- Учителю
- Рационал теңдеуге есептер шығару 8-сынып
Рационал теңдеуге есептер шығару 8-сынып
Аты-жөні: Жекебай Нұрбадат
Мамандығы: физика-математикаМектебі:«С.Қырықбаева атындағы
шағын орталығы бар орта мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қысқа мерзімді жоспары18.12.2015ж
Сабақтың тақырыбы
Рационал теңдеуге есептер шығару
Жалпы мақсаты
Оқушыларға рационал теңдеулер туралы білімдерін кеңейту, бөлшек- рационал теңдеулерді шешуді үйрету.
Сілтеме
Күнтізбелік жоспар, «Алгебра» оқулығы 8-сынып.
Оқу нәтижесі
Оқушылар рационал теңдеулерді шығара отырып, бүтін рационал теңдеу мен бөлшек рационал теңдеудің айырмашылықтарын ашады. Сыни тұрғыдан ойлап нақты жауап беруге үйренеді. Өздігінен білім алуға дағдыланады.
Негізгі идеялар
Рационал теңдеуді шешу - күрделі теңдеулерді шешуде қолданыс табады.
Сабақта қолданылатын
ресурстар
Үлестірме қағаздар,бағалау парағы, смайликтер,стикер, ноудбук ,А3, дидактикалық материалдар, әдістемелік құралдар, интербелсенді тақта.
Оқыту әдістері
Топтық жұмыс, жұптық жұмыс, постер құрау, «Алгоритм», «ЖИГСО», «Сұрақтар пирамидасы»
Сабақ барысы
Оқу белсенділігін арттыруда қолданыла-тын әдіс-тәсілдер
Мұғалімнің
іс-әрекеті
Оқушының
іс-әрекеті
Бағалау
(формативті, суммативті)
Сабақ кезеңдері
1-кезең: Қызығушылықты ояту:
- ұйымдастыру
- үй тапсырмасын тексеру;
-қарастырылған тақырып бойынша бұрынғы білім еске түсіріледі;
- белсенді әрекетке жұмылдырылады;
- ойлау жұмысына ынталандырылады
Психология-лық ахуал тудыру.
«Топқа бөлу»
«Алгоритм»
Сабақтың мақсатын анықтау
Сұрақтар пирамидасы
Елбасының өсиет сөзін айту арқылы оқушыларға білімнің маңыздылығын түсіндіріп, сабаққа белсенділік танытулары сұралады.
Алгоритмдер жазылған парақшалар тарату.
Үй тапсырмасының дұрыс жауабы тақтадан көрсетіледі. Бағалау парақтары таратылады.
Әртүрлі 7 теңдеу беріледі.
Түрткі сұрақтар қойылады
Пирамида түріндегі макетте әр бөлім бойынша тапсырмалар беріледі.
Түстер бойынша 3 топқа бөлінеді.
Жұптасу арқылы бір-бірінің үй тапсырмаларын тексереді.
Теңдеулерді атап, шығару жолдарын түсіндіреді.
Сұрақтарға жауап іздей отырып, жаңа сабақтың мақсатын анықтайды.
«Білу» қалтасындағы сұрақтарға жауап береді (еске түсіру)
Критерий арқылы
Критерий арқылы
Жұлдызша жинау арқылы
2-кезең: Мағынаны ажырату:
- оқушылар өз тәжірибелері арқылы жаңа білім туралы өзіндік түсінік пен пікір қалыптастырады;
- жаңа білім жайлы өзіндік түсінік қалыптастырады
Сұрақтар пирамидасы
«Жигсо»
«Кім жылдам?»
Берілген теңдеулерді шешуге тапсырма беріледі.
3 топқа тапсырма беріледі:
1-топ:
№7 теңдеуді 1-тәсілмен шығару
2-топ:
№7 теңдеуді 2-тәсілмен шығару
3-топ:
№7 теңдеуді шешу алгоритмін құру.
Оқулықпен жұмыс. Есеп шығарту.
№173 (1, 3)
№174 (1, 3)
№178 (1, 3)
«Түсіну» қаласындағы теңдеулерді шешіп көреді.
«Қолдану» қалтасындағы тапсырмаларды орындау. Постер жасап, қорғайды. Рационал теңдеуді шешуге қорытынды жасайды.
«Талдау» қалтасындағы тапсырманы орындау. Тақтаға және дәптерге есеп шығарады. Бөгде түбірлерін табады.
Критерий арқылы бағалау
Критерий арқылы бағалау.
Смайликтер арқылы бағалау.
Критерий арқылы бағалау
3-кезең: Ой-толғаныс:
-
анализ, өз ойлары мен түсініктерін өздері игерген мәліметтері арқылы жеткізеді;
-
синтез, бір-бірімен ой бөліседі
-
сабақ қорытындысы
Сұрақтар пирамидасы
Бағалау
Экраннан бекіту сұрақтарын беру.
Оқушалардың бағалау парақтарын талдау. Қорытынды баға қою.
«Жинақтау» қалтасындағы сұрақтарға жауап беру.
Бағалау парақтарын талдау.
«Бағалау» қалтасына парақтарын салу.
Жұлдызша арқылы бағалау.
Критерий арқылы бағалау.
Келесі оқуға арналған тапсырмалар
(үй тапсырмасы)
Үйге тапсырма беру: №173 (2, 4)
№174 (2, 4)№178 (2, 4)