7


Жазықтық. Нүкте. Түзу. Сәуле.

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Сабақ жоспары



Пәні: Математика

</ Күні: 06.09.2016 ж.

Сыныбы: 5 сынып

Сабақтың тақырыбы: Жазықтық. Нүкте. Түзу. Сәуле.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Оқушыларға жазықтық, нүкте, сәуле, түзу туралы түсініктер беру.

Дамытушылық: Оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру. Жазықтық, нүкте, түзу және сәулені кескіндеп есептер шығаруға дағдыландыру.

Тәрбиелілік: Оқушыларды берілген тапсырманы ұқыпты, шапшаң және тиянақты орындауға, ережелерді есте сақтап дұрыс қолдана білуге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Жаңа сабақ.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру бөлімі.

Оқушылармен амандасу, танысу, оқушы қатысын тексеру.

ІІ. Жаңа материалды игерту.

Жазықтықтың шеті болмайды. Жазықтық барлық бағытта шектеусіз.



1-суреттегі жазықтықта E және K нүктелері кескінделген.





1-сурет



Нүкте латын алфавитінің бас әрпімен белгіленеді. Оқылуы: «Е нүктесі», «K нүктесі».









ә)

-суретте түзуі кескінделген.

ә-суретте АВ немесе ВА түзуі кескінделген.

Түзудің бастапқы және соңғы нүктелері болмайды. Ол екі жаққа да шектеусіз созылады.

Кез келген еуі нүкте арқылы бір ғана түзу жүргізуге болады.

Қиылысатын екі түзудің бір ғана ортақ нүктесі болады (2-сурет).







2-сурет

Сәуленің басталу нүктесі бар, бірақ аяқталу нүктесі болмайды. 3-суреттің оқылуы: «EF сәулесі».











3-сурет

Сәуле - түзу бойында берілген нүктеден (басталу нүктесінен) және оның бір жағында жатқан нүктелерден тұратын түзудің бөлігі.

Нүктемен түзуді бөлгенде шығатын сәулелер толықтауыш сәулелер деп аталады.

ІІІ. Кітаппен жұмыс.

№28. Дәптерге:

  • E және F нүктелерін белгілеңдер;

E және F нүктелері арқылы түзу жүргізіңдер.

  • Түзуді оқыңдар және белгіленуімен жазыңдар.

Осы екі E және F нүктелері арқылы неше түзу жүргізуге болады?

№29. 4-суретте жазықтықтағы түзуі және А, В, С, Е және D нүктелері кескінделген. A, B,C,E және D нүктелері түзуіне қатысты қалай орналасқан?



Жазықтық. Нүкте. Түзу. Сәуле.

4-сурет

№31. 1) O нүктесінде қиылысатын KL және NP түзулерін жүргізіп, толықтауыш сәулелерді жазыңдар.

2) O нүктесінде қиылысатын KL және NP түзулері жазықтықты неше бөлікке бөледі?

№33. 5-суретте түзуі және CD, OA сәулелері кескінделген. түзуі қай сәулемен қиылысады? Қай сәулемен қиылыспайды?







5-сурет

ІV. Қортындылау.

  1. Жазықтық ұғымын қалай түсінесін?

  2. Нүктені қандай әріппен белгілейді?

  3. Түзу дегеніміз не?

  4. Сәуле дегеніміз не?

V. Үйге тапсырма беру.

№30 (ауызша), №32, №34, №35 (ауызша), №37.

VI. Бағалау.

Сабаққа белсене араласқан оқушыларды бағалау.













 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал