- Учителю
- «Арифметикалық және геометриялық прогрессиялар» Ашық сабақ. 9 сынып
«Арифметикалық және геометриялық прогрессиялар» Ашық сабақ. 9 сынып
«Арифметикалық және геометриялық прогрессиялар» тақырыбын оқыту
Сыныбы: 9
Сабақтың мақсаты: Арифметикалық және геометриялық прогрессиялардың қасиеттерін, ерекшеліктері мен ұқсастықтарын, формулаларын сатылай, жүйелі, комплексті меңгеру. Есептер шығаруда дұрыс қолдана білуге үйрету.
Дамытушылығы: Оқушылардың ойлау, есте сақтау, елестету қабілетін, танымын дамыту.
Тәрбиелік: Оқушылардың белсенділігін арттыру, өз бетінше оқуға, ізденуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Қорытындылау сабағы. Дәстүрлі емес сабақ.
Әдіс: Сұрақ-жауап, есептер шығару, тест алуда деңгейлеп оқыту технологиясын қолдану.
Көрнекілігі: Сұрақтар ( сұрақтар үш бұрыш қағаздың артына жазылған), ауызша есептер, есептер жазылған карточкалар
( карточка гүл түрінде келтірілген). Мақал-мәтелдер. Тестік тапсырмалар.
Сабақтың барысы:
-
Ұйымдастыру. Екі топқа бөлу. Қысқаша таныстыру.
-
Арқан тартыс. «Асу бермес асқар жоқ». Екі топқа сұрақтар қойылады.
А) арифметикалық прогрессияның әріптік белгілері;
Б) геометриялық прогрессияның әріптік белгілері;
С) арифметикалық прогрессия an. Snмүшесінің формулалары;
Д) геометриялық прогрессия bn. Sn мүшесінің формуласы.
3. Қыз қуу. Ауызша есептер, әр топтпн 1 ұл, 1 қыздан 2 жұп шығады.
«Шапқан озар, жатқан қалар»
а) a1= 2, d = 3. алғашқы бес мүшесін атаңыз;
б) a1 = 1,d = 3. Алғашқы бес мүшесін атаңыз;
с)b1 =2,q=2. Алғашқы үш мүшесін атаңыз;
д)b1 = 3, q = 2. Алғашқы үш мүшесін атаңыз.
4. Тал отырғызу. «Әдепсіз өскен баладан, түзу өскен тал жақсы». а) Геометриялық прогрессияның бірінші мүшесі мен бесінші мүшесінің қосындысы 128-ге тең.
q= 2. S7=?
b1+b5=128, b1+b1q4= 128, b1(1+q4)= 128
128 128 128 b1(1-qn)
b1=--------= ------=----- , Sn=------------
1+q 4 1+16 17 1-q
ә) а3+ а9= 8, S11 - ?, a1+2d+a1+8d = 8
2a1+ (n-1)d
2a1+10d=8, Sn=------------------ *n
2
2a1+10d 8
S11= ------------ * 11= ---*11=44
-
2
б) b2+b3=3(b3+b4), b1q (1+q)= 3b1q2(1+q)
1
b1q(1+q)= 3b1q2(1+q), 1=3q = q=----
3
5. Жамбы бату: «Өнер ағып тұрған бұлақ,
Ілім- жанып тұрған шырақ»
Тест тапсырмалары....
6. Бәйге:
«Жеті жұрттың тілін біл,
Жеті түрлі ілім біл!»
Ойын шарты «7» саны киел сан. Осыған байланысты ұғымдарды ата.
а) жеті қазына; ә) жеті керемет; б) жұт жеті ағайынды; в) жеті мүшел; г) жеті күн; д) жеті жарғы; е) жеті жоқ.
7. Той тарқар: «Білімнің басы бейнет, соңы зейнет». Әр ұлттық ойын бойынша жеке топтарға орын беріліп, оқушылар білімі бағаланады.
Сабақ қорытындалып, үйге тапсырма беріледі.