- Учителю
- Параллелограмның ауданы (8 класс)
Параллелограмның ауданы (8 класс)
Сабақтың тақырыбы: Параллелограмның ауданы
Сабақтың түрі: Білім мен дағдыны қорытындылау, жүйелеу сабағы
Сабақтың мақсаттары:
-
Білімділік мақсаты: Оқушының параллелограммның ауданы тақырыбы бойынша алған білімдерін тиянақтау, бекіту.
-
Тәрбиелік мақсаты: Өз ойын қорыта отырып, жеткізе білуге, ұқыптылыққа, нақтылыққа тәрбиелеу.
-
Дамытушылық мақсаты: есеп шығару барысында ережелерді дұрыс пайдалана отырып есте сақтау және логикалық ойлау, қабілеттерін дамыту.
Сабақтың типі: қайталау, бекіту
Сабақтың түрі: Білім мен дағдыны дамыту, жүйелеу сабағы.
Оқыту әдістері: репродуктивті, көрсете - суреттеу, ауызша баяндау, сұрақ-жауап алу.
Сабақтың жабдықталуы: Интерактивті тақта, слайдтар, дидактикалық материалдар, бағалау фигуралары (дөңгелек, төртбұрыш, үшбұрыш)
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру: сәлемдесу, зейіндерін сабаққа аудару; сабақтың мақсатымен таныстыру;
ІІ. Қызығушылықты ояту кезеңі.
Интерактивті тақтада «Пифагор шалбары» көрсетіліп «ой шақыру стратегясы» бойынша аудан ұғым еске түсіріліп, фигуралардың ауданын «палетка» көмегімен өлшеуді орындау.
ІІІ. Мағынаны тану.
-
Өткен материалдар бойынша қайталау сұрақтары, тірек сызбалар слайд арқылы көрсетіледі; тіре параллелограммның анықтамасы, қасиеттеріі және олардың математикалық тілде жазылуы пысықталады, топтастырылады. Төртбұрыш түрлері, қасиеттері өлең жолдарымен өрнектеліп қорытындыланады.
Ауызша есептер шығару.
№1. Параллелограмның бір бұрышы 50º тең. Параллелограмның қалған бұрыштарын тап.
№2. Параллелограмның бір қабырғасы 10 см, ал оған түсірілген биіктігі 6 см. Параллелограмның ауданын тап.
№3. Параллелограмның қабырғалары 4 см және 6 см, ал олардың арасындағы бұрышы 30º. Параллелограмның ауданын тап.
Алгоритмдік және практикалық мазмұнды қолданбалы есептер шығару. (жекелеген оқушылар тақтаға шығарып түсіндіреді, дәптерге жазады.
№1.Параллелограмның қабырғалары 4 см және 2√3 см. Егер оның ауданы 12 см² болса, онда параллелограмның сүйір бұрышын тап.
№2. Параллелограмның қабырғасы 12 см және 15 см. Ұзын қабырғасына жүргізілген биіктігі 8 см. Кіші қабырғасына жүргізілген биіктігін тап.
№3. Тіктөртбұрыш пішінді жер телімінің периметрі 1224 м. Оның бір қабырғасы екіншісінен 240 м ұзын. Егер бір ағаш отырғызуға 2 м² жер керек болса, берілген жер теліміне қанша ағаш отырғызуға болады?
№4. Өлшемі 6 м х 5,5 м болатын бөлменің еденін әрқайсысының өлшемі 30 см х 5 см тіктөртбұрыш пішіндес паркетпен жабу керек. Еденді жабу үшін тағы осындай қанша паркет керек?
IV. ҚОРЫТЫНДЫ
Тіктөртбұрыштар аудандарын табу формуласы не үшін қажет? (оқушы пікірін тыңдап, толықтыру)
V. Үйге тапсырма: Тақырып бойынша тест кітапшасынан 3 әртүрлі есептер шығару.