7


  • Учителю
  • Сабақтың тақырыбы: у=ах2+вх+с квадраттық функциясының графигі

Сабақтың тақырыбы: у=ах2+вх+с квадраттық функциясының графигі

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание: Сабақтың тақырыбы: у=ах2+вх+с квадраттық функциясының графигі Сабақтың мақсаты:Білімділік: Оқушылардың квадраттық функцияның дербес түрлерін қайталау және белгілі графиктердің көмегімен квадраттық фунцияның графиктерін салудағы білімдерін бекіту және өз беттерімен
предварительный просмотр материала

8 сынып Алгебра

Сабақтың тақырыбы: у=ах2+вх+с квадраттық функциясының графигі

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Оқушылардың квадраттық функцияның дербес түрлерін қайталау және белгілі графиктердің көмегімен квадраттық фунцияның графиктерін салудағы білімдерін бекіту және өз беттерімен ізденуге, қорытындылай білуге үйрету.

Дамытушылық: оқушыларды ойлауға, шешім қабылдауға үйретіп, пәнге қызығушылығын арттыру.

Тәрбиелік: оқушыларды өз өмірі мен әрекетіне жауапкершілікпен қарауға және қойған мақсатына жетуге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Сабақ-практикум

Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақта, компьютер

Сабақтың барысы:

I. Ұйымдастыру кезеңі. Сабақтың мақсатымен оқушыларды таныстыру.

II. Теориялық материалды қайталау.

1.Қандай функцияны квадраттық функция деп атайды?

2.Берілген функциялардың қайсысы квадраттық функция болады?

1) у=5х2-6 4) у=4х2

2) у=7х-1 5) у=x3+x+1

3) у=-3х2+х+7 6) у=-9х2+4х

3.y=ax2, y= ax2+n, y= a(x-m)2 функцияларындағы а коэффициенті нені білдіреді?

4. y= ax2+n функциясының графигін қалай салуға болады?

5. y= a(x-m)2 функциясының графигін қалай салуға болады?

6. y= a(x-m)2+n функциясының графигін қалай салуға болады?

III. Ауызша есептер шығару

  1. Квадраттық функция келесі формуламен берілген. Парабола төбесін анықтаңдар.

y = x2 -1

y = (x+1)2

y = (x-2,5)2+2,5

y = (x+1,5)2+1

  1. y= 0,5(x-1)2+4 функциясының графигін y=0,5x2 функциясының графигінен қалай алуға болады?

IV. Үйге берілген шығармашылық тапсырманы тексеру

(у=ах2+вх+с квадраттық функциясының графигін Geonext, MS Power Point және Microsoft Excel бағдарламаларын қолданып, өздері слайдтар дайындаған 3 оқушы тақтаға шығып түсіндіреді)

V. Тест (Өзін-өзі тексеру)

1.Берілген көпмүшелердің қайсысы квадрат үшмүше болады?

А) 2х+3

В) х3 - х -7

С) х2-19х

Д) 3х2 -9х -1

2. х2 -9х+8 квадрат үшмүшесін көбейткіштерге жіктеңдер:

А)(х-1)(х-8)

В) (х+1)(х -9)

С) (х+1)(х+8)

Д)жіктеуге болмайды.

3. y= (x+23)2-14 функциясының графигін y=x2 функциясының графигінен қандай түрлендіру арқылы алуға болады?

А) Ох осі бойымен 14 бірлік оңға, Оу осі бойымен 23 бірлік төмен

В) Ох осі бойымен 23 бірлік солға , Оу осі бойымен 14 бірлік төмен

С) Ох осі бойымен 23 бірлік оңға, Оу осі бойымен 14 бірлік төмен

Д) Ох осі бойымен 14 бірлік солға, Оу осі бойымен 23 бірлік жоғары жылжыту арқылы алуға болады.

4. y=x2 -14х-4функцияның графигін y=x2 функцияның графигінен қалай алуға болады?

А) Ох осі бойымен 14 бірлік оңға, Оу осі бойымен 4 бірлік төмен

В) Ох осі бойымен 14 бірлік солға , Оу осі бойымен 4 бірлік жоғары

С) Ох осі бойымен 7 бірлік оңға, Оу осі бойымен 53 бірлік төмен

Д) Ох осі бойымен 7 бірлік солға, Оу осі бойымен 53 бірлік жоғары жылжыту арқылы алуға болады.

5. y=3x2+4х-7 параболаның х осімен қиылысу нүктелерінің абсциссаларын анықта:

А) 1;-7/3

В) 1;7/3

С) 2;4

Д) 8;1

VІ. Практикалық жұмыс

1. y=x2 үлгісінің көмегімен мына графиктерді салыңдар:

а) y=-x2-2 б) y=-(х+1)2 - 3

2. Салуды орындамай-ақ, функцияның графигінің х осімен және у осімен қиылысу нүктелерінің координаталарын табыңдар:

а) y=х2+2х б) y=х2 +2х-8

3.Функция графиктерін салыңдар:

а) у=х2-4х+3 б) у=х2-4|x|+3

4. Функция графигін салыңдар және табыңдар:

у=2х|x|+х2-6х

а) анықталу облысы мен мәндер жиыны;

б) өсу-кему аралықтары;

в) координата осьтерімен қиылысу нүктелері;

г) таңба-тұрақтылық аралықтары.

5. Абсцисса осін (-3; 0) және (1; 0) нүктелерінде, ал ордината осін (0; -9) нүктеде қиятын у=ах2+bх+с квадраттық функциясын табыңдар.

6. у(-2)<0, y(3)>0, y(1)>0 болатындай у=ах2+bх+с квадраттық функциясы берілген.

Нөлмен салыстыр: а) а; б) b2-4ас; в) у(-4) және у(6).

VIІ. Сабақты қорытындылау.

VIIІ. Үй тапсырмасы

1. y=x2 үлгісінің көмегімен мына графиктерді салыңдар:

y=|-х2 +3|

2. Функция графиктерін салыңдар:

а) у=|х2-4х+3|; б) у=|х2-4|x|+3|

3. Түрлендірулер қолданып, мына функциялардың графиктерін бір жазықтықта салыңдар:

у = 2(х-3)2-2 , у=2(х+3)2+2 , у = (2х-3)2+2

Үлгі: 1) у = 2(х-3)2-2

Түрлендіру тізбегі:



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал