7


  • Учителю
  • Конспект урока по математике для 7 класса «Шеңбер»

Конспект урока по математике для 7 класса «Шеңбер»

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание: Сабактын такырыбы:«Шеңбер » тақырыбы бойынша есептер шыгаруСабактын мақсаты: Окушылардын «Шенбер» такырыбы бойынша алганбилимдерин кайталауь аркылы, терен менгерунне; акпараттык жане коммуникативтики кузіреттілік тұрғысынан жетілуіне ықпал ету.Окушылардын такырып
предварительный просмотр материала

Пәні: геометрия; Сыныбы: 7Б; Күні:28.02.2014ж Тексерген: ________

Сабақтың тақырыбы: «Шеңбер » тақырыбы бойынша есептер шығару

Сабақтың мақсаты:

  1. Білімділік: Оқушылардың «Шеңбер» тақырыбы бойынша алған білімдерін қайталау арқылы, терең меңгеруіне; ақпараттық және коммуникативтік құзіреттілік тұрғысынан жетілуіне ықпал ету;

  2. Дамытушылық: Оқушылардың тақырып бойынша жаттығуларды орындау шеберлігін, машығын, әдет, дағды, іскерлігін жетілдіру; біліктіліктерін дамыту.

  3. Тәрбиелік: Ұлттық сана сезімі оянған, рухани ойлау дәрежесі биік, еңбекқор, іскер, білімді және білімін пайдалана білетін, бүгінгіні түсінетін, кешегіні білетін, алдына мақсат қойып, оған жетер жол таба білетін ұрпақ тәрбиелеу. Қазақстан мемлекеті туралы айта отырып оқушылардың патроиоттық сезімдерін қалыптастыру.

Сабақтың түрі: Жаттығу және тәжірибелік сабақ

Сабақтың типі: Жарыс сабақ

Оқытудың әдістері: Сұрақ-жауап, деңгейлеп дамыта оқыту, ойын технологиясы элементтері.

Оқытудың формасы: Топтық жұмыс

Пәнаралық байланыс: Қазақ тілі, тарих, география, саясат, дене шынықтыру

Сабақтың көрнекілігі: 1. Презентация-слайд

2. Дидактикалық материалдар

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі (2-мин).

а) Сәлемдесу;

ә) Сабаққа келмеген оқушыларды анықтау;

б) Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру;

в) Сынып бөлмесінің дайындығын тексеру;

ІІІ.Өткен материалдарды қайталау "Құпия сандар"

1) Шеңбер дегеніміз не?

2) Шеңбердің элементтерін атаңдар?

3) Хорда деп нені атайды?

4) Диаметр дегеніміз не?

5) Доға деп нені атайды?

6) Түзу мен шеңбердің орналасуының қанша түрі болады? Оларды айтып беріңдер?

ІІ. Оқушыларды сабаққа әзірлеу (3 мин).

а) Топқа бөлу

Қорапшадағы екі түспен берілген қысқы олимпиада эмблемасын таңдай отырып, сыныпты екі топқа бөліп отырғызамын. Сабақ барысында топтар өзара жарысқа түседі. Оқушыларға таратылып берілген бағалау парақтарына әрбір жауап сайын балдарын қойып отырады. Сабақ соңында әр оқушы өздерінің жеке-жеке жинаған балдары арқылы өздерін бағалайды және топ мүшелерінің балдарын қосу арқылы топтың жинаған ұпай саны саналып, жеңіске жеткен топ анықталады.

Шеңбердің табиғатта, өмірде кездесуі:

Олимпиадалық ойынның символы 5 шеңберден құралған. Бұл - 5 материктің олимпиадада бірігетінін білдіреді.

  1. Көк шеңбер - Европа материгі

  2. Қара шеңбер - Африка материгі

  3. Қызыл шеңбер - Америка материгі

  4. Сары шеңбер - Азия материгі.

  5. Жасыл шеңбер - Австралия материгі


ІҮ. Қолдану және талдау кезеңі Қысқы олимпиадада спорттың неше түрі бойынша ойын жүргізіліді? Осы ойындардың бірі - Тау шаңғысын" ойнайық.

"Тау шаңғысы" ойыны.


А тобы.

І топ тапсырмасы.

№1. Радиусы R=2,6 см болса, шеңбердің диаметрі неге тең?

Бер: шеңбер

R=2,6 см

Т\к:D=?

Шешуі: D=2R=22,6см=5,2см;

Жауабы: диаметрі 5,2см.


ІІ топ тапсырмасы.№1. Радиусы R=3,1 см болса, шеңбердің диаметрі неге тең?

Бер: шеңбер

R=3,1 см

Т\к:D=?

Шешуі: D=2R=23,1см=6,2см;

Жауабы: диаметрі 6,2см.

2.(№21,120бет) Велосипед доңғалағының диаметрі 51,4см, оның радиусын табыңдар.

Бер: шеңбер

D =51,4 см

Т\к: R =?

Шешуі: R = D: 2=51,4см:2=25,7см;

Жауабы: радиусы 25,7см.


ІІ топ тапсырмасы.Велосипед доңғалағының диаметрі 48,6см, оның радиусын табыңдар.

Бер: шеңбер

D =48,6 см

Т\к: R =?

Шешуі: R = D: 2=48,6см:2=24,3см;

Жауабы: радиусы 24,3см.

В тобы.

3. (№23,120 бет)

Бер: шеңбер Д

ВС-диаметр

ВД-хорда

ВД= R С В

ОВД

Т\к:1) <O,<B,<Д-?

Д\к:ОВ=ОД=ВД

Шешуі: ОВ=ОД=ВД=R;

ендеше ОВД-тең қабырғалы;

0


С тобы.

4. (№28,121 бет) Шеңбер сызып, оның бойынан кез келген А және В нүктелерін белгілеңдер және оларды центрмен қосыңдар.Транспортирді пайдаланып, АВ доғасының градустық өлшемін анықтаңдар.


Ү. Сергіту сәті "Хоккей ойыны"

Сыныпта екі қатар екі команда болады. Әр команданың капитаны, коментаторы, қақпашысы, қорғаушылары мен шабуылшылары болады. Тақтада хоккей алаңы көрсетіледі. (флип-чарт).Оқушылар жұмбақтарды шешеді.

Ойын шарты:

  • Бірінші жұмбақ капитандарға беріледі, қай топтың капитаны дұрыс жауап берсе, доп соларда болады.

  • Келесі жұмбақ шабуылшылар мен қарсы топтың қорғаушыларына беріледі.

  • Келесі жұмбақ шабуылшылар мен қарсы топтың қақпашыларына беріледі. Қақпашы дұрыс жауап бермесе гол кіргізгені.

  • Осылай кезекпен ойын жалғасады.

Жұмбақтар: 1. Айқасқан 2 таяқ, тұрады жоқты сұрап

(Х)

2. Шекер жейтін аққұтан

Бір қазыққа байланды

Аузына тістеп шекерін

Ол қазықты айналды.

(циркуль)

3. Қандай санның атының жазылуында қанша әріп болса, соншалық цифр бар? (жүз-100)

4. Бірдей санды бірнеше рет,

Көбейтуден тұрады.

Егер оны ықшамдасаң,

Қандай атау болады.

(дәреже)

5. Егіз тұған қос жүйрік,

Жарыса шауып терлейді.

Бірін-бірі көрмейді,

Бір мәреге келмейді.

(параллель түзулер)

6. Нәрселерді санағанда,

Керек ол бізге ауадай.

Айтындаршы бұл қандай сан

Жан-жағына қарамай.

(Натурал сан )

7. 12 бұтағы бар алып емен,

52 шыбық тарап, өсіп өнген.

Шыбық сайын 7-ден жапырағы

Бар ма еді, сондай ағаш көзің көрген.

(Жыл,12ай,52апта,7күн )


ҮІ. Қорытындылау кезеңі. Семантикалық карта Қазақстан қысқы Азия ойындарына алғаш рет қашан қатысты? (1996ж) Ол қай жерде өткенін білгілерін келе ме?

олай болса мына семантикалық картаны дұрыс шешсеңдер, 1996 жылы 3-ші қысқы Азия ойындары өткен Қытайдың қаласының аты шығады. Бұл қала әлемге «Шығыстың мұз қаласы» деген атпен белгілі.

Семантикалық картаның жолдарындағы есепті шығару керек. Есептің шешуін баған аттарынан тауып, қиылысқан тұстағы әріпті белгілеу керек.

Жауабы: Харбин


ҮІІ. Бағалау кезеңі Оқушыларды бағалау.

Бағалау парағы

"Құпия сандар"

(әрбір дұрыс әрі толық жауапқа 2 балл, толық болмаса 1 балл)

"Тау шаңғысы" ойыны

І деңгей - "3"

ІІ деңгей - "4"

ІІІ деңгей -"5"

"Хоккей ойыны" жұмбақ шешу

(әрбір дұрыс жауапқа

1 балл)

Семантикалық карта

(әрбір дұрыс жауапқа

1 балл)

Жалпы жинаған балл

Баға

9-10 балл: «5»-тік 3-5 балл: «3»-тік

6-8 балл: «4»-тік 0-2 балл: сабаққа зейін қой!!!


ҮІІІ. Үй тапсырмасын беру. Шеңбер тақырыбын қайталап оқу, №25, №27 есеп




 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал