- Учителю
- Математика сабағына ашық сабақ 'Екі айнымалысы бар сызықтық теңдеулер жүйесін шешу' (6 класс)
Математика сабағына ашық сабақ 'Екі айнымалысы бар сызықтық теңдеулер жүйесін шешу' (6 класс)
Сабақтың тақырыбы: . «Екі айнымалысы бар сызықтық теңдеулер жүйесін шешу»
Мақсаты:
Білімділік: Оқушылардың «Екі айнымалысы бар сызықтық теңдеулер жүйесін шешу» тарауы бойынша алған білімдерін коррекциялау
Дамытушылық: Тақырып бойынша алған жалпы теориялық білімдерін практикада ұтымды қолдануын дағдыландыру
Тәрбиелік: Өзара сыйласу, бір-біріне дұрыс көмек беру, жанашырлық, уақытты ұтымды қолдана білу, іздену қасиеттерін бойында тереңдету.
Сабақтың түрі: қайталау сабағы
Сабақтың әдістері: Практикалық
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, үлестірме қағаз, , дидактикалық материалдар
Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі:
а) Сәлемдесу
ә) Оқушылар тізімін тексеру
б) Сабақтың мақсатымен таныстыру.
Білімді жан-жақты тексеру: Әртүрлі әдістермен оқушылардың өтілген материалдар ды меңгеру сапасы мен көлемін тексеру, анықтау, оқушылардың ойлау қабілетін тексеру, білім, білік, дағдыларын бағалау.
Үй тапсырмасын тексеру: Сұрақтар шеңбері. (әр топ шеңберге айлыны бойы сұрақтар жазып келесі топқа береді, келесі топ сұрақтаға жауап беріп қайтарады. Сұрақтарға жауап тексеріліпбағаланады).
Анықтама стратегиясы:
-
Екі айнымалысы бар сызықтық теңдеулер
-
Екі айнымалысы бар сызықтық теңдеулер жүйесін алмастыру тәсілімен шешу.
-
Екі айнымалысы бар сызықтық теңдеулер жүйесін қосы тәсілімен шешу.
Эстафета
І топ: 1. Теңдеулер жүйесінің шешімі болатын нүктенің координатасын тап:
а) б)
ІІ топ: Теңдеулер жүйесін қосу тәсілімен шешіңдер:
а) б)
ІІІ топ: Теңдеулер жүйесін алмастыру тәсілімен шешіңдер:
а) б)
тест жұмысы:
Алмастыру тобы:
1. 8х + у = -4 сызықтық теңдеудегі у-ті х арқылы өрнектеңдер.
А) у = -4 + 8х; B) y = 4 - 8x; C) y = -4 - 8x; D) y = 8x + 4.
2. 3х - 2у = 4 теңдеуінің шешімі болатын сандар жұбын таңдап алыңдар.
А) (-2;1); B) (-2;-5); С) (3;0); D) (2;5).
Қосу тобы:
1. х - 5у = 12 сызықтық теңдеудегі х-ті у арқылы өрнектеңдер .
А) х = 5у + 12; B) -5y - 12 = -x; С) х = 12 - 5у; D) x = -12 - 5y.
2. -2х - у = 4 теңдеуінің шешімі болатын сандар жұбын таңдап алыңдар.
А) (-2;-8); B) (-1;-2); C) (3;10); D) (1;2).
Алмастыру тобы:
x= 5-4 =1 Жауабы: (1; 2)
Тексеру:
Сабақтың қорытындысы, оқушыларды бағалау
Д Е С К Р И П Т О Р
№
Бағалау өлшемдері
Балы (1,2,...10)
1
Мен берілген тапсырмаларды орындадым
2
Топтық жұмыста мен ой қостым
3
Топтық жұмыста мен жауап бердім
4
Топқа менің ойым көп көмектесті
5
Практикалық жұмысты өзім жасадым
Үй тапсырмасы: қосымша үлестірме
Кері байланыс: үш беті күнделік
Нені білдім?
Нені білгім келеді?
Нені білмедім?