7


  • Учителю
  • Пропорция тарауын қайталауға арналған жаттығулар. 6 Cынып

Пропорция тарауын қайталауға арналған жаттығулар. 6 Cынып

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

ШҚО Семей қаласы

«№ 42 жанында интернаты бар жалпы орта білім беретін мектеп» КММ

Математика пәні мұғалімі: Нурхасымова А.Е.

Сынып: 6


Тақырыбы

Пропорция тарауын қайталауға арналған жаттығулар


Мақсаты

Есеп шығару арқылы есептердің оқып, мазмұнын ашу арқылы түсініктер қалыптасады


Жалпы мақсат

Тақырып бойынша ойларын айқын тұжырымдайды; Диалогтік оқытудағы жоғары және төменгі мәртебелі сұрақтарды қойып үйренеді. Оқушының сыни ойлауы қалыптасады


Міндеттер


  • Оқушылардың алған білімдерін жүйелеу

  • Тақырып бойынша ой-қорытындылар жасау

  • Күнделікті өмірде қолдана білу, мәндерін ажырата білу


Мұғалім үшін оқу нәтижелері

  • Оқуға бағыт-бағдар беру;

  • Топта жұмыс істеу арқылы аталған тақырыпты меңгеріп шығу;

  • Оқушылардың өзін және достарын бағалау мүмкіндіктерін жасау;

  • Оң және теріс сандарды ажырата білуді үйрете отырып, білім негізін қалау


Күтілетін нәтиже

Есептерді шығару арқылы салыстыру ережелерін меңгереді салыстыруға есептер шығаруда пайдалана алады.

Өздерін және сыныптастарын бағалай алады.


Сабақтың түрі, әдіс тәсілдері

Жұпта жұмыс істеу, диалогтік оқыту, сыни тұрғыдан ойлау, өзін-өзі бағалау, топпен жұмыс, сұрақ-жауап, талдау, қорыту, деңгейлеп саралап оқыту

Сабақтың көрнекілігі

видеопроектор, тақырыпқа сай слайдтар, видеокамера, фотоаппарат, үлестірме парақтар, топтық тапсырмалар жазылған плакаттар, бағалау парағы, көңіл-күй дидары

Қолданылатын ресурстар


маркерлер, тақта, стикерлер, тақырыпқа сай слайдтар, видеокамера, үлестірме парақтар, топтық тапсырмалар жазылған плакаттар, бағалау парағы,

Дерек көзі

Оқулық, ғаламтор


Сабақ кезеңдері

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушылардың іс-әрекеті

I.Оқушыларға психологиялық ахуал туғызу

(2 мин)

Шаттық шеңберін жасай отырып оқушыларды санау арқылы 3 топқа бөлу

Оқушының мұндағы мақсаты топтасу санау арқылы өз жұптарын тауып бір топ болып құралу. Қаламсапты айналдыру арқылы топ басшысын сайлау. Бағалау критериімен таныстыру.


ІІ. Үй тапсырмасын тексеру

(2 мин)

Үй тапсырмасының орындалуын тексеру.


Қатар отырған екі оқушы өзара тексереді (жұптық жұмыс)


IІI.Өткен тақырыпты қайталау.

(15 мин)

Қызығушылықты ояту. - «Ой қозғау» - тірек сызба бойынша топтастыру тапсырмалары.

Слайдта берілген сұрақтарға жауап беру, топпен тапсырманы орындау

1)

2)

3)

4)

5) «Кімдер білімді». Тапсырманы жұптасып орындату. Есептің шығарылу жолын интерактивтік тақтада көрсету.



Оқушылардың мұндағы мақсаты берілген сұрақтарға жауап беріп, өз ой-пікірлерімен санаса білу

Топпен жұмыс жасау.

Берілген сұрақтарға жылдам жауап береді
Топтағы оқушылар тыңдайды. Тексереді бағалайды.


Жұптасып орындайды. Шығарып болған оқушы тақтада жазады.

Жауабын тексереді



Сергіту сәті

(2 мин)


Оқушылармен бірге сергіту сәтін жасау


Интербелсеңді тақтадағы тапсырмадан табу

IV.Есептер шығару

(13 мин)

Ойлан, бірік,бөліс тапсырмасы. Топтық жұмыс.


  1. Бөшкеден шыққан басқатырғылар /топтық жұмыс/

1- топ: Автоматты станок сағатына 58 бөлшек дайындап, берілген уақытта 348 бөлшек дайындады. Егер осы автоматты станок сағатына 75 бөлшек дайындайтын болса, берілген уақытта неше бөлшек дайындар еді?

2-топ: Дайындалған мал азығы 75 сиырға 184 күнге жетеді. Егер сиырлар саны 40 сиырға өссе, осы дайындалған мал азығы неше күнге жетер еді?

3-топ: Кітапханада 400 кітаптар мен журналдар бар. Оның 26%-ы математикаға арналған кітаптар. Кітапханада математикаға арналған неше кітап бар?


Оқушылар есептерді топта талықылап содан кейін тақтаға жазатын болады.

V.Қорытындылау

(5 мин)


Тест жұмысы. Тест тапсырмасы беріледі, жинақтайды бағалау шкаласын беру.

1. 125 қаздан 4 кг мамық алуға болады. 875 қаздан неше килограмм мамық алуға болады?
а\21, 8кг в\57, 4кг с\28кг д\25кг.
2. Пропорцияның белгісіз мүшесін тап: 7, 5: 3, 5 =x: 14
а\ 19, 6 в\7 с\ 3 д\30
3. 1, 75 т алтынды өзек құмынан орташа есеппен 0, 7 г алтын жуылады. 2170 т алтынды өзек құмынан неше алтын жууға болады?
а\ 642г в\564, 5 г с\ 542, 5 г д\ 868 г
4. тура пропорцияны көрсет:
а\ 5: 10=8: 4 в\ 2: 3=10: 15 с\ 2: 3=5: 10 д\ 12: 18=3: 2


Оқушылардың мақсаты берілген сұраққа өз жауаптарын толтыру

VІ.Үй тапсырмасын беру (2 минут)

Өткен тақырыптарды қайталау.

№ 200 №203

Үйге берілген тапсырманы күнделіктеріне жазып алады.

VІI.Бағалау

(2 минут)

Формативті бағалау

Жиынтық бағалау

Өзін-өзі бағалау, топ басшысы тапсырманы орындауына байланысты бағалайды.

Қорытынды баға

ІХ.Кері байланыс.

(2 минут)

Оқушыларға стикер толтыруды ұсыну.

Оқушылар ұсынылған стикерге бүгінгі сабаққа деген ойынын жазып, тақтаға іледі





 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал