- Учителю
- Сабақ жоспары 'Рационал сандарды бөлу'6 сынып
Сабақ жоспары 'Рационал сандарды бөлу'6 сынып
Қарағанды облысы Балқаш қаласы
«қалалық гимназия»
математика пәнінің мұғалімі
Тикей Мейрамгул
Сабақтың тақырыбы: Рационал сандарды бөлу.6сынып
Сабақтың мақсаты:
1. Білімділік:Рационал сандарды бөлу ережесін есептер шығаруда тиімді
қолдануға дағдыландыру ,есептер шығару барысында оқушылардың шығармашылығын, ойлау икемділігін шыңдау.
2. Тәрбиелік: Дәлдікке, ұқыптылыққа,сауатты сөйлеуге тәрбиелеу.
3. Дамытушылық:Оқушылардың ой-өрісін ынтасын арттыру, іскерліктерін және өз бетімен еңбектену қабілеттілігін, белсенділігін дамыту.
Сабақтың түрі: білімді тиянақтау сабағы
Сабақтың типі: Өткен тақырыпты қайталау (ойын сабақ)
Әдісі: Сұрақ-жауап, түсіндіру, іздендіру.
Көрнекіліктері: интерактивті тақта, слайд, таратпа қағаздар.
Сабақтың жоспары:
1.Ұйымдстыру кезеңі
а) амандасу түгендеу ә) сабақтың мақсатымен таныстыру
2.Үй тапсырмасын тексеру
3. «Сұрақ- жауап» ойыны
4. «Кім көп біледі?» ойыны
5.«Кім жылдам?» ойыны
6. «Кім тапқыр?» ойыны
7. «Оқулықпен жұмыс »
8. Тест тапсырмасы
9.Үй тапсырмасын беру
10.Қорытындылау
Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру (оқушыларды түгендеу, сабаққа дайындығын тексеру, сабақтың мақсатын айту)
Оқушылармен амандасып, бүгінгі сабақтағы мақсатымыз - «қайталау- оқу анасы» деген қағидаға сүйене отырып, алған білімдерімізді есеп шығаруда пайдалана алу.
ІІ. Үйге берілген №566(1-6),№568(1), есепті тексереміз.
ІІІ. «Сұрақ-жауап» ойыны
-
Кез келген теріс сан оң саннан -------? Кіші
-
а кез-келген теріс сан---нөлден? a<0
-
Координаталық түзу бойында -3,2 саны -3 тің---? Сол жағында
-
Қарама - қарсы сандардың қосындысы ? 0
-
Бөлінгіш пен бөлгіштің таңбалары бірдей болса, бөлінді қандай сан болады? +
-
Таңбалары әр түрлі сандарды бөлсе, бөлінді қандай сан болады? (-)
ІV. «Кім көп біледі» ойыны
-
0 мен теріс санды салыстыр?. ( 0 үлкен теріс саннан)
-
0 мен оң санды салыстыр? ( 0 кіші теріс саннан)
-
Екі теріс санның қайсысы үлкен болады?
-
Екі теріс санды қалай қосады?
-
Таңбалары әртүрлі ,модульдері тең емес сандарды қалай қосады?
-
Рационал сандарды қалай азайтады?
-
Таңбалары әр түрлі екі санды қалай көбейтеміз?
-
Таңбалары бірдей екі санды қалай көбейтеміз?
-
Таңбалары әр түрлі екі санды қалай бөлеміз?
-
Таңбалары бірдей екі санды қалай бөлеміз?
V. «Кім жылдам » ойыны
1) -5:(-1) 2) 28:(-7) 3) 0:(-2) 4) 25:(-5)
5) -0,5:0,1 6) 55:(-11) 7) -6,3:3 8) 46: (-2)
9) -105 :( -21) 10) -68: (-34) 11) -42 : (-3) 12) 72 : (-3)
VІ. «Кім тапқыр » ойыны (слайд) кеспе қағазда
-8,5:1,7= -15,2:9,5
9:(-1,8)= -8,32:(-6,4)
(9-17):(8-12)= -1,22:х=6,1
(-32:8)-0,5*(-6)= -8,9 :(-х)=11,57
VІІ. «Оқулықпен жұмыс »
А .№558(1-3), В. №570(1-3) , С. №581 (1)
VIIІ. Тест тапсырмасы. (Слайд)
-
6,3: (-0,9)= А) -7 В)7 С) -700
-
-5,4:(-3)= А)-18 В)1,8 С)-1,8
-
3,6:( -4)= А)-0,9 В)9 С)-9
-
-8:(-1,6) = А)0,5 В)5 С)-5
-
9:(-5) = А)1,8 В)-1,08 С)-1,8
VIII. Сергіту сәті
Сабақты қорытындылау. Мысық пен күшік ойыны
Мысық -теріс таңбалы, күшік- оң аңбалы
ІХ. Үйге тапсырма №570 (4-6),№572,№581(2)
«Балқаш қаласы қалалық гимназияі»
«Рационал сандарды бөлу»
Сынып:6
Пәні: математика
Мұғалім : Тикей Мейрамгул
Балқаш қаласы