- Учителю
- Сабақ жоспары 'Ең кіші ортақ еселік'
Сабақ жоспары 'Ең кіші ортақ еселік'
Сабақтың тақырыбы: Ең кіші ортақ еселік
Мақсаты мен міндеттері:
Дамытушылық: Сандар туралы білімдерін дамыту.
Білімділік: Ең кіші ортақ еселікті бекіту. Сандардың бөлінгіштігін жалпылау. Сандардың бөлінгіштігіне берілген есептерді алгебралық тәсілдермен шығару дағдыларын қалыптастыру. Матемаматикалық сөйлеу мәдениетіне үйрету.
Тәрбиелік: Творчестволық құлшынысқа, өз ойын еркін дәлелдеп жеткізе білуге тәрбиелеу.
Сабақтың құрылымы:
I. Ұйымдастыру кезеңі
II. Өтілген сабақты еске түсіру.
III. Өтілген материалдарды бекіту.
IV. Сабақты қорытындылау және оқушыларды бағалау.
V. Үйге тапсырма.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі (мотивация беру)
ІІ. Жеке жұмыс.
Бірінші аялдама - «Ауызша сұрақтар» аялдамасы. Оқушылардың теориялық білімдерін тексеру мақсатында ауызша сұрақтар беріледі:
-
Қандай санды берілген натурал санның бөлгіші деп атайды?
-
Натурал санның ең кіші бөлгіші?
-
Натурал санның ең үлкен бөлгіші?
-
Қандай санды берілген натурал санға еселік деп атайды?
-
Берілген натурал санның ең кіші еселігі?
-
Берілген натурал санға еселік санды қалай табады?
-
Қосындының берілген натурал санға бөлгіштігін қалай білеміз?
-
Қандай жағдайда көбейтінді берілген натурал санға бөлінеді?
-
Қандай цифрларды жұп цифрлар деп атайды?
-
Қандай цифрларды тақ цифрлар деп атайды?
-
Қандай сандар 2-ге бөлінеді?
-
Қандай сандар 5-ке бөлінеді?
-
Қандай сандар 10-ға бөлінеді?
-
Қандай сандар 3-ке бөлінеді?
-
Қандай сандар 9-ға бөлінеді?
-
Жай сандар деп қандай сандарды айтады?
-
Құрама сандар деп қандай сандарды айтады?
-
1 саны қандай сан?
-
Құрама сандарды жай көбейткіштерге жіктеу дегеніміз не?
-
Құрама сандарды жай көбейткіштерге қалай жіктейміз?
-
Берілген сандардың ең үлкен ортақ бөлгіші деп қандай санды айтады?
-
Өзара жай сандар деп қандай сандарды айтады?
-
Берілген натурал сандардың ең кіші ортақ еселігі деп қандай санды айтады?
Оқушылардың формулалардың мағынасын түсініп, орынды қолдана білулеріне ықпал ету мақсатында «Формулалар әлеміне саяхат» аялдамасы алынады.
Мұғалім: Екінші аялдама - «Формулалар әлеміне саяхат» аялдамасы. Мына формулалардың мағынасын түсіндіріңдер:
• (a+b):c=a:c+b:c
• (a-b):c=a:c-b:c
• (a*b):c=(a:c)*b
• (a*b):c=a*(b:c)
• a:(b*c)=(a:b):c
Оқушылардың есептеу жылдамдықтарын арттыру мақсатында «Ауызша есептеулер аялдамасы» алынды.
Мұғалім: Үшінші аялдама - «Ауызша есептеулер» аялдамасы. Бұл аялдамада ауызша есептеуге есептер беріледі:
ІІІ. Оқушылардың өткен сабақты игеру деңгейлерін тексеру және оларды жан-жақты дамыту мақсатында «Тапқырлық» аялдамасы алынды.
Топтық жұмыс: Мұғалім: Төртінші аялдама - «Тапқырлық» аялдамасы. Бұл аялдамада есеп берілген сол есептерді дұрыс шешу арқылы ізделінді сөзді табу керек.
Есеп: Жер бетінде жаздың ауа райын қатесіз анықтауға мүмкіндік беретін құстар өмір сүреді. Бұл құстар ұяларын конус тәріздес етіп соғады: егер ұяларын биік етіп соқса - жаздың жаңбырлы болатынын; аласа етіп соқса - жаздың құрғақ болатынын білдіреді. Берілген есептерді дұрыс шығарсақ сол құстың аты шығады.
№
Тапсырмалар
Жауабы
Сәйкес келетін әріп
1
ЕҮОБ(102;238)
25
И
2
5 пен 7 цифрларын пайдаланып неше үш таңбалы сан жазуға болады? Оларды жазып көрсет.
1
Н
3
Асқар 15 сәбізді неше ең көп дегенқоянға тең бөліп бере алады?
6
Л
4
ЕКОЕ(72,180)
15
А
5
Мен бір сан ойладым. Оны 3-ке көбейтіп, нәтижесіне 19-ды қосқанда, қосынды 94-ке тең болды. Мен қандай сан ойладым?
34
ф
6
3-ке еселік сандардың ең кішісін тап: 6*233
3
О
7
Қыры 12 cм кубтың ішіне қыры 3 см неше кубты орналастыруға болады?
360
М
8
Екі санның көбейтіндісі бірінші көбейткіштен 3 есе артық. Екінші көбейткішті тап.
64
Г
Оқушылар есепті дұрыс шығарса төмендегі сөз шығуы тиісті:
Оқушылардың теориялық білімдерін есептер шығару барысында қолдана алу деңгейін тексеру мақсатында«Қате тұжырымды анықтау» аялдамасы алынды.
Мұғалім: Төртінші аялдама - «Қате тұжырымды анықтау» аялдамасы. Бұл аялдамада тұжырым ақиқат па, әлде жалған ба, соны анықтаулары керек және де ақиқат тұжырым 1 санымен, жалған тұжырым 0 санымен өрнектеледі.
-
Егер сан 3-ке бөлінсе, ол сан 9-ға да бөлінеді.
-
1 cаны жай санға да, құрама санға да жатпайды.
-
Барлық жай сандар тақ.
-
120005 құрама сан.
-
147 адамды үш командаға тең бөлуге болады.
-
Егер қосылғыштардың біреуі берілген санға бөлінсе, қосынды да сол санға бөлінеді.
-
Егер көбейткіштердің біреуі берілген санға бөлінсе, көбейтінді де сол санға бөлінеді.
Жауабы: 0101101
Оқушылардың ең үлкен ортақ бөлгіш пен ең кіші ортақ еселік тақырыптарына берілген мәтін есептерді тануға және оны шығаруға үйрету мақсатында «Танымдық» аялдамасы алынды.
Топтық жұмыс.
Мұғалім: Бесінші аялдамамыз - «Танымдық» аялдамасы. Бұл аялдамада ең үлкен ортақ бөлгіш пен ең кіші ортақ еселікке есеп берілген Сол есептерді тани білу және шығару.
1 есеп: Ұзындығы 48 cм, ал ені 40 см болатын тіктөртбұрыш тәріздес картонды ешқандай қиынды қалмайтындай етіп қабырғасы ең үлкен болатындай қанша бірдей квадраттарға бөлуге болады?
2 есеп: Базарға әкелінген қарбыздарды он-оннан санасақ та, он екі - он екіден санасақта ешқандай қарбыз артық қалмайды. Базарға ең аз дегенде неше қарбыз әкелінді?
Оқушылардың сандар туралы білімдерін және логикасын дамыту мақсатында «Логика» аялдамасы алынады.
Олимпиадалық есептер:
Мұғалім: Алтыншы аялдама: «Логика» аялдамасы. Бұл аялдамада логикалық және олимпиадалық есептер шығарамыз.
• Бір кісі кадь сусынын 14 күн, ал әйелімен екеуі осы сусынды 10 күн ішеді. Ал әйелі осы сусынды өзі ғана ішсе, неше күн ішеді?
• Евклид алгоритмін қолданып сандардың ең үлкен ортақ бөлгішін табыңдар:
• 5 санынан басталып, әр түрлі цифрлардан құралған 9-ға бөлінетін алты таңбалы санның ең кішісін табыңдар.
• Алты таңбалы санның бірінші цифры төртіншімен сәйкес, екіншісі бесіншімен сәйкес, ал үшіншісі алтыншымен сәйкес келеді. Осы сандардың 7-ге, 11-ге және 13-ке бөлінетінін дәлелдеңдер.
ІҮ. Cабақты қорытындылау, рефлексия.
Мұғалім: Саяхат барысында нені еске түсірдік?
Оқушылар: Ең үлкен ортақ бөлгішті табуды, ең кіші ортақ еселікті табуды және сандардың бөлінгіштігін еске түсірдік.
Мұғалім: Неге үйрендік?
Ү. Үй тапсырмасы: 7-тақырып, №190, 193, 204.
ҮІ. Оқушылардың білімін бағалау.