7


  • Учителю
  • 6-сынып Екі сан аралығының қилысуы мен бірігуі

6-сынып Екі сан аралығының қилысуы мен бірігуі

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

6 «А»сынып 09.02.2016 жыл

Сабақтың тақырыбы: Екі сан аралығының қилысуы мен бірігуі

Сабақтың мақсаттары:

Білімділік: Теңсіздіктердің шешімдері жиынын сан аралығында кескіндеуді, теңсіздіктер шешімдерінің жиынын сан аралығымен жазуды, екі сан аралығының қилысуы мен бірігуін ажырата алуды үйркту. Дамытушылық: теориялық білімін практикада ұштастыра отырып, ойлау қабілеттерін, танымын дамыта отырып математикаға деген қызығушылығын арттыру; Тәрбиелік: Топпен жұмыс істеуге, өзгенің пікірін тыңдай білуге, көпшіл сезім қалыптастыруға тәрбиелеу және өзінің білімін бағалай білуді үйрету.

Көрнекілік: Үлестірме материалдар.

Сабақтың типі: Жаңа сабақты менгеру Сабақтың әдісі: Сұрақ -жауап ,Репродукци

Сабақтың барысы:

I. Ұйымдастыру кезеңі: (2мин)

Оқушылардың сабаққа әзірлігін тексеріп, оқушылардың сабаққа қатынасын анықтау.

II. Өткен сабақты қайталау (5мин)

1.[ 1; +∞ ) - сәуле

2.[ 5; 9 ] - кесінді

3.( 3; 7 ) - интервал

4.( - ∞; 3 ) - ашық сәуле∙

5.(-1; 4 ] - жартылай интервал

III. Жаңа сабақты түсіндіру (10мин)

1.Екі сан аралығының қилыуы:

[-2;4] мен [1;6] аралықтарын бір координаталық тузуде кескіндейік

х

-2 1 4 6

Мұндай жағдайда [-2;4] мен [1;6] аралықтары қилысады.

Белгіленуі: [-2;4] ∩ [1;6]=[1;4].

2.Екі сан аралығының бірігуі:

[-2;3] мен [1;6] аралықтарын бір координаталық тузуде кескіндейік

[-2;6] аралығының әрбір саны[-2;3] және [1;6] аралықтарының ең болмағанда немесе екеуіне де тиісті болады.

х

-2 1 4 6





Мұндай жағдайда [-2;6] аралығын [-2;3] және [1;6] аралықтарының бірігуі деп атайды.

Белгіленуі: [-2;3] U [1;6]=[-2;6].

3.Сан аралықтарының қилыспайтын болуы:

Егер екі сан аралықтары өзара қилыспайды немесе оларға ортақ сан аралығы жоқ болса, онда сан аралықтарының қилысуы-бос жиын.

х

-4 1 3 7

Белгіленуі: [-4;1] ∩ [3;7]=ø.

ІV. а)Дамыту кезеңі (Есептер шығару) (10 мин) №991 (1,2) №991 (3,4) №992 (1,2) №992 (3,4)

1.( 4; +∞ ) координаталық түзуде сыз 2.( - ∞; 3 ) координаталық түзуде сыз 3.( -3; 0 ) қос теңсіздік түрінде жаз 4. (-2; 4 ] қос теңсіздік түрінде жаз 5. [ -3; 15 ] қос теңсіздік түрінде жаз 6. [ -3; 4] аралығына - 4;0;1;4;5;7сандарының қайсысы тиісті 7. ( - ∞; 3] аралығына - 12;-2;2; 7сандарының қайсысы тиісті 8. [-4;0] U [-2;6] сандарының бірігуін тап. 9. [-3;4] ∩ [-1;6] сандарының қиылысуын тап. 10. [-4;-1] ; [3;6] сандарының бірігуін,қиылысуын тап.





</ б)Топтық жұмыс (6 мин)

Сатылай кешенді талдаңдар:

1)[-3;1] және [-1;3] сан аралықтарының бірігуін тап

2)[1;5] және [3;7) сан аралықтарының қилысуын тап

[-3;1] U [-1;3] = [-3; 3]

[1;5] ∩ [3;7) =[3;5]

Сатылай кешенді талдау:

1.аталуы

2.оқылуы

3.координаталық түзуде кескінделуі

4.теңсіздік түрінде жазылуы

5.аралыққа тиісті бүтін сандар

6. аралыққа тиісті ең үлкен бүтін сан

7. аралыққа тиісті ең кіші бүтін сан

в)Өзіндік жұмыс (5-мин)

1. ( - ∞;5] сан аралығының аты:

А) ашық сәуле Б) интервал В) кесінді Г) сәуле

2. Белгіленумен жаз: 1-ден 4-ке дейінгі кесінді

А) (1;4) Б) [1;4] В) (1;4] Г) [1;4)

3. Сан аралығындағы бүтін сандарды тап: (4; 7]

А) 4;5;6 Б) 4;5;6;7 В) 5;6 Г) 5;6;7

4. Белгіленуімен жаз: 1-ден 3-ке дейінгі 3 саны қоса алынған жартылай интервал

А) (1;3] Б) [1;3] В) (1;3) Г) [1;3)

5. Теңсіздіктер шешімін сан аралығымен жаз: 2≤х˂6

А) [2;6] Б) (2;6) В) [2;6) Г) (2;6]

6. [4;9] сан аралығының аты:

А) кесінді Б) сәуле В) ашық сәуле Г) интервал

7. Белгіленуімен жаз: 2-ден 7-ге дейінгі интервал

А) [2;7] Б) (2;7] В) [2;7) Г) (2;7)

8. [-4;5) аралығындағы ең кіші және ең үлкен бүтін санды тап.

А) -4 және 3 Б) -4 және 4 В) -4 және 5 Г) -3 және 5

9. Белгіленуімен жаз: -∞ -тен 6-ға дейінгі ашық сәуле

А) [6;+ ∞) Б) (6;+ ∞) В) (-∞;6) Г) (-∞;6]

Жауабы: 1-Г; 2-Б; 3-Г; 4-А; 5-В; 6-А; 7-Г; 8-Б; 9-В.

Пысықтау. Нені білдік?

  1. Сан аралығының неше түрі бар (қандай) ?

  2. х≤6 немесе х≥8 теңсіздіктерінің шешімдер жиыны қалай аталады?

  3. Екі сан аралықтарының орталарындағы мына белгі недеп аталады U , ∩

V.Үйге тапсырма: №990, №997

1)[-3;9) және (2;7] сан аралықтарының бірігуін тап

2)[3;7] және [5;9) сан аралықтарының қилысуын тап

Сатылай кешенді талдау:

VI. Қорытынды.Бағалау Бағалау парағы бойынша оқушылар өз-өздерін бағалайды































 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал