7


  • Учителю
  • Конспекта по казахскому языку на тему ' Екі айнымалысы бар сызықтық теңдеу'.

Конспекта по казахскому языку на тему ' Екі айнымалысы бар сызықтық теңдеу'.

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Уақыты: 15.04.2014ж.

Сыныбы: 6 «С»


Сабақтың тақырыбы: Екі айнымалысы бар сызықтық теңдеу.


Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Оқушыларға екі айнымалысы бар сызықтық теңдеулердің жалпы түрдегі өрнегін түсіндіру. Екі айнымалысы бар сызықтық теңдеулердің шешімдері болатын сандар жұбын жазып үйрету. Екі айнымалысы бар сызықтық теңдеулердің қасиеттерін түсіндіру.

Дамытушылық: Оқушылардың пәнге деген қызығушылығын , белсенділігін арттыру, танымдық қабілетін , логикалық сауаттылығын дамыту.

Тәрбиелік:Оқушыларды шығармашылыққа баулу , өз ойын еркін жеткізе білу дағдыларын қалыптастыру. Интерактивті тақтаны пайдаланып оқушыларды шыдамдылыққа және байқампаздыққа тәрбиелеу .


Сабақтың түрі: Жаңа сабақ.


Сабақтың әдісі: Көрнекіліктерді қолдану арқылы жаңа тақырыпты түсіндіру, практикалық жаттығу жұмыстарын орындату, әңгімелеу, баяндау.


Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақта, оқулық, қосымша тапсырмалар, бағалау бетшелері, жетондар.

Сабақтың барысы:

І Ұйымдастыру кезеңі : Оқушыларды түгендеу, сабаққа дайындығын тексеру.

ІІ Үй тапсырмасын тексеру : №1413, №1425.

III Өткен сабақты шолу:

  1. Аргумент дегеніміз не?

  2. Функция дегеніміз не?

  3. Функционалдық тәуелділік дегеніміз не?

  4. Функционалдық тәуелділік неше түрмен беріледі және олар қандай?

  5. Функцияның анықталу аймағы дегеніміз не?

  6. Функцияның мәндерінің аймағы дегеніміз не?

  7. Кестенің қадамы дегеніміз не?

  8. Функцияның графигі дегеніміз не?

  9. Сызықтық функция дегеніміз не?

  10. Сызықтық функцияның графигі қандай болады?

  11. Сызықтық функцияның формуласындағы к дегеніміз не?

  12. Егер к>0 болса, онда...

  13. Егер к<0 болса, онда...

  14. Тура пропорционалдық дегеніміз не және оның графигі қандай?

  15. Тура пропорционалдықтың графигі қандай болады?

  16. Тұрақты функция дегеніміз не және оның графигі қандай?

  17. Түзулер қандай жағдайда қиылысады?

  18. Түзулер қандай жағдайда параллель сызылады?


IV Жаңа сабақты түсіндіру:

Тақырыптың алдын ала тапсырмасында 3х+2у-8=0 екі айнымалысы бар сызықтық теңдеуді шешу қысқаша келтірілді.
Берілген 3х+2у-8=0
2у=-3х+8
у=-1,5х+4
х=1 болса, у=2,5
х=2 болса, у=1
х=3 болса, у=-0,5 осы берілген сандар жұптары берілген теңдеудің шешімі.
Мысалы, 3х+2у=9, 7х-4у=8, -х+2у=4 теңдеулері -екі айнымалысы бар сызықтық теңдеулер. Бұл теңдеулерді жалпы түрде жазуға болады: ах+ву=с
ах+ву=с түріндегі теңдеулер екі айнымалысы бар сызықтық теңдеулер деп аталады. Мұндағы х пен у -айнымалылар, ал в және с -қандай да бір сандар. Сызықтық теңдеудегі с бос мүше деп аталады.
Шешімдер жиыны бірдей болатын екі айнымалысы бар теңдеулер мәндес теңдеулер деп аталады. Шешімдері болмайтын екі айнымалысы бар теңдеулер де мәндес теңдеулерге жатады.
Екі айнымалысы бар сызықтық теңдеулердің қасиеттері:
1-қасиет.
Теңдеудегі қосылғыштың табасын қарама-қарсы таңбаға өзгертіп, оны теңдеудің бір жағынан екінші жағына көшіргенде берілген теңдеуге мәндес теңдеу шығады.

2 - қасиет.

Теңдеудің екі жағын да нөлден өзге бір санға көбейтсек немесе бөлсек, берілген теңдеуге мәндес теңдеу шығады.


Жаңа сабақты меңгерту есептерін шығарту.

№1427 (ауызша).

№1428 (ауызша).

№1429 (ауызша).

№1430, №1431 (жазбаша).

№1432(жазбаша).

Шешуі: 50x+100y=400

100y=400-50x

y=4-0.5x

Жауабы: (2,3), (4,2), (6,1).

№1437 (ауызша).

№1440 (жазбаша).

Ой сергіту:

Алғашқы 3 қатар белгілі бір заңдылықпен құрылған. Осы заңдылыққа сәйкес төртінші қатардағы сұрау белгісінің орнына төмендегі жауаптардың қайсысы сәйкес келеді?
1. 5,5,50,500
2. 3,6,18,108
3. 4,8,32,256
4. 1,? ,? , ?, (1,2,2,4)

Жаңа сабақты бекіту:

• Екі айнымалысы бар сызықтық теңдеу дегеніміз не?
• Екі айнымалысы бар сызықтық теңдеулердің қасиеттерін айтып беріңдер.
• Екі айнымалысы бар сызықтық теңдеудің шешімі дегеніміз не?


Сабақты қорытындылау:


Бағалау:
Үйге тапсырма беру: №1442,№1446.




Ұштаған орта мектебі


Тақырыбы: «Екі айнымалысы бар сызықтық теңдеу».


6 - сынып


Өткізген: Математика пәні мұғалімі

А.Тажадин

2013 - 2014 оқу жылы.



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал