7


  • Учителю
  • Разработка по математике на тему Десятичные дроби

Разработка по математике на тему Десятичные дроби

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

5 «а» сыныбы математика пәні

Сабақтың тақырыбы: Ондық бөлшектерді қосу және азайту.

Оқыту мақсаты: Оқушылардың ондық бөлшектерді қосу және азайту тақырыбы бойынша білім дәрежесін анықтап, алған білімдерін тиянақтап, қорытындылау , көшбасшы болуға ынталандыру.

Оқу мақсаты: Ондық бөлшектерді қосу және азайтуды орындай алады; Ондық таңбаларды танып, үлестер разрядтар бірліктерін атай алады; Ондық бөлшектерді қосудың заңдылықтарын пайдалана отырып, есептер шығарады; Жай бөлшекті ондық бөлшекке, ондық бөлшекті жай бөлшекке айналдыра алады; Ондық бөлшектерді координаталық сәуледе кескіндеп, салыстыра алады.

Дамытушылық мақсаты: Ойлау , есте сақтау қабілетін, қарапайым ұғымдардан күрделіге қарай дамытуға бағыттау.

Тәрбиелік мақсаты: Топтық жұмыс арқылы ұйымшылдыққа, бір-бірінің пікірін сыйлауға, ынтымақтастық қарым-қатынасқа,батыл шешім қабылдап, өз ойын ашық айтуға тәрбиелеуге ықпал ету.











Сабақтың кезеңдері





Мұғалімнің іс-әрекеті



Оқушының іс-әрекеті



Күтілетін нәтиже



бағалау



ресурс

1





Ұйымдастыру кезеңі

(2 минут)

Оқушылармен амандасу. Сабақта қалыпты жұмыс істеуге мүмкіндік жасау. Оқушыларды психологиялық дайындау. Оқушылардың көңіл күйін сұрау. Бас бармақ әдісі арқылы.Оқушылардың назарын сабаққа аудару. Сабақтың жалпы мақсатын ашу.

Амандасу. Өз көңіл күйлерін бас бармақпен көрсету.

Әр оқушы көңіл күйін бас бармағымен көрсетеді.





2





Негізгі бөлім

Таныстыру

(2 минут)

Төрт топпен таныстыру. Әр топтың жанында тұратын бақылаушылармен таныстыру. ХХІ ғасыр көшбасшысы ойынының шартымен таныстыру. Келген қонақтардан 5 әділ қазылар алқасын сайлау. Орындарына отырғызу. Келген қонақтарға 20 екі таңбалы сандарды жазуды тапсыру.

Оқушылар мұқият тыңдайды.

Ойынның шартымен танысады.



Слайд, экран,

проектор, флипчарт

3





«Көкпар» сайысы

(5 минут)

Көкпар ойыны туралы не білесің?

«Иә» немесе «жоқ» деген сұрақтарға жауап беретін сұрақтар қойылады. 10 сұрақ

Топпен ақылдасып, әр топтан бір оқушыдан «иә» немесе «жоқ» деген жазуы бар қағазды көтереді. 10 сұраққа жауап береді.

10 сұраққа да дұрыс жауап береді

1 дұрыс жауапқа 1 ұпай

Барлығы 10 ұпай

Слайд, экран, проектор, «иә» , «жоқ» деген жазуы бар парақ

4

«Мергендер» сайысы

(8 минут)

Нысана ойыны туралы не білесіңдер?

Әр топқа 5 есептен таратпа қағаздар таратылады. Нысананың тура ортасына апарып есептің дұрыс жауабын жабыстырып қояды. Бақылау.

Таратпа қағаздағы 5 есепті шығарып, жауабын стикерге жазып, нысанаға жауаптарының дұрыстығына сәйкес жабыстырады. Бақылаушылар тексереді.

Есептерді шығарып, жауаптарын стикерге жазып, нысанаға апарып жабыстырады.

5 есеп - 10,

4 есеп-9,

3 есеп -6,

2 есеп-5

1 есеп -4 (ұпай)

Нысана, стикер, маркер, қалам, таратпа қағаздар.

5

«Теңге алу» сайысы

(5 минут)

Теңге алу ойыны туралы не білесіңдер?

А3 параққа сәйкестік тест дайын жазылған оқушыларға ұсынылады.

Сәйкестік тест тапсырмаларын топпен ақылдасып, орындап, тексереді. Бақылаушы шешімінің дұрыс не қате екенін айтады.

Сәйкестік тест тапсырмаларын орындайды.

10 сұрақ -10 ұпай

А3 параққа жазылған тест тапсырмалары.

4

Сергіту сәті

(3 минут)

Қонақтардың жазып берген екі таңбалы сандарын ауызша қостыру. Денелерімен ондық бөлшектерді жаздыру.

Ауызша тез 30 секундта қосады. Денелерімен айтылған ондық бөлшектерді жазады.

Ауызша сандарды қоса алады.



Таратпа қағаздар

5

«Бәйге» сайысы

(10 минут)

Бәйге жарысы туралы не білесің?

5 , 15, 25 шақырымдарға сәйкес деңгейлік тапсырмалар беріледі.

А,В,С деңгейінің есептерін таңдап алып шығарады. Әр деңгейге сәйкес ұпайларын алады. Бақылаушы есептерін тексеріп тұрады.

А,В,С деңгейінің есептерін шығарады.

А- 5 ұпай

В-15 ұпай

С-25 ұпай

Таратпа қағаздар, слайд, проектор, экран

6

«Ақсүйек» сайысы

(7 минут)

Ақсүйек ұлттық ойыны туралы не білесіңдер?

Үрленген шарлардың ішінде есептер болады, кейбір шарларда жоқ, сондықтан шарларды жарып, ішіндегі есептерді шығарып, ұпайын алу керек.

Үрленген шарды жарып, ішіндегі есепті шығарып, сәйкес ұпай алады.

Шарларды жарып, есептерді тауып, шығарады.

Әр есептің ішінде өз ұпайы болады.

Шарлар, шардың ішіне есептер

7

Қорытындылау

(3 минут)

Оқушыларды марапаттау

Әділқазыларға сөз беру. Бағалау.

Оқушылар марапатқа ие болады.

ХХІ ғасыр көшбасшысы анықталады.



Мадақтама қағаздары.





«Көкпар» сайысы.

  1. Бөлімдері 2 және 5 сандарынан ғана тұратын жай бөлшек ондық бөлшекке айнала алады. (иә)

  2. Үтірден кейінгі цифрларды ондық таңбалар дейді? (иә)

  3. Үтірдің оң жағына берілген бөлшектің бөлімін жазу керек. (жоқ, алымын)

  4. Бірліктен де кіші разряды бар ондық жүйеде жазылған сан ондық бөлшек деп аталады. (иә)

  5. Дұрыс бөлшектің бүтін бөлігі 2 болады. (жоқ)

  6. 25,1258 санындағы 5 жүздік үлесте тұр. (жоқ, мыңдық)

  7. Үтірге дейінгі цифрлар жай бөлшектің бүтін бөлігіне жазылады. (иә)

  8. Координаталық сәуледе үлкен ондық бөлшек оң жақта, ал одан кіші бөлшек сол жақта кескінделеді. (иә)

  9. Ондық бөлшектерді салыстырудың 3 тәсілі бар. (иә)

  10. Ондық бөлшектерді қосқанда немесе азайтқанда аттас разрядтар бірінің астына бірі , үтірдің астына үтір жазылып, қосып азайтылады. (иә)

«Мергендер» сайысы.

  1. Сандар тізімінің ішіндегі ең үлкен сан мен ең кіші санның қосындысын табыңдар: 1,25; 25,1; 2,8; 4,08; 4,5

  2. Х+0,64=44,2 теңдеуінің шешімін табыңдар

  3. есептеңдер

  4. есептеңдер.

  5. , мұндағы а =5,003; в = 3,02

«Теңге алу» сайысы

Жай бөлшектер Ондық бөлшектер

,,,,,,,,, 0,05; 4,125; 12,6; 0,28; 4,06; 0,088; 0,9; 0,06; 0,0003; 2,013

«Бәйге» сайысының тапсырмалары

5 шақырымның есептері.

  1. х+15=455,9 теңдеуді шешіңдер

  2. Берілген тізімдегі барлық сандардың қосындысын табыңдар.

31,5; 20; 4,82

10 шақырымның есептері.

  1. Квадраттың периметрі 45,2 см. Екі қабырғаларын 2,5 см -ге арттырып, пайда болған тіктөртбұрыштың периметрін тап.

  2. Дүкеннен алма мен банан сатып әкелінді. Алманың массасы 2,35 кг, ал бананның массасы одан 0,2154 кг- ға жеңіл. Барлығы алма мен баннанның массасы қанша килограмм.

  1. шақырымның есептері.

  1. Сым 4 бөлікке бөлінді. Бірінші бөлік екіншіден 1,3 м-ге артық және үшіншіден 4,1 м-ге кіші. Екінші бөлік төртіншіден 1,6 м кіші. Егер төртінші бөліктің ұзындығы 6,4 м болса, сымның барлық ұзындығын табыңдар.

  2. теңдеуін шешіңдер



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал