7


  • Учителю
  • Ғылыми жоба Симметрия әлемінде

Ғылыми жоба Симметрия әлемінде

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

« Ю. А. Гагарин атындағы №1 Күршім орта мектебі» КММ













Ғылыми жоба тақырыбы:

« Симметрия әлемінде »





Орындаған: 6б сынып оқушысы Базкенов Руслан

Жаратылыстану-математикалық бағыт

Жетекшісі математика пәнінің мұғалімі: Апышева Марлан Ануарбековна

























2016-2017 оқу жылы









































































Ғылыми жоба «Симметрия әлемінде»

Жоспар:

І.Кіріспе.

ІІ.Негізгі бөлім

2.1 Симметрия түрлері.

2.2 Табиғаттағы симметрия.

2.3 Көркем өнердегі симметрия.

2.4 Архитектурада кездесетін симметрия.

2.5 Сөздерде кездесетін палиндромдар.

ІІІ. Қорытынды

І.Кіріспе

Математика- ғылымдар патшасы деп бекер айтылмаған болар. Қай саланы алып қарастырмасақ та математиканың кішкентай болса да бір бөлігі кездесетіні анық.

Бүгін таныстыратын ғылыми жобам да математиканың бір бөлігі ғана, бірақ қаншалықты маңызы зор екенін, қоршаған ортада яғни, тірі және өлі табиғаттағы, сөздер мен сәулет өнеріндегі симметрияны қарастырып, математиканың қолданылу аясы туралы түсінігімізді кеңейтемін. Бұл менің пәнге деген қызығушылығымызды арта түсіп, болашақта оны игеру мүмкіндігін бағалауға көмектесетініне сенемін. Болашақта бұл алған білімді суретші, сәулетші, қоғамдық қызмет саласындағы мамандықтарда пайдалану мүмкіндігін көрсетеді.

ІІ Негізгі бөлім

2.1 Симметрия түрлері Адамзат тарихында ең ерте қалыптасқан ғылымдардың бірі - математика. Математиканың алғашқы бесіктерінің бірі Мысыр елі болды. Табиғатта, техникада және тұрмыста кейбір денелердің өзара ұқсас, үйлесімді орналасуын симметрия деп атайды. «Симметрия» грек сөзінен алынған «үйлесім» сөзі сияқты бірдей өлшемділікті, белгілі бір реттілікпен орналасқан деген ұғымды білдіреді.Симметрия ұғымы адам шығармашылығыны көпғасырлық тарихымен тығыз байланысты. Симметрия физика мен математикада, химия мен биологияда, техника және архитектурада, поэзия мен музыкада маңызды роль атқарады. Симметрияның көптеген түрлері бар, соның ең қарапайым түрі - түзуге қатысты және нүктеге қатысты симметрия.0

Түзуге қатысты симметрия -егер түзу бойымен бүктегенде жазықтықтағы екі фигура бір-бірімен беттесетін болса, ондай фигуралар түзуге қатысты симметриялы фигуралар деп аталады. Симметриялы фигуралар өзара тең болады. Егер түзу фигураны симметриялы екі бөлікке бөлсе, онда ондай фигура осьтік симметриялы фигура деп аталады, ал түзу сол фигураның симметрия осі деп аталады.

Тік төртбұрыш, квадрат, шеңбер - осьтік симметриялы фигуралар. Тік төртбұрыштың екі симметрия осі бар, квадраттың төрт симметрия осі бар. Шеңбердің кез келген диаметрі арқылы өтетін түзу оның симметрия осі болады. Сондықтан шеңбердің симметрия осьтері шексіз көп. Бұрыш - осьтік симметриялы фигура. Бұрыштың симметрия осі бойындағы бұрыштың төбесінен басталатын сәулені биссектриса деп атайды. Бұрыштың биссектрисасы оны градустық өлшемтері тең екі бұрышқа бөледі.

Симметрияның екінші түрі - нүктеге қатысты симметрия.О нүктесіне қатысты симметриялы нүктелер фигураның өзінде жатса, ол фигура центрлік симметриялы фигура деп аталады. О нүктесі фигураның симметрия центрі деп аталады. Тік төртбұрыш, шеңбер, кесінді - центрлік симметриялы фигуралар. Тік төртбұрыштың қарама-қарсы төбелерін қосатын кесінді диагональ деп аталады. Тік төртбұрыштың диагональдарының қиылысу нүктесі - оның симметрия центрі. Шеңбердің симметрия центрі - шеңбердің центрі болатын О нүктесі. Кесіндіні тең екі бөлікке бөлетін О нүктесі - оның симметрия центрі. Координаталық жазықтықтағы координаталар басы О нүктесіне катысты симметриялы нүктелердің координаталары қарама-қарсы сандар болады

2.2 Табиғаттағы симметрия.

Симметрияның қолданысы барлық саланы қамтиды десек артық айтпаған болар едім. Симметрия ұғымы адамзаттың көп ғасырлық тарихынан таныс деуге болады. Математиканың, физиканың, тіпті табиғаттың заңдары да симметрия принциптеріне бағынады. Мысалы көбелекті,еменнің жапырағын, автомобилдер мен ұшақтың құрылысы, атом молекулаларының және кристалдарының құрылыстарын алайық.

Егер оларды ойша ортасынан сызып бүктесек, екі жартысы бір - бірімен дәл беттеседі. Ал егер ол сызыққа айна қойсақ, суреттің жартысы мен айнадағы кескін толық фигураны береді. Сондықтан мұндай симметрия айналы деп аталады. Айна қойылған түзу симметрия осі деп аталар еді.

Күн сайын әрқайысымыз айнадан өзіміздің кескінімізді көреміз. Мұның үйреншікті боп кеткені соншалық, біз таң қалмаймыз, сұрақтар қоймаймыз, жаңалық ашпаймыз.

2.3 Көркем өнердегі симметрия

Қазақтың ұлтық ою-өрнектері өзінің әсемдігімен көз тартады. Ою-өрнектедің түрлері өте көп. Олардың әрқайсысы әртүрлі симметриялы. Сонымен қатар қазақ қыздарының әшекей бұйымдары да басқаларға қарағанда симметрия жағынан айқын көрінеді. оған мысал ретінде шашқа тағатын шолпы, білезік, белдік пен белбау сондай-ақ киіз үйдің жабдықтары, сандықтың бетіндегі оюлардың барлығы симметриялы.

2.4Архитектурада кездесетін симметрия.

Сәулет өнері - құрылысты жобалау, салу, оған көркемдік бейне беру өнері. Архитектура туындылары адамның күнбе-күнгі тіршілік ортасын қалыптастырады. Олар: әр түрлі қажеттіліктерді атқаруға арналған және адамның эстетикалық талғамына жауап бере алатындай болып салынған тұрғын үйлер, қоғамдық ғимараттар, өнеркәсіптік кешендер. Сәулет өнері - техниканың, ғылымның және өнердің тоғысқан жері.

Адамзат баласы көне заманнан бастап құрылыспен айналысқан. Адамдар неолит кезінде үйді ағаштан, қамыстан, талдан және балшықтан салды. Су айдынында, қағылған қазықтың үстіне тұрғызылған үйлер де болған.

Сәулет өнерінің осы күнге дейін дамып көркейіп келе жатқанын көптеген қалалардан, ауылдар мен селолық округтардан, тіпті туған өлкеміз Күршім селосынан көздің жауын алып тұрған ғимараттар мен үйлерден айқын көруге болады.



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал