- Учителю
- Урок на тему: '9 сынып емтихан есептерін шығару жолдары'
Урок на тему: '9 сынып емтихан есептерін шығару жолдары'
Сабақтың тақырыбы: 9 сынып емтихан есептерін шығару жолдары
Сабақтың мақсаты:
1. Білім берушілік: Оқушылардың математика пәні бойынша 9-сыныпта алған білімдерін жүйелеу, қаншалықты меңгергенін және өткен тақырыптар бойынша білімдерін тексеру
2. Дамытушылық: Оқушылардың есептеу дағдыларын жетілдіру, өз бетінше еңбектену, белсенділіктерін арттыру.
3.Тәрбиелік: Оқушыларды жылдамдылыққа, ептілікке, достық қарым-қатынасқа тәрбиелеу, уақытты үнемдей білуге, тәртіптілікке, ұстамдылыққа,өз білім деңгейін көрсете білуге үйрету.
Сабақтың типі: қайталау.
түрі: сынақ сабағы.
әдісі: ауызша жауап алу, тест, деңгейлік тапсырмалар
Сабақтың көрнекілігі : интерактивті тақтада тапсырмалар, тест есептері, олардың жауаптары, оқушыларды бағалау кестесі.
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі
а) Сәлемдесу
ә) Оқушыларды түгендеу
б) Оқушылардың назарын сабаққа аудару
в) Сабақтың мақсатымен таныстыру
ІІ Өткен тақырыпты қайталау:
-
Теңдеулер және теңсіздіктер жүйесі
-
Тригонометриялық функциялардың қасиеттері
-
Арифметикалық және геометриялық прогрессия
2.Сабақтың негізгі бөлімі:
Сынып 3 топқа бөлінеді:
1-ші топ
2-ші топ
3-ші топ тапсырмалар беріледі.
Тапсырманы орындауға 10 минут уақыт бөлінеді. 10 минут өткен соң орындарын ауыстыра отырып, әр топ үш тапсырманы орындайды.
9-сыныптың математика пәні бойынша І нұсқа және ІІ нұсқа емтихан есептері дайындалды.
І топ
4В.51 Теңдеулер жүесін шешіңдер:
А)
5С.60 Теңсіздіктер жүйесін шешіңдер:
А)
6В.40
а) Арифметикалық прогрессияның бірінші, екінші және үшінші мүшелерінің қосындысы 3-ке тең. Оның екінші, үшінші және бесінші мүшелерінің қосындысы 11-ге тең. Прогрессияның бірінші мүшесін және айырмасын табыңдар.
7C.61 Тепе- теңдікті дәлелдеңдер:
8А.27
Функциялардың графиктерінің осьтермен қиылысу нүктелерінің координаталарын табыңдар:
А) +5
9А.24
А) Турбазадағы шатырлар мен үйлердің саны 25.Әр үйде 4 адам, ал әр шатырда 2 адам тұрады. Турбазада барлығы 70 адам дем алып жатқандығы белгілі болса, онда қанша үй және қанша шатыр бар екендігін табыңдар.
ІІ топ
4В.51 Теңдеулер жүесін шешіңдер:
б)
5С.60 Теңсіздіктер жүйесін шешіңдер:
б)
6В.40
б) Арифметикалық прогрессияның, үшінші мен бірінші мүшелерінің айырмасы 6-ға тең, ал олардың көбейтіндісі 27-ге тең. Прогрессияның бірінші мүшесін және айырмасын табыңдар.
7C.61 Тепе- теңдікті дәлелдеңдер:
А)
8А.27
Функциялардың графиктерінің осьтермен қиылысу нүктелерінің координаталарын табыңдар:
Б)
9А.24
Б) Айлақта екі орындық және үш орындық барлығы 6 қайық тұрған еді. Осы қайықтарға 14 адам орналастыруға болады. Айлақта неше екі орындық және неше үш орындық қайықтар тұрған еді?
Сабақты қорытындылау: Оқушыларға сабаққа қатысқанына сай баға қою.
Үйге тапсырма: тест
«Ә.Қастеев атындағы орта мектеп мектепке дейінгі шағын орталығымен» мемлекеттік мекемесі
9 сынып емтихан есептерін
шығару жолдары
/ашық сабақ/
Математика пәні мұғалімі Б.Р.Сағымбекова
2013-2014 оқу жылы