7


  • Учителю
  • 5-Сыныпқа арналған 12 бақылау жұмысы

5-Сыныпқа арналған 12 бақылау жұмысы

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

1 БАҚЫЛАУ ЖҰМЫСЫ

1-нұсқа


1. Есепте: ():26

2. Өрнекті ықшамдаңдар: 1) 32+а+18; 2) (8+х)5 3) 11у+8у-15у

3. Теңдеуді шеш: 96:(23-х)+37=45

4. Теңдеу құру арқылы шығарыңдар.

Оқушы бір сан ойлады, одан 27-ні азайтып, нәтижесін екіге көбейткенде 144 саны шықты. Оқушы қандай сан ойлады?

5. Мектептегі би үйірмесіне 36 оқушы қатысады. Ондағы қыздар ұлдардан 2 есе артық . Мектептегі би үйірмесіне неше ұл бала қатысады?


1 БАҚЫЛАУ ЖҰМЫСЫ

2-нұсқа


1. Есепте:

2. Өрнекті ықшамдаңдар: 1); 2) ; 3) 13х+9х-15х

3. Теңдеуді шеш:

4. Теңдеу құру арқылы шығарыңдар.

Шатырда 16 кептер қонақтап отыр. Ондағы ақ кептер саны сұр кептер санынан 3 есе кем. Шатырда неше ақ кептер қонақтап отыр?

5. Асхат ақшысының жартысына фломастер сатып алған соң, оған атасы 130 тг берді. Сонда Асхаттың ақшасы 205 тг болды. Асхатта алғашқыда неше тг болған?


БАҚЫЛАУ ЖҰМЫСЫ №2

1-нұсқа

1. Разрядтық қосылғыштарға жіктелген қандай сан:

мұндағы а=8, b=5, c=1

мұндағы х=3, у=6, z=8

2. Өрнекті ықшамдап алып, мәнін табыңдар:

мұндағы х=12, у=8

3. Теңдеуді шеш: 27+8(х-5)=59

4. Теңдеу құру арқылы шығарыңдар.

Ағысқа қарсы жүзіп бара жатқан Болаттың қалпағы кенеттен суға түсіп кетті. Ағыс жылдамдығы 20 м/мин, Болаттың тынық судағы жылдамдығы 50м/мин, Болаттың суда қалқып бара жатқан қалпағы 3 минутта одан қандай қашықтықта болады?

5. Тіктөртбұрыштың ауданы 153 см2, ені 9 см. Тік төртбұрыштың ұзындығы енінен неше сантиметр ұзын ?




БАҚЫЛАУ ЖҰМЫСЫ №2

2-нұсқа

1. Разрядтық қосылғыштарға жіктелген қандай сан:

мұндағы а=5, b=3, c=2

мұндағы х=6, у=9, z=3

2. Өрнекті ықшамдап алып, мәнін табыңдар:

мұндағы a=14, b=6

3. Теңдеуді шеш: 5(х+3)-22=38

4. Теңдеу құру арқылы шығарыңдар.

Ағыс жылдамдығы 25 м/мин қзенде Марат ағыспен жүзіп бара жатыр. Кенеттен оның қалпағы суға түсіп кетті. Мараттың тынық суда жүзу жылдамдығы 60м/мин. Мараттың суда қалқып келе жатқан қалпағы 4 минутта одан қандай қашықтықта болады?

5. Тіктөртбұрыштың ауданы 247 см2, ұзындығы 19 см. Тік төртбұрыштың ені ұзындығынан неше сантиметр қысқа?

Бақылау жұмысы №3

1-нұсқа

  1. Өрнектің мәнін табыңдар: (324 11+16):179

  2. Есептің өрнегін құрып, мәнін табыңдар.

Бір жәшік алмұрт а кг, ал бір жәшік алма одан 2 кг ауыр. 4 жәшік алмұрт пен 3 жәшік алма неше кг болады? Мұндағы а=12

  1. Теңдеу құру арқылы шығарыңдар.

АВ кесіндісінің ұзындығы 40см. АВ кесіндісі С және Д нүктелерімен АС.СД және ДВ кесінділеріне бөлінген. СД кесіндісі АС кесіндісінен 4 см ұзын, ал ДВ кесіндісінен 2 есе қысқа. АС кесіндісінің ұзындығын табыңдар

  1. Квадраттың қабырғасы 6 см. Квадраттың ауданы мен периметрін табыңдар

  2. Өрнекті ықшамдаңдар: 12(3х+8)+5(2х+1)


Бақылау жұмысы №3

2-нұсқа

  1. Өрнектің мәнін табыңдар: (1130+82 31):216

  2. Есептің өрнегін құрып, мәнін табыңдар.

Кітап 260 тг, ал альбом одан х тг арзан. Бір кітап пен екі альбом неше тг тұрады? Мұндағы х=70

  1. Теңдеу құру арқылы шығарыңдар.

Бақтағы жидектердің барлығы 37 түп. Ондағы қарлыған қарақаттан 3 түп артық, ал таңқурайдан 2 есе кем. Бақтағы қарлыған неше түп? Қарақат неше түп? Таңқурай неше түп?

  1. Тік төртбұрыштың ұзындығы 12см, ені одан 3 есе кіші. Тік төртбұрыштың периметрі мен ауданын табыңдар

  2. Өрнекті ықшамдаңдар: 8(2х+5)+4(6+7х)


БАҚЫЛАУ ЖҰМЫСЫ №4

1-нұсқа

1. а)28 санының бөлгіштерін жазыңдар;

ә) 17 санының еселіктерінің алғашқы төртеуін жазыңдар

2. а)68+36 қосындысы 4-ке бөліне ме, әлде 5-ке бөліне ме?

ә) көбейтіндісі 3-ке бөліне ме?

3. Сара, Қайрат және Нұрлан бағалары бірдей бірнеше дәптерден сатып алды. Сара 56 тг, Қайрат 63 тг, Нұрлан 21 тг төледі. Бір дәптердің бағасы неше тг? Балалардың әрқайсысы неше дәптер сатып алды?

4. Амалдарды орындаңдар: 351:13+ 106 - 1375

5. Теңдеуді шешіңдер: 27+8(х-5) =59

БАҚЫЛАУ ЖҰМЫСЫ №4

2-нұсқа

1. а)32 санының бөлгіштерін жазыңдар;

ә) 13 санының еселіктерінің алғашқы төртеуін жазыңдар

2. а)72+54 қосындысы 7-ге бөліне ме, әлде 9-ға бөліне ме?

ә) көбейтіндісі 5-ке бөліне ме?

3. 15 қызыл шар, 21 көк шар және 24 сары шардан ондағы бір түсті шарлардың саны бірдей болатындай гирлянда жасау керек, неше гирлянда жасауға болады?

4. Амалдарды орындаңдар: 306:18+ 103 - 1636

5. Теңдеуді шешіңдер: 29+7(х-4) =57

БАҚЫЛАУ ЖҰМЫСЫ №5

1-нұсқа

1. 1) 48 және 72; 2) 28,58 және 112 сандарының ЕҮОБ табыңдар

2. Жай көбейткіштерге жіктелген сандардың ЕКОЕ табыңдар:

1)а=2∙3 в=2∙3∙3∙5 2) х=2∙3∙3∙11 у=2∙3∙11

3. 320 жаңғақ, 240 кәмпит және 200 тоқаштан сандары бірдей неше сыйлық дайындауға болады? Әр сыйлықта қанша тоқаш, кәмпит, жаңғақ болады?

4. Жәшіктегі алманы 4кг немесе 5 кг-нан тең бөлу үшін қанша кг алма болу керек?

5. Теңдеуді шешіңдер: 2(11х-5)-17х=55


БАҚЫЛАУ ЖҰМЫСЫ №5

2-нұсқа

1. 1) 75 және 150; 2) 24,60 және 144 сандарының ЕҮОБ табыңдар

2. Жай көбейткіштерге жіктелген сандардың ЕКОЕ табыңдар:

1)а=2∙3∙7 в=2∙2∙3∙7 2) х=3∙4∙5∙5 у=3∙3∙4∙5

3. 55 ақ шар, 66 сары шар, 77 қызыл шарды әр түсті шарлардың сандары бірдей болатындай неше топқа бөлуге болады?

4. Асықтарды 5 немесе 6-дан тең бөлу үшін барлық саны қанша болу керек?

5. Теңдеуді шешіңдер: 5(8х+3)-12=83


БАҚЫЛАУ ЖҰМЫСЫ №5

3-нұсқа

1. 1) 20 және 48; 2) 70,40 және 60 сандарының ЕҮОБ табыңдар

2. Жай көбейткіштерге жіктелген сандардың ЕКОЕ табыңдар:

1)а=2∙2∙3∙3 в=2∙3∙3∙7 2) х=2∙3∙5∙5∙5 у=2∙2∙5

3. Катердің жылдамдығы 12 км/сағ. Өзен ағысының жылдамдығы 3 км/сағ, катер ағыспен 4 сағ-та неше км жүріп өтеді?

4. Орамдағы жіпті 14м немесе 15м тең бөлу үшін орамда неше метр жіп болу керек?

5. Теңдеуді шешіңдер: 7(2х+9)+3х=114


БАҚЫЛАУ ЖҰМЫСЫ №5

4-нұсқа

1. 1) 11 және 33; 2) 18, 27 және 45 сандарының ЕҮОБ табыңдар

2. Жай көбейткіштерге жіктелген сандардың ЕКОЕ табыңдар:

1) )а=2∙2∙3∙3 в=2∙3∙3∙7 2) х=2∙3∙3 у=2∙3∙3∙5∙7

3. Катердің жылдамдығы 18 км/сағ, өзен ағысының жылдамдығы 3 км/сағ. Катер ағыспен 6 сағатта неше км қашықтық жүріп өтеді?

4. Орам матаны 16 немесе 17 м-ден тең бөлу үшін орамда неше м мата болу керек?

5. Теңдеуді шешіңдер: 3(4х+13)-25=74

БАҚЫЛАУ ЖҰМЫСЫ №6

1-нұсқа

1. Бұрыс бөлшектерді аралас сан түрінде жазыңдар:

2. Теңдік дұрыс болатындай жұлдызшаның орнына сан жазыңдар:

16= 19=

3. Аралас сандарды бұрыс бөлшектерге айналдырыңдар:

4. 1)Жаяу адам 3 сағатта 16 км жол жүреді. Жаяу адамның жылдамдығы нешеге тең?

2) Ит 6 секундта 67 м жүгіреді, иттің жылдамдығын табыңдар?

5. Бірлік кесінді ретінде дәптердің үш тор көзін алып, координаталық сәуледе А, В, С, Д нүктелерін белгілеңдер




БАҚЫЛАУ ЖҰМЫСЫ №6

2-нұсқа

1. Бұрыс бөлшектерді аралас сан түрінде жазыңдар:


2. Теңдік дұрыс болатындай жұлдызшаның орнына сан жазыңдар:

17= 21=20

3. Аралас сандарды бұрыс бөлшектерге айналдырыңдар:

4.1)Тіктөртбұрыштың ауданы 88 см2, ал ені 15 см. Тіктөртбұрыштың ұзындығын табыңдар?

2) Ит 7 секундта 79 м жүгіреді, иттің жылдамдығын табыңдар?

5. Бірлік кесінді ретінде дәптердің төрт тор көзін алып, координаталық сәуледе А, В, С, Д нүктелерін белгілеңдер

БАҚЫЛАУ ЖҰМЫСЫ №7

1-нұсқа

1. Бөлшектерді қосуды орындаңдар:

2. Аралас сандарды қосыңдар:

3. Бөлшектерді азайтыңдар:

4. Матаның орамынан бірінші рет м мата, содан кейін м алынды. Орамнан қанша метр мата алынды?

5. Алхорының жәшігімен қоса есептегендегі массасы 13 кг, ал жәшіктің массасы 1 кг. Алхорының массасын есептеңдер.


БАҚЫЛАУ ЖҰМЫСЫ №7

2-нұсқа

1. Бөлшектерді қосуды орындаңдар:

2. Аралас сандарды қосыңдар:

3. Бөлшектерді азайтыңдар:

4. Бірінші шелекке 6 л, ал екінші шелекке 5 л су құйылды. Екі шелекке барлығы неше литр су құйылды?

5. Ұзындығы 10 м сым екіге бөлінді. Бірінші бөлігінің ұзындығы 7 м. Екінші бөлігінің ұзындығын табыңдар.

Бақылау жұмысы №8

1-нұсқа

1. Қосуды орындаңдар:

2. Азайтуды орындаңдар:

3. Есептеңдер:

4. Зәуре сан ойлады. Ойлаған санға -ді қосып, 1 -ге көбейткенде, 1 шықты. Зәуре қандай сан ойлады?

5. Тауардың кг-ы 45 тг тұрады. Тауардың 2 кг-ы қанша тұрады?



Бақылау жұмысы №8

2-нұсқа

1. Қосуды орындаңдар:

2. Азайтуды орындаңдар:

3. Есептеңдер:

4. Аружан сан ойлады. Ойлаған санға -ні қосып, 1 -ге көбейткенде, шықты. Аружан қандай сан ойлады?

5. Тауардың кг-ы 30 тг тұрады. Тауардың кг-ы қанша тұрады?

Бақылау жұмысы №9

1-нұсқа

1. Есептеңдер:

2. Көкөніс қоймасындағы 7,86 т көкөніс екі дүкенге сатуға жіберілді. Бірінші дүкенге 4,15 т, қалғаны екіншіге әкелінді. Екінші дүкенге әкелінген көөкніс біріншідегіден қанша кем?

3. Теңдеу құру арқылы шығарыңдар. Оқушы бір сан ойлады, ойлаған санына 6,36-ны қосып, нәтижесінен 0,76 санын азайтқанда, айырма 8,1-ге тең болды. Оқушы қандай сан ойлады?

4. Жай бөлшекті ондық бөлшекке айналдырып, есептеңдер:

5. Жұлдызшаларды теңсіздік тура болатын цифрлармен ауыстырыңдар: 1) 5,* > 5,8

2) 7,85 < 7,*1

Бақылау жұмысы №9

2-нұсқа

1. Есептеңдер:

2. Ұзындығы 8,17 м сым екі бөлікке бөлінді. Бірінші бөліктің ұзындығы 3,85 м. Сымның екінші бөлігі біріншіден қанша үзын?

3. Теңдеу құру арқылы шығарыңдар. Оқушы бір сан ойлады, ол ойлаған санынан 3,85-ті азайтып, нәтижесіне 0,96-ны қосқанда, 5,83 шықты. Оқушы қандай сан ойлады?

4. Жай бөлшекті ондық бөлшекке айналдырып, есептеңдер:

5. Жұлдызшаларды теңсіздік тура болатын цифрлармен ауыстырыңдар: 1) 4,* > 4,8

2) 8,98 < 8,9*

Бақылау жұмысы №10

1-нұсқа

1. Есептеңдер:

2.Өрнектің мәнін табыңдар:мұндағы х=7,5

3. 2,5 кг алма және 3 кг алмұрт үшін 247 тг төленді. 1 кг алма 34 тг болса, 1 кг алмұрт қанша тг?

4. Ара қашықтығы 205,6 км екі елді мекеннен бір уақытта бір-біріне қарсы бағытта автокөлік және мотоцикл шықты. Автокөліктің жылдамдығы 75 км/сағ, мотоциклдің жылдамдығы оның 0,6-сындай. Неше сағаттан кейін олардың ара қашықтығы 55,6 км болады?

5. Есептеп шығарыңдар:


Бақылау жұмысы №10

2-нұсқа

1. Есептеңдер:

2.Өрнектің мәнін табыңдар:мұндағы а=8,5

3. Дыбыс жылдамдығы 334,5 м/с, желдің жылдамдығы одан 75 есе кем. Дыбыс желге қарсы бағытта 1,5 с уақытта қанша қашықтыққа жетеді?

4. Бір тұрақтан бір-бірінен қарама-қарсы бағытта жүк және жүрдек поезд шықты. Жүрдек поезд жылдамдығы 85 км/сағ, жүк поезының жылдамдығы оның 0,6-сына тең. Неше сағатта олардың ара қашықтығы 326,4 км болады?

5. Есептеп шығарыңдар:


Бақылау жұмысы №11

1-нұсқа

1.Сандарды дөңгелектеңдер:1)бүтінге дейін: 9,25; 106,72; 3,723; 2)жүздік үлестерге дейін: 0,463; 0,8653; 3,723

2. Есепті теңдеу құру арқылы шығарыңдар. Саяхатшы автобуспен елді мекенге дейін 2,6 сағ, елді мекеннен кейін 1,5 сағ жол жүріп, барлығы 189 км қашықтыққа барлы. Егер автобус елді мекенге дейін 45 км/сағ жылдамдықпен жүрсе, оның елді мекеннен кейінгі жылдамдығын табыңдар.

3.Екі санның арифметикалық ортасы 6,9-ға тең. Бірінші сан 7,86-ға тең. Екінші санды табыңдар.

4. Есептеңдер: 8: (25∙0,01)+(3,7-1,65)∙4

5.Сандардың өзгеріс ауқымын, модасын табыңдар: 9,5; 4; 8,3; 4; 7,8.



Бақылау жұмысы №11

2-нұсқа

1.Сандарды дөңгелектеңдер:1)бүтінге дейін: 9,35; 107,84; 7,54; 2)жүздік үлестерге дейін: 0,382; 0,4751; 2,638

2. Есепті теңдеу құру арқылы шығарыңдар. 3,5 кг қант және 5,7 кг ұн 535,7 тг тұрады. 1 кг қанттың бағасы 70 тг болса, 1 кг ұнның бағасы неше тг?

3.Екі санның арифметикалық ортасы 6,3-ке тең. Бірінші сан 7,2-ге тең. Екінші санды табыңдар.

4. Есептеңдер: 2,4: (64∙0,01)+(2,5-1,27)∙3

5.Сандардың өзгеріс ауқымын, модасын табыңдар: 8,3; 5; 7,1; 5; 8.

Бақылау жұмысы №12

1-нұсқа

1.Бөлшектерді процентпен жазыңдар: 0,47; 1,6; 0,78; 0,9

2.Заттың бағасы алғашқыда 2700 тг болатын, оны 8%-ке қымбаттатқаннан кейінгі бағасы неше тг?

3.Қоспаның 58%-і мыс, 24%-і мырыш, қалғаны қорғасын. Қоспадағы қорғасын 27 г. Қоспаның толық массасын табыңдар.

4.Теңдеуді шешіңдер: 0,5х+2,5х-0,68=1,72

5.Есептеңдер: 38,16:5,3+0,7∙4,2-6,34

Бақылау жұмысы №12

2-нұсқа

1.Бөлшектерді процентпен жазыңдар: 0,36; 1,75; 0,65; 0,8

2.Атай жинақ кассасына жылына 15%-тік өсіммен 56000 тг ақша салды. Бір жылдан соң неше тг болады?

3.Дүкенге сатуға жіберілген көкөністің бірінші күні 35%-і, екінші күні 28%-і сатылды. Үшінші күні қалған 333 кг сатылды. Барлық көкөніс неше кг?

4.Теңдеуді шешіңдер: 0,8х+3,5х-0,75=1,4

5.Есептеңдер: 39,2:5,6+0,8∙3,1-6,35




 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал