- Учителю
- Алгебра 10 сынып. Сабақтың тақырыбы: Тригонометриялық функциялардың туындыларын «Геогебра» арқылы
Алгебра 10 сынып. Сабақтың тақырыбы: Тригонометриялық функциялардың туындыларын «Геогебра» арқылы
Алгебра 10 сынып.
Сабақтың тақырыбы:Тригонометриялық функциялардың туындыларын «Геогебра» арқылы анықтау.
Білімділік мақсаты: Оқушыларға Геогебра арқылы тригонометриялық функциялардың туындыларының формула және график түріндегі шешілу жолдарын түсіндіру, есептер шығару.
Дамытушылық мақсаты: Оқушыларға кез-келген тригонометриялық функциялардың туындысының графигін қосымшы сызықтар арқылы табуға үйрету, аналитикалық, формула және графиктік түрдегі туындыларды салыстырып көрсету, тақырыптар арасындағы байланысты орнату.
Тәрбиелік мақсаты: Оқушының өз-өзіне сенімін , пәнге қызығушылығын арттыру, кез-келген нәтижеге өз күшімен жетуге шақыру.
Сабақ жоспары:
1.Ұйымдастыру.
2. «Геогебра» бағдарламасымен жұмыс істеу ережелерін қайталау.
3. Жаңа сабақ түсіндіру.
4. «Геогебрамен» жұмыс істеу.
5.Оқулықпен жұмыс.
6. Өз беттерімен шығаруға тапсырмалар беру.
7. Сабақты қорытындылау.
Сабақ барысы.
1.Ұйымдастыру.
2. Өткенге шолу:
1) Қандай тригонометриялық функцияларды білеміз?
2) Тригонометриялық функциялардың туындылары неге тең?
3) « Геогебрада» қалай орындаймыз?
3. Жаңа тақырып түсіндіру: Тригонометриялық функциялардың туындыларын «Геогебра» арқылы анықтау.
Тригонометриялық функциялардың туындыларының формулаларын еске түсірейік:
Енді Геогебра арқылы осы функциялардың туындыларының графиктерін салып көрейік.Ол үшін Геогебраның алгоритміне тоқталамыз.
Мысал:
у=sinx функциясының туындысының графигін салайық, яғни у=cosx функциясының графигін саламыз.
1.
Кіріс:y=cos(x)
-
Кіріс алаңына y=sin(x) енгіземіз.
3)Жаңа нүкте құралын таңдап, косинус графигінің бойынан бір нүкте таңдаңыз.Ол А деп аталады.
4)Жылжыту құралын таңдап,А нүктесін жылжытып көріңіз.
5)Жанама құралын таңдап,алдымен Анүктесін,содан косинус графигін шертіңіз.Сонда функцияның жанама сызығы сызылады.
6)Бұрыштық коэффициент құралын таңдап,А нүктесін бір рет шертіңіз.
7) Жылжыту құралын таңдап,А нүктесін жылжытып көріңіз.
Кіріс:В=(x(A),m)
8) Кіріс алаңына В=(x(A),m) жаңа нүкте салыңыз.Бұл жердегі у координатасыА нүктесі арқылы өткен жанаманың бұрыштық коэффициенті.
9)Тінтуірдің оң жағын шертіп,Із бар таңдаңыз.
10) Анүктесін жылжытып көріңіз.А нүктесі орнын өзгеоткен сайын, В нүктесі де өзгереді, артынан із қалдырады.Бұл із-косинус функциясының туындысы болатын синус графигі
Тапсырма
Осындай әдіспен y=cos(x) , y=tan(x) туындыларын өрнектеңіз.
Сызбаны көрсетеміз:
2. Дәл осы алгоритммен косинус функциясының туындысының графигін салайық.
Сабақты қорытындылау, үйге тапсырма беру.