- Учителю
- Разработка урока по алгебре на тему: 'ТРИГОНОМЕТРИЯЛЫҚ ӨРНЕКТЕРДІ ТҮРЛЕНДІРУ және ТЕҢБЕ-ТЕҢДІКТІ ДӘЛЕЛДЕУ'
Разработка урока по алгебре на тему: 'ТРИГОНОМЕТРИЯЛЫҚ ӨРНЕКТЕРДІ ТҮРЛЕНДІРУ және ТЕҢБЕ-ТЕҢДІКТІ ДӘЛЕЛДЕУ'
АЛГЕБРА 9 сынып
Сабақтың тақырыбы: Тригонометриялық өрнектерді
түрлендіру және теңбе-теңдікті дәлелдеу
-
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: 1.Оқушыларға есептер шығаруда, өрнектерді ықшамдауда негізгі тригонометриялық теңбе-теңдікті қолдана білуге үйрету;
2.Оқушылардың өтілген тақырыптардан алған білімдерін тиянақтап, оны еске түсіру.
Дамытушылық: Оқушылардың білімге деген құштарлықтарын арттыру, тригонометриялық өрнектерді есептеу арқылы ой-өрістерін дамыту.
Тәрбиелік: Оқушыларды ұйымшылдыққа, жауапкершілікке, шапшаңдыққа тәрбиелеу;
-
Сабақтың түрі: «Математикалық ралли» танымдық ойын-сабақ
және «Миллионды кім алады?» тест-ойын;
-
Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақта, компьютер, проектор, түрлі-түсті слайдтар, ойын-сабаққа қажетті машиналар, презентация, «Миллионды кім алады?» ойын-тест
-
Сабақтың кезеңдері:
-
Тренинг;
-
Біліктілік;
-
Жаңа сабақ;
-
Тақтамен жұмыс;
-
«Миллионды кім алады?»
-
Ойлау
-
Сабақтың жоспары:
-
1-кезең. «Айналамен танысу».
-
2-кезең. «Жарыс картасын құру».
-
3-кезең. «Аялдама».
-
4-кезең. «Қиылыстардағы жарыс».
-
5-кезең. «Кездейсоқ аялдама- апат».
-
6-кезең. «Мәре».
-
7-кезең. «Қорытынды».
Ойын карталары: Көк - 2 ұпай, Күлгін - 3 ұпай, Жасыл - 4 ұпай, Қызыл - 5 ұпай, және сары - айып картасы.
-
Сабақтың барысы:
-
1. Ұйымдастыру. Кабинеттің ашық сабақ өткізуге лайықты болуына, сынып оқушыларының түгелдігіне және сабаққа дайындығына көз жеткіземіз.
-
2. Тренинг.
«Айналамен танысу»
Үй тапсырмасын тексеру мақсатында бірнеше сұрақтарға жауап алу. Жауаптары анимация арқылы жасырылған слайд -тест, компьютерден проектор көмегімен экран-тақтадан көрсету. Дұрыс жауап берген оқушыларға ұпай беріледі.
-
Тригонометриялық функциялалардың қандай қасиеттерін білесіңдер?
Таңба ережелері, жұп-тақтығы, периодтылығы
2) Қандай тригонометриялық формулаларды білесіңдер?
Келтіру формулалары, негізгі теңбе-теңдіктер, қосу формулалары, қос бұрыштың формулалары және жарты бұрыштың формулалары.
-
Бір радиандык бұрыш деп . . . тен болатын доғамен керілген центрлік бұрышты атайды.
А) шеңбер ұзындығына; В) диаметр ұзындығына; С)хорда ұзындығына;
Д) радиус ұзындығына;
4) Координаталар бас нүктесі мен шеңбердің нүктесін қосатын векторды қалай атайды?
А) радиус-вектор; В) ортогональ-вектор; С) координат-вектор; Д) бұрыштық-вектор
5) Өрнектердің кайсысының мағынасы жоқ?
A) ctg 180o; B) cos 180o; C) sin 180o; D) tg 180o;
6) Төмендегі бұрыштардың қайсысы ІІІ ширекте жатады?
A) - 185o; B) 380o; C) - 40o; D) 235o;
-
«Біліктілік»
Жарыс картасын құру.
Өткен тақырыпты тексеру мақсатында бірнеше сұрақтарға жауап алу. Жауаптары анимация арқылы жасырылған кесте - слайд және слайд -тест, компьютерден проектор көмегімен экран-тақтадан көрсету. Дұрыс жауап берген оқушыларға ұпай беріледі.
-
Мына өрнектерді өз бағандарына жаз.
9200 бұрышы қай ширекте?
12400 бұрышы қай ширекте?
72850 бұрышы қай ширекте?
ІІІ
ІІ
І
-
Мына өрнектерді өз бағандарына жаз.
sin(-500)өрнегінің таңбасы
сtg 2400 өрнегінің таңбасы
Сos12500 өрнегінің таңбасы
-
+
-
3) ҚАНДАЙ ФОРМУЛА ҚОЛДАНЫЛҒАН?
А) Қосу формуласы; B)келтіру формуласы; C)Негізгі тепе-теңдік;
D)Азайту формуласы
4) Қандай тригонометриялық формула?
А) Қосу формуласы; B)келтіру формуласы; C)Негізгі тепе-теңдік;
D)Азайту формуласы
-
Аялдама.
Жаңа - сабақ
Жаңа сабақты компьтерден проектор көмегімен экран-тақтадан слайдтар арқылы көрсетіп - түсіндіру. Анимациялық түрлендірулер пайдалану.
Негізгі тригонометриялық теңбе- теңдіктер
; ; tg ctg = 1
;
1 мысал: sincos2(1+tg2) + cossin2(1+ctg2) өрнегін ықшамдайық
sincos2(1+tg2) + cossin2(1+ctg2) =sincos2(1/cos2)+cossin2(1/sin2)=sin+cos
2-мысал: 2(sin6+cos6) - 3(sin4+cos4) өрнегін ықшамдайық
-
формуланы квадраттау арқылы түрлендіреміз
1=(cos2 + sin2)2 = cos4 +2cos2 sin2+ sin4
Осыдан: cos6 +sin6= (cos2)3 + (sin2)3 = (cos2 + sin2)(cos4 - cos2 sin2+ +sin4) = cos4 - cos2 sin2+ sin4 =1 - 2cos2 sin2 - cos2 sin2= 1 - 3cos2 sin2
Онда берілген өрнекті былай түрлендіреміз:
2(sin6+cos6) - 3(sin4+cos4) =
=2(1 - 3cos2 sin2) - 3(1 - 2cos2 sin2) = =2 - 6cos2 sin2 - 3 + 6cos2 sin2 = - 1
-
Кездейсоқ апат.
Тақтамен жұмыс:
№ 422, №423 есептерді интерактивті тақтаға және негізгі тақтаға шығару арқылы;
Есептерді дұрыс шығарған, өрнектерді ықшамдауды орындаған оқушыларға сәйкесінше ұпайлары беріледі.
-
Қиылыстардағы жарыс:
«Миллионды кім алады?» тест-ойыны.
Өткен тараулардан білімдерін тексеру мақсатында «Миллионды кім алады?» ойынының желісін пайдаланып, тест сұрақтарын беру
Жауаптары анимация арқылы жасырылған слайд -тест, компьютерден проектор көмегімен экран-тақтадан көрсету. Дұрыс жауап берген оқушыларға ұпай беріледі.
1-сұрақ. Мүшелерін нөмірлеп шығуға болатын шексіз сандар жиыны калай аталады? (сан тізбегі)
2- сұрақ. Арифметикалық прогрессияның n-ші мүшесінің формуласы
(an = a 1+ d(n-1);)
3-сұрақ. Арифметикалық прогрессияның n мүшесінің қосындысының формуласы: ( S = ;)
4- сұрақ. Геометриялық прогрессияның n-ші мүшесінің формуласы
;)
5 - сұрақ. Геометриялық прогрессияның n мүшесінің қосындысының формуласы: (;)
6-сұрақ. Тізбектің кез келген мүшесін (белгілі нөмірден бастап) алдыңғы мүшелері арқылы анықтайтын тәсілді қалай атайды? (Рекуренттік)
-
Мәре.
Оқушыларды бағалау.
Ойын барысында жинаған карталары бойынша бағаларын анықтау.
Үйге тапсырма: оқулықтан №424 есепті шығарып келу, және
«Тригонометрияның даму тарихы» туралы реферат жазу.
-
Ойлау.
Қорытындылау.
Сабаққа жақсы қатысып, мейлінше көп карта жинаған оқушыларды марапаттау рәсімі ретінде, сыйлыққа ойыншық машиналар беру.