- Учителю
- Конспект на тему 'Квадрат теңдеу'
Конспект на тему 'Квадрат теңдеу'
Тақырыбы : Квадрат теңдеу
Сыныбы : 8
Мақсаты:
Білімділік: Оқушылардың «Квадрат теңдеулер» тақырыбы бойынша білім, білік, дағдыларын жүйелеу;
Дамытушылық: Оқушылардың ой өрісін кеңейту, математикаға деген қызығушылығын, белсенділігін арттыру; есептеу дағдысын жетілдіру, танымдық қызығушылығын дамыту;
Тәрбиелік: Оқушыларды өз бетінше есеп шығаруға, ізденуге, тез ойлап, тез қорытуға және сөйлеу мәдениетіне тәрбиелеу.
Түрі : Аралас сабақ
Типі : Білімді шолу, жүйелеу.
Әдістер: Интерактивті әдіс-тәсілдер.
І.Ұйымдастыру бөлімі.3 мин
Бүгінгі сабақта топ-топпен жұмыс жасаймыз. Жұмыс барысында алдынғы сабақта қабылданған топ ережелерін сақтаймыз.
Топқа бөлу.Сыныптағы оқушыларды «Шаңырақ» арқылы топқа бөлу. Топтарға әр түрлі фигуралар (үшбұрыш, шеңбер, квадрат) ұсынылады, сол арқылы топтасып отырады.
І топ (үшбұрыш)
ІІ топ (шеңбер)
ІІІ топ (квадрат)
ІІ. «Үй тапсырмасын тексеру»2 мин
0
1.Алған білімдерін жан- жақты тексеру. 7 мин
1.1 Ауызша есеп «Шар»1 мин
1.2 Теориясын бекіту «Құс әуеге қалықтайды» 5 мин
1.3 Ажырата білу «Қатесін тап!» 1 мин
ІІІ. Ой қозғау. (Теориялық білімдерін саралау)10 мин
Өткен тақырыптар бойынша теориялық материалды қайталау үшін әр топ берілген тапсырмаларды орындау керек . Оқулықпен жұмыс № 139. Тақтамен жұмыс.
Сергіту сәті: «Ауадағы жазулар»2 мин
ІV Шығармашылық есеп (3-топқа) Тапсырманың жауабын кластер түрінде көрсету керек.
5 мин
В) Екі санның арифметикалық ортасы 7-ге, ал квадраттарының айырымы 56-ға тең. Осы екі санның квадраттарының қосындысын тап.
Шешуі:
ІV. Мақалдардың жалғасын тауып, астында берілген тапсырманы орында.5 мин
1 топ «Жеті жұрттың тілін біл, …………». (жеті түрлі білім біл)
2 топ «Отыз тістен шыққан сөз,……….».(отыз рулы елге тарайды)
3 топ «Жалқаудың екі досы бар,……….».(бірі ұйқы, бірі күлкі)
Рефлексия 1 мин
-
Шеңбер-осы фигураның ішіндегі өте мейірімді,басқаның қайғысын,қуанышын бөлуге даяр тұратындар
-
Үшбұрыш - өте еңбекқор,төзімді,өз жұмысының шебері
-
Шаршы - көшбасшылық қабілеті басым адамдар
V .Қорытынды: (қарлы кесек стратегиясы) 6 мин
VІ.Үйге тапсырма 1 мин
№137,138 В-тобы
VІІ. Кері байланыс.Бағалау.3 мин