7


  • Учителю
  • 'Үлестер' тақырыбында сабақ жоспары (4 сынып)

'Үлестер' тақырыбында сабақ жоспары (4 сынып)

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Бекітемін ____________

Мектеп директоры:

Сендалиев Т.Т.


Пәні: математика. 4 "а" сынып Күні: ___________

Сабақтың тақырыбы: "Үлестер"

Сабақтың мақсаты:

1.Білімділік: Өтілген материал бойынша жеке қиындықтарды анықтау, санның үлесі ұғымын нақтылау; есептердің өтілген түрлерін шығару дағдыларын бекіту.

2.Дамытушылық:Оқушылардың ақыл-ойын, байқағыштық қабілетін, логикалық ойлау қабілетін арттыру.

3.Тәрбиелік: Шапшаңдыққа,ептілікке,тапқырлыққа баулу, адамгершілік, имандылық қасиеттерін қалыптастыру

Сабақтың әдісі: Сұрақ-жауап,түсіндіру, ізденіс

Сабақтың түрі: Жаңа білімді меңгерту.

Сабақтың көрнекілігі: Суреттер, ойындар,геометриялық фигуралар.

Пәнаралық байланыс: Дүниетану пәні, дене шынықтыру

Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі.

А) Оқушылармен сәлемдесу.

Ә) Балалардың назарын сабаққа аудару.

2.Психологиялық дайындық.

Қайырлы күн достым, қызықты күн болсын.

Бейсенбінің күнінде, сәттілікке толсын.

Біздің алар бағамыз, кілең бестік болсын.

3.Үй тапсырмасын сұрау. Үйге №5 есеп 139 беттегі. Өрнектерді жаз және олардың мәнін тап.

(1800:6)+(600*60)=300+36000=36300

(5000-509)-999=4491-999=3492

(35000*2):100=70000:100=700

(8400-8200)*250=200*250=50000

(10200+16000):20=26200:20=1310

2-3 балаға оқытып, басқаларын тексертемін.

4.Жаңа сабақ мазмұны. Тақырып: "Үлестер".

Суретке қараймыз. Мына тіктөртбұрыш неше тең бөлікке бөлінген? (16) Қанша бөлігі боялған?(4 бөлігі боялған). Мұны біз бөлшек түрінде жазып көрсетейік. - 16 бөлімі, 4 алымы

2-суретте 21 бөлікке бөлінген, 9 бөлігі боялған, яғни бөлшек түрінде көрсетеміз.

Мынау бүтін алма ортасынан бөлсек 2 бөлікке бөлінеді.Тағы ортасынан бөлсек 4 бөлікке бөлінеді. Төрт бөліктің 1 бөлігін алып тәрелкеге саламыз. Бөлшек түрінде жазамыз

4 бөлімі, 1 алымы. Демек, тәрелкеге алма салынды.

5.Сергіту сәті.

Оқушыларды 3 топқа бөлемін.

1 топқа №2 есеп

а) 240:8=30 алма ағаштары, 240-30=210 алмұрт ағаштары


2 топқа №2 есеп

ә) 12*3=36 cм


3 топқа №2 есеп

б) 45дм:5=9 дм қалды, 45 дм- 9 дм=36 дм жұмсалды.

№3 есеп тақтада орындалады. «Кім жылдам » ойын третінде ойналады

(3 қатардан 3 оқушы тақтаға шығарылады) .

816:□=9 (6 қалдық).

634:□=7 (4 қалдық).

725:□=8 (5 қалдық).

№4 есеп

t=? V1 =13км/сағ V2 = 17км/сағ S=90км V1+V2=V

13км/сағ+17км/сағ=30км/сағ. t=S:V=90км:30км/сағ=3сағ.

№5 есеп 3 топқа бөлемін, тақтада баған түрінде орындайды.

1 топ 2 топ 3 топ

150:3=50 615:3=205 140:7=20

600:3=200 350:7=50 364:7=52

Логикалық есеп №8

Серік пен Назымның үйлері көшенің бір жағында орналасқан. Серіктің үйінен мектепке дейінгі арақашықтық 200 м-ді құраса, ал Назымның үйінен мектепке дейінгі арақашықтық 500 м аралықты алып жатыр. Назымның үйінен Серіктің үйіне дейінгі арақашықтықты тап.

Жауабы: Назымның үйінен Серіктің үйіне дейін 300 м.

6.Қорытындылау.

3 қатарға 3түрлі фигура беремін ,4,6,8 бөліктерге бөлдіртіп, 2, 3, 4 бөлектерді боятамын. Бөлшек түрінде жаздырамын. Ары қарай бөлшектерді толықтырамын, қорытындылаймын.

7.Үйге тапсырма беру.

№4 есеп (ә) 142 бет, №6 есеп 143 бет

8. Бағалау. Әрбір оқушыны сабақ бойында жинаған фишкаларының санымен бағалаймын.




 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал