- Учителю
- Сабақтың тақырыбы: Сан аралығы, бір айнымалысы бар сызықтық теңсіздіктер тақырыбына есептер шығару.
Сабақтың тақырыбы: Сан аралығы, бір айнымалысы бар сызықтық теңсіздіктер тақырыбына есептер шығару.
Қарақұдық орта мектебі
Тақырыбы:
Сан аралығы, бір айнымалысы бар сызықтық теңсіздіктер тақырыбына есептер шығару.
6 сынып
Өткізген: Шарбосина З.Н.
2009-2010 оқу жылы
Сабақтың тақырыбы:Сан аралығы,бір айнымалысы бар сызықтық теңсіздіктер тақырыбына есептер шығару.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Тақырып бойынша алған білімдерін жинақтау,бір жүйеге
келтіру,математика тілінде сөйлеу дағдыларын қалыптастыру.
Тәрбиелік:
Дамытушылық:Шығармашылық жұмыс істеуге,тез ойлауға дағдыландыру,өз
жетістігін бағалай білуге,шамаларды салыстыра білуге дағдыландыру.
Сабақтың көрнекілігі:интеративті тақта.
Сабақтың жүрісі:1.Ұйымдастыру
2.Үй тапсырмасын тексеру,сұрақ-
жауап.
3.Жаңа материалды баяндау
4.Жаңа материалды бекіту.
5.Үйге тапсырма беру.
6.Сабақ аяқтау,қорытындылау.
7.Бағалау.
І.Үй тапсырмасын тексеру мақсатында матемеатикалық диктант:
1.Интервал,жартылай интервал,кесінді,сәуле,ашық сәуле атаулары............білдіреді.
2.( ± ∞ )..........білдіреді
3.Теңсіздікті шешу дегеніміз..........табу
4.Шешімдері бірдей теңсіздіктер............деп аталады.
Жауабы:Сан аралығын,шексіздік,шешімдер жиынын,мәндес.
ІІ.Санды теңсіздіктерді ауызша оқып,белгілең:
1).2 < Х < 7, 2).-4 ≤ Х ≤ 3, 3).Х ≥ 8, 4) Х < 5 ;
ІІІ.Карточкамен жұмыс.
1-карточка. Сан аралығын координаталық түзуде кескіндеңдер: [-3;5 ]
2-карточка. Сан аралығын координаталық түзуде кескіндеңдер:( -1;8 ]
3-карточка. Мына теңсіздіктерді қос теңсіздікпен жазыңдар: 0,8 > 0,3 және 0,8 < 1
4-карточка. Мына теңсіздіктерді қос теңсіздікпен жазыңдар:
7< 15 және 15 < 20
5-карточка.Теңсіздіктің шешімін тап: 3у > 5у +4
6-карточка. Теңсіздіктің шешімін тап: 11≥ х+2
7-карточка.Координаталық түзуді пайдаланып, сан аралықтарының қиылысуын,бірігуін
табың:[-3;5 ]U [-1;9 ]= [-3;5 ] ∩ [-1;9 ]=
Кітаппен жұмыс.№ 1023(1,2,3)- І қатарға, № 1026(1,2)
(4,5,6)-ІІ қатарға.
Логикалық есептер.
1.Наурыз мейрамы.Ат жарыс өтуде.Сұрақ:Егер үш пар ат 60 км шауып өтсе,онда бір ат неше км шауып өтеді?
2.Бір жанұяда бес ұл бар.Олардың әрқайысының қарындасы бар.Сол жанұяда неше бала бар?
3.Екі жарым ет жарым сағатта піссе,жарты кг ет неше сағатта піседі?
4. 2 әкесімен 2 баласы 3 алманы бір-бірден бөліп жесе,олар қалай бөліскен?
5.Неше үш бұрыш бар?
Бүгінгі сабақты қорыту.
:
Тест
1.Координаталық түзуде көрсетілген аралықты теңсіздік түрінде жаз.
О
-3 Х
А) Х > -3 В)Х ≥ -3 С)Х <-3 Д)Х ≤-3
2.Қай сан: -10< Х < 14 теңсіздігінің шешімі болады?
А)-20 В)47 С)0,1 Д)-14,3
3.Санды теңсіздік дегеніміз не?
А) құрамында сандар бар теңсіздік;
В)> немесе< таңбалары бар өрнек;
С) құрамында >,<, ≥, ≤ таңбалары бар өрнек;
Д) сол жақ бөлігінде бір айнымалысы бар және оң жақ бөлігінде 0 бар теңсіздік.
4.Координаталық түзуде берілген аралықты қос теңсіздік түрінде жаз:
• О
6 9 Х
А)-6 < Х< 9 В)-6 ≤ Х ≤ 9 С) 6 ≤ Х < 9 Д) -6 < Х ≤ 9
5.Егер а < в болса,онда
А). а мен в-ның айырмасы оң сан;
В). а мен в-ның айырмасы теріс сан;
С). а мен в-ның айырмасы 0-ге тең;
Д). а мен в-ның айырмасы болмайды.
Жауаптары:
-
А
-
С
-
С
-
В
-
В
ҮІІ. Бағалау, Бекіту
5.Өздік жұмыс.
Логикалық есептер