабақ 'Квадрат теңдеу'
Сабақтың тақырыбы: Квадраттық теңдеу түбірлерінің формулалары
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Квадрат теңдеудің түрлерін, түбірлерінің формуласын меңгерту. Есеп шығаруға машықтандыру.
Дамытушылық: Оқушылардың ойлау ,есте сақтау қабілеттерін ,танымын дамыту.Өз бетінше есептер шығару дағдыларын жетілдіру.
Тәрбиелік: сабаққа оқушылардың өз еркімен белсене араласуы, білімдерін көрсете алуы, топпен ұйымдасып жұмыс істеу қабілеттерін
дамыту.
Сабақтың түрі: практикалық
Әдіс -тәсілдері: СТО технологиясының стратегиялары, топпен жұмыс, сұрақ-жауап.
Сабақтың көрнекілігі:
Сабақ барысы:
-
Ұйымдастыру. 2 мин
-
оқушыларды түгендеу;
-
оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру;
-
сабаққа назарын аудару;
-
сабақтың мақсаты мен міндетін баяндау;
-
сынып оқушыларын 2 топқа бөлу
Сыныпты 2 топқа бөлу.
Бүгінгі сабақтың тақырыбын білу үшін келесі «Адасқан әріптер» деген тапсырманы орындайық. Ол үшін берілген әріптерден сөз құрастыру керек.
1 топ Таниимдкисрн (дискриминант)
2 топ Едңует (теңдеу)
Осы сөздер қандай тақырыппен байланысты? (Квадрат теңдеулер). Сонымен, бүгінгі сабағымыздың тақырыбы «Квадрат теңдеулер түбірлерінің формулалары». Ал сабақтың мақсатын кім айтады?
-
Топтармен жұмыс
1) Теориялық сайыс ( әр топқа теория сұрақтары жазылған слайд ашылады) 3 мин
1 топтың тапсырмасы:
-
Қандай теңдеу квадрат теңдеу деп аталады?
-
Дискриминантты қандай әріппен белгілейміз және формуласын қандай?
-
Квадрат теңдеудің неше түбірі бар?
-
Келтірілген квадрат теңдеу дегеніміз не?
-
Толымсыз квадрат теңдеу дегеніміз не?
-
, D=0 болғанда, неше түбірі бар?
2 топтың тапсырмасы:
-
Квадрат теңдеудің формуласын жаз
-
Квадрат теңдеудің түбірлерінің формулаларын жаз
-
Квадрат теңдеудегі а,в, с - сандары қалай аталады?
-
Толымсыз квадрат теңдеудің формуласын және шешу жолдарын жаз.
-
Квадрат теңдеудің нақты түбірлері неге байланысты?
-
D>0, D<0 болғанда, неше түбірі бар?
2) Практикалық сайыс ( әр топқа слайд арқылы есептер беріледі)
Квадрат теңдеулерді шешу. 5 мин
1- топтың тапсырмасы
-
х2-7х+10 =0
D=49-40=9 х1=7-3/2=2; х2=7+3/2=5
-
у2-12у+32 = 0
D=144-128=16 у1=12-4/2=4; у2=12+4/2=8
-
3х2-12х = 0
х(3х-12)=0
х=0; х=4
2- топтың тапсырмасы
-
х2 -9х+18 = 0
D=81-72=9 х1=9-3/2=3; х2=9+3/2=6
-
у2 + 8х+12 =0
D=64-48=16 у1=-8-4/2=-6; у2=-8+4/2=-2
-
4х2-28 = 0
4х2=28; х2=7 х
3) Сандық мақал-мәтелдер.
Екі топқа мақал-мәтелдер жазылған карточкалар таратылады. Бұл мақал-мәтелдерде кездесетін сандар квадрат теңдеудің түбірлері болады. Осы сандар арқылы квадрат теңдеу құрастырыңдар. 7мин
І топ:
1) Алтау ала болса, ауыздағы кетеді,...
х2 - 10х + 24 = 0 D=4 х1= 6; х2= 4
Жауабы: төртеу түгел болса,төбедегі жетеді.
2) Ұлға отыз үйден,...
х2 - 70х + 1200 = 0 D=100 х1= 40; х2= 30
Жауабы: қызға қырық үйден тыю.
3) Жақсы жігіт он бесінде де жас емес,...
х2 - 115х + 1500 = 0 D=7225 х1= 15; х2= 100
Жауабы: жүзге келсе де пәс емес.
4) Білімді мыңды жығады,...
х2 - 1001х + 1000 = 0 D=998001 х1= 1; х2= 1000
Жауабы: Білекті бірді жығады.
ІІ топ:
1) Жігіт сегіз қырлы,...
х2 - 9х + 8 = 0 D=49 х1= 8; х2= 1
Жауабы: бір сырлы.
2) Білгенің бір тоғыз,...
х2 - 108х + 891 = 0 D=8100 х1= 9; х2= 99
Жауабы: білмегенің тоқсан тоғыз.
3) Жігітке жеті өнер де аз емес,...
х2 - 77х + 490 = 0 D=3969 х1= 7; х2= 70
Жауабы: жетпіс өнер де көп емес.
4) Бір тал кессең,...
х2 - 11х + 10 = 0 D=81 х1= 1; х2= 10
Жауабы: он тал ек