7


  • Учителю
  • Ашық сабақ тақырыбы Дұрыс көпжақтар.

Ашық сабақ тақырыбы Дұрыс көпжақтар.

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Сыныбы: 11-сынып Пәні: Геометрия

Сабақтың тақырыбы: Дұрыс көпжақтар

Мақсаты: Оқушыларды дұрыс көпжақтың түрлерімен таныстыру.

Білімділік: Дөңес көпжақтар үшін Эйлер сипаттамасын есептеу формуласын енгізу, Эйлер формуласын есеп шығаруда пайдалана білу дағдысын қалыптастыру.

Дамытушылық: Байқағыштық, талдай білу, салыстыра білу және қорытынды жасай білу қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелік: Соңғы нәтижеге жету жолында табандылық пен жігерлілік көрсете білуге, өзін - өзі бағалай білуге және жекелей жұмыс жасай білуге, оқушыларды жауапкершілікке, ұстамшылдыққа, адамдармен қарым-қатынас жасай білуге, эстетикалық тәрбие беру, салауатты өмірге, ұғымталдыққа, дәлдікке, ұқыптылыққа, іскерлікке, өз еңбегі мен өзге еңбегін қадірлей білуге, тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Жаңа сабақ.

Сабақтың типі: Жаңа білім игерту.



Сабақтың көрнекілігі: Таратпа бет, интерактивті тақта, мұғалім сөзі, оқулық, тест, тірек-схемалар.

Cабақтың әдістері: 1) Есте сақтау (репродуктивтік); 2) сұрақ-жауап әдісі;

3) өз бетімен жұмыс жүргізу; 4) баяндау-көрнекілік; 5) проблемалық іздену





Сабақ жоспары:

  1. Ұйымдастыру.

Сабақтың тақырыбы мен мақсатын таныстыру.

  1. «Не білеміз» бөлімі

    1. Қайталау сұрақтары

  2. «Не үйренемін» бөлімі

3.1 Интерактивті тақтамен жаңа тақырып түсіндіру

4. «Не үйрендім» бөлімі

4.1. Бекіту.

5. Қорытындылау.

6. Үйге тапсырма.





Сабақ барысы:

  1. Ұйымдастыру.

А) оқушылардың өткен материалдарды игеруі

Ә) оқушылардың сабаққа дайындығы

Кіріспе бөлім.

Сабаққа назар аударту, жағдаят туғызу.

Мұғалімнің іс-әрекеті:

А) Қызығушылығын ояту

Ә) Бүгінгі біздің сабағымызда барлықтарыңызға жақсы көңіл, жұмысқа жоғарғы жетістік тілеймін.

Бүгінгі сабақтың ұраны: «Оқығаныңды айтпа, тоқығаныңды айт»

Оқымай білім жұқпас,

Білімсізден өнер жұқпас

Ұқыпты ұтар, іздеген табар,

Оқыған - озар, еріншек - тозар.

Абай.





  1. Қайталау сұрақтары:

1. Көпжақ дегеніміз не?

Беті саны шектеулі көпбұрыштардың бірігуінен тұратын денені көпжақ деп атайды.

2. Көпжақтар неше түрге бөлінеді?

Екі түрге: дөңес және дөңес емес.

3. Дөңес көпжақ дегеніміз не?

Егер көпжақ өзінің жағын қамтитын жазықтықтардың кез келгеніне қарағанда тұтастай біржақ бетінде орналасса, онда ол дөңес көпжақ деп аталады.

4. Көпжақтың түрлерін ата.

Призма, параллелепипед, пирамида.

  1. Егер дөңес көпжақтың жақтары қабырғаларының саны бірдей дұрыс көпжақтар болса және көпжақтың әрбір төбесінен шығатын қырлар саны бірдей болса, онда оны дұрыс көпжақ деп атайды

Дөңес көпжақтың бес түрі бар:

  1. Дұрыс тетраэдр;

  2. Куб (Гексаэдр);

  3. Октаэдр;

  4. Додекаэдр;

  5. Икосаэдр.

Ашық сабақ тақырыбы Дұрыс көпжақтар.

Ашық сабақ тақырыбы Дұрыс көпжақтар.





Ашық сабақ тақырыбы Дұрыс көпжақтар.





Ашық сабақ тақырыбы Дұрыс көпжақтар.

  1. Бекіту. Есеп.

    Дөңес көпбұрыштың әрбір төбесінде үш қыры тоғысқан. Егер оның қырларының саны 12-ге тең болса, онда төбелері мен жақтарының санын анықтаңдар.

Жауабы: Төбелер саны - 8, жақтар саны - 6 болатын көпжақ - куб.





Ашық сабақ тақырыбы Дұрыс көпжақтар.

  1. Бағалау, қорытындылау.

  2. Үйге тапсырма: § 5, № 6, 11. Дұрыс көпжақтардың макетін жасау











 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал