7


  • Учителю
  • Координаталық түзу. Координаталық түзу бойында рацмонал сандарды кескіндеу.

Координаталық түзу. Координаталық түзу бойында рацмонал сандарды кескіндеу.

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Валиева Рита математика

Күні

Тақырыбы


Координаталық түзу.Координаталық түзу бойында рацмонал сандарды кескіндеу.

Мақсаты


Берілген санға координаталық түзуде бір ғана нүкте сәйкес келетінін ұғындыру арқылы білім беру

Күтілетін нәтиже

А) координаталық түзуде оң бағыт пен теріс бағытты ажырата біледі..

В) Есептер шығаруда координаталық түзу бойынан оң сандар мен теріс сандардың кескінделуін көрсете алады.

С) координаталық түзу бойынан нүктенің координатасын анықтап ,қорытынды жасайды.

Дереккөздер, құрал-жабдықтар

АКТ,оқулық,интерактивті тақта,

Сабақтың кезеңдері

Мұғалім әрекеті

Оқушы әрекеті

Кіріспе


Оқушылармен амандасу. Сыныптағы ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру мақсатында сергіту сәтін музыка әуенімен орындайды.

Сабақтың ұстанымы..

Білімге жетелейтін үш жол бар:

Еліктеу жолы - ең жеңіл жол,

Ойлау жолы - ең игілікті жол,

Тәжірибе жолы - ең қиын ащы жол.

Конфуций.


Оқушыларды сандар бойынша топқа бөлу.


Үй тапсырмасын бірін-бірі бағалау әдісімен тексеру,интерактивті тақтадағы дұрыс жауаптарымен сәйкестендіру.

Мұғаліммен амандасады. Оқушылар көңіл күйлерін көтеріп, би билейді

.

Топтарға бөлінеді.


Үй тапсырмасын дәптерлерін алмастыру арқылы бірін-бірі тексеріп бағалайды,интерактивті тақтадағы дұрыс жауаптары арқылы сәйкестендіреді.

Тұсаукесер


Жаңа тақырыпты өздері игеруге көмектесу.

Интерактивті тақта көмегімен оқушыларға екі баланың қарама-қарсы жүріп бара жатқан суретін беру.

Тапсырма беру.

Маршруттық карта бойынша тапсырманы орындау.


Маршруттық карта

-Координаталық сәуле сыз. Бірлік кесінді 1см-1м.

-Координаталық сәуленің санақ басы 0 нүктесін белгіле.

-Асанның жүгіру бағытын "оң бағыт" деп есепте. Оның 1 сек жеткен қашықтығына сәйкес нүктені тауып, оң санмен өрнекте.

-Үсеннің жүгіру бағыты Асанның жүгіру бағытына қарама-қарсы болғандықтан басталу нүктесі ортақ сәулені сызыңдар.

-Үсеннің жүгіру бағытын "теріс бағыт" деп есепте. Оның 1 сек жеткен қашықтығына сәйкес нүктені тауып, теріс санмен өрнекте

Топ мүшелері маршруттық карта бойынша тапсырманы жеке орындап, топпен талқылайды.


Оқушылар координаталық түзу бойындағы О нүктесінен оң бағытта оң санды, оған қарама-қарсы бағытта теріс санды кескіндеуді үйренеді.

Негізгі бөлім


Диалогтық оқыту.

Топтарға тапсырма беру.

Оқулықпен жұмыс. Жаңа тақырыпты "Ойлан, жұптас, бөліс" әдісі бойынша топпен талқылау.

  • Координаталық түзудің анықтамасын беру

  • Координаталық түзу бойына оң сандар мен теріс сандарды кескіндеу

  • Берілген санға координаталық түзу бойында бір ғана нүкте сәйкес келетінің түсіндіру.

Сыни ойлауын дамыту.

Электронды оқулықпен жұмыс.

Жұпта мәтінмен жұмыс.

Оқушыларға кейбір әріптері жоғалған мәтінді тарату.

1.Берілген санға координаталық түзу бойында

****ғана нүкте сәйкес келеді.

2.Координатапық түзудің О нүктесінен *** бағытта оң сандар, сол бағытта*** сандар кескінделеді.

3.Координаталық түзу бойында О саны *** нүктесімен кескінделеді.

4.Координаталық түзу дегеніміз санақ басы болатын О нүктесі және ***кесіндісі таңдап алынған ,*** бағыты көрсетілген түзу.

Берілген тапсырманы жұптасып талдайды, бір-біріне түсіндіреді, қорытынды жасайды.


Постер құрады. Постерлерін бір-бірімен алмастырып, басқа топтардың мәліметтерімен толықтырады.

Постердегі өздерінің идеялары мен қосқан мәліметтерді бір оқушы оқиды.


Оқушылар жұпта толықтырады.

Сосын әр топ алмасып, бір-бірін толықтырады.

Қорытынды


Жас ерекшеліктеріне сай деңгейлік тапсырмалар.

Оқушыларға оқулықтан есептер беріледі.

А деңгейінің есебі-ақ түсті.

I топ №307

II топ №308

III топ №309

IV топ №310

В деңгейінің есебі-сары түсті.

№311 №314

С деңгейінің есебі-көк түсті.

№321

Оқушыларға жаңа тақырып бойынша сұрақ қою.

1.Қандай сандар оң сандар , теріс сандар деп аталады.?

2.Оң сандар ,теріс сандар координаталық түзудің қай жағында орналасқан?

3.Қандай сан оң санға да, теріс санға да жатпайды?

4.Координаталық түзу легеніміз не?

5..Санақ басы болатын О нүктесінің координатасы неге тең?

«БББ»кестесін беру.

Бағалау.Жұптардың бағаларын талдау, қорытынды бағаны шығару.

Оқушылар таңдаған қағаздарының түсі бойынша есептерін жеке орындайды, топпен талқылайды. Топтан бір оқушы тақтада шығарады.


Оқушылар тапсырманы орындайды, сұрақтарға жауап береді.

Оқушылар кестені толтырады.

Үй тапсырмасы:

№323 Координаталық түзу.


Сабақтың талдауы


Бұл сабағыма жеті модульді ықпалдастыра отырып құрдым. Сабағымда оқытудың жаңа әдіс-тәсілдерін,Блум таксономиясы бойынша құрылған сұрақтар, АКТ, оқушылардың жас ерекшелігін ескере отырып деңгейлік тапсырмалар, формативті бағалауды қолдандым. Сабағым мақсатына жетті деп ойлаймын.Оқушылардың барлығы сабаққа қызығушылықпен, белсенділікпен қатысты. Бұл сабақта жеткен жетістігім оқушылар өз қабілеттеріне қарай деңгейлік тапсырмаларды орындай білді, координаталық түзу бойына нүктелерді белгілеп салуда зерттеушілік әңгіме жүріп, оқушылар ккоординаталық түзуді актив студио мүмкіндіктерін пайдаланып сала білді. Жетілдіретін тұстарым, жоғары дәрежелі сұрақтар қоя білу дағдыларын, уақытты тиімді пайдалануды.

Сабақ бойынша өзгертулер





 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал