- Учителю
- Ашық сабақ. 10 саны мен цифры
Ашық сабақ. 10 саны мен цифры
Тақырыбы: 10 саны мен цифры. Бір және екі таңбалы сандар.
Мақсаты:10 саны мен цифрымен танысу;10 санының құрамымен таныстыру;Бір таңбалы және екі таңбалы сандар ұғымын қалыптастыру.
Міндеттері: Сандарды бір- бірімен салыстыру, саралау, талдау жұмыстарын жүргізуге нұсқаулар беру;
Жеке , жұпта, топта ойларын бөлісіп, топта талқылау жұмыстарын жүргізуді ұйымдастыру;
Күтілетін нәтижелер : Сабақ соңында балалар 10 санын таниды ,жаза алады ;
Сурет бойынша өрнектер құрастыру, оларды салыстыру;
Жеке ,жұпта, топта бір-біріне сенімділік білдіреді, ұйымшыл болады, бірін-бірі үйретеді ;
Нәтижені бағалау , тексеру :
Еркін сөйлеу арқылы бір таңбалы, екі таңбалы сандар туралы оз ойларын айтады;
Қажетті материалдар, көрнекіліктер : Суреттер , сандар, маркер, қосымша есептер.
Барысы:Ұйымдастыру кезеңі.
Армысың, сұлу күн!
Армысың ашық аспан!
Қайырлы күн баршаға!
Тірек білімдерін жетілдіру.
А) 1-ден 10-ға дейін тура және кері санау.
Ә) 5-тен 8-ге, 3 -тен 7 -ге, 2 -ден 6 -ға дейін тура және кері санау
Б) Ойын.« Мен қандай санмын?»
Шарты: Таңдап алынған санның қай сан екенін көмекші сөздер арқылы табу.
Жаңа материалды меңгерту.
1) 9 санының көршісі қандай?
2) 9 бірлікке 1 бірлікті қосса 10 бірлік шығады.
3) 9+1=10
4) 10 санының таңбасын баспа және жазбаша түрімен таныстыру.
5) Бір таңбалы және екі таңбалы сандар туралы ұғым беріледі.
Бір және екі таңбалы сандарды оқу.
6) 5, 7, 9 сандарын жазу үшін неше цифр ,10 санын жазу үшін неше цифр қолдандық ?
7) Қортынды жасау. 10 екі таңбалы сан.
Ертегі.Ертеде Сандар патшалығында санның үлкен кішісі болмапты. Сандар сондықтан да кейде бір-бірімен келісе алмай, керісіп қала береді екен. Сонда сандар патшасы барлығының орнын тауып реттей бастайды. 1,2,3,4,5,6,7,8,9,10. 10-ға келгенде 9 саны оған келіспей, мен 10-нан кейін тұрамаймын,сандардың үлкені боламын деп бүлік шығарды. 10 саны да 9 дан кіші болғысы келмеді.
Сандар патшасы сонда көп ойланып ,жарайды, 9 сен бір таңбалы сандардың ең үлкені боласың,бірақ 10 -нан кейін тұрасың.Ал 10 сен 9-дан үлкен боласың, бірақ екі таңбалы сандардың кішісі боласың деп әділ шешімін тауыпты. Бұл шешімге 9 бен 10 да риза болады.
Дәптермен жұмыс. 10 санын екі қатар жазу
Оқулықпен жұмыс.
№ 1.( жазбаша) Өзара байланысты өрнектер құрастыру.
9+1=10 8+2=10 7+3=10
1+9=10 2+8=10 3+7=10
10-9=1 10-8=2 10-7=3
10-1=9 10-2=8 10-3=7
Сергіту жаттығуы
Оң қолымда бес саусақ ,
Сол қолымда бес саусақ,
Бесті беске қосқанда ,
Болады екен он саусақ.
№4 Сурет бойынша теңсіздіктер құрастыру .
5 > 3 4 >3
Суретте берілген үй жануарлары туралы әңгімелеу .
-Суретте қандай үй жануарлары бар?
-Қандай жабайы аңдарды білесіңдер ?
Сүтқоректілер туралы қысқаша әңгімелеу. Сүтқоректілер жайлы деректі фильм көрсету.
№5 Ойын: « Бірдей суретті тап »
Үлестірмелі карточкалармен жұмыс
Қортындылау. Ойын : « Сандарды ажырат »
Шарты: Бір таңбалы сандарды -қызыл түспен, екі таңбалы сандарды - көк түспен бояу.