7


  • Учителю
  • Краткосрочный план урока на тему 'Пропорция'

Краткосрочный план урока на тему 'Пропорция'

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Карима Убайдуллаева

Алматы облысы,

Іле ауданы

№27 орта мектебінің математика пәні мұғалімі



6- сынып математика

«Пропорция» тақырыбына қысқа мерзімді жоспар

Тақырыбы

Пропорция, есептер шығару

Мақсаты

Оқушылардың математикаға қызығушылығын, ынтасын, зейінін арттыру, алған білімдерін тереңдету.
Ой - өрісін кеңейту, логикалық ойлау қабілеттерін дамыту, ұйымшылдық қабілеттерін дамыту.
Тапсырмалар бойынша түсіну арқылы тапсырмаларды оқып,мазмұнын аша отырып түсініктер қалыптастыру


Жалпы мақсат

Тақырыпты түсініп оқи білуге баулу. Тілін, сөздік қорларын дамыту арқылы сабаққа деген қызығушылығын арттыру

Күтілетін нәтиже

Тақырыптың мазмұнын жетік түсінеді. Сабаққа қызығушылығы артып, өз ойын жүйелі түрде жеткізеді. Оқушылар сыни тұрғыдан ойлауға дағдыланады

7 модульдің қолданылуы

АКТ", "Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер", "Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау", "Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету", "Оқытуды басқару және көшбасшылық".


Қолданылатын әдіс-тәсілдер

Ептілер,жүйріктер,алғырлар, Сәйкестендіру,Миға шабуыл, Кім жүйрік ойыны

Қолданылатын ресурстар

Флипчарт, маркерлер, портреттер, тақта, стикерлер, ноутбук

Ұйымдастыру кезеңі



Тренинг

Жаңа тақырыпқа байланысты сыныпты сурет арқылы 3 топқа бөлу

Оқушылардың мұндағы мақсаты суреттер арқылы өз жұптарын тауып, топ болып құралу

Сабақ кезеңдері

Тапсырма

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушылардың іс-әрекеті

Білім


Қызығушылық

тарын ояту

Миға шабуыл арқылы

Сұрақ жауапты пайдалану

Үйге берілген тапсырманы сұрақ-жауап арқылы әр топты диалогқа түсіру,Өткен тақырып арналған а үй тасырмасын қайталауға сұрақтар жасалып, арнайы плакатқа жазылып тақтаға ілінеді, крассворд, карточкалар

  1. Екі санның қатнасы деген не, формуласы?

  2. Пропорция деген не, формуласы?

  3. Пропорцияның негізгі қәсиеті?

  4. Тура пропорционал шамалар?

  5. Кері пропорционал шамалар?

Оқушылардың мұндағы мақсаты берілген тапсырмаларды қатесіз топпен орындау, білімдерін тексеру.

Топпен жұмыс жасау, жарыс арқылы сабаққа деген ынталары артады

Түсіну

«Ептілер, жүйріктер, алғырлар»

Жаңа сабақты бастамас бұрын ой қозғау мақсатында оқушыларға арнайы тапсырмалар таратылады, өткен тақырыпты еске түсіруге байланысты бірненше тапсырмалар беру арқылы топтар арасында жарыс ұймдастарылады

  1. Туристтер 200 км қашықтықты жүріп өтті. Оның 40%-ын машинамен жүріп өтті. Туристтер машинамен қанша жол жүріп өтті?

  2. Қарбыз массасының 98%-ы су. 5 кг қарбызда қанша су бар?

  3. Барлығы 600 теңге бар. Осы теңгенің ¼-і жұмсалды. Қанша теңге қалды?

Оқушылардың мұндағы мақсаты берілген тапсырмаларды қатесіз топпен орындау, білімдерін тексеру.

Топпен жұмыс жасау, жарыс арқылы сабаққа деген ынталары артады

Қолдану

Топпен жұмыс «Инсерт әдісі» арқылы жалпы бүгінгі сабақта не үйренгендерін тексеру арқылы тақырыпқа қолдану


Берілген әдіс бойынша оқушылар бүгінгі сабақтан не үйренгендігін білу үшін оқушылар өз ойларын тапсырмаларға қолданады

1 топ: 120 м матадан 24 көйлек тігіледі, осындай 18 көйлек қанша м матадан тігіледі?

12: 24 = х:18

х = (12 · 18):24 = 90

2 топ: 28 кг картоптан 4,2 кг крахмал алынады, 35 кг картоптан қанша кг крахмал алынады.

28:4,2 = 35: х

х = (4,2 · 35): 28 = 5,25

№ 1598

1) 6:11 = х:55

х = (6 · 55) : 11 = 30

2) 3:8 = 45:х

х = (45· 8) : 3 = 120

3) 8:х = 104:117

х = (8 · 117):104 = 9

  1. х:15 = 24:90

  2. х = (24 · 15) :90 = 4

  3. х: 19,5 = 2:3

х = (19,5 · 2):3= 13

  1. 37,8:х = 7:15

х = (37,8 · 15): 7 = 81

Берілген тапсырманы уақытылы орындау, сұрақтарға нақты жауап беру, өзара пікір алмасады, топпен, жек дара тапсырмаларды орындайды

Сергіту сәті

«Балапандар биі» атты жаттығу жасау

Оқушылармен бірге сергіту сәтін жасау

Интербелсеңді тақтадағы бейнероиктегідей жаттығулар жасайды.

Талдау

«Сәйкестендіру» тақырыпқа қатысты жауаптарын сәйкестендіру

арқылы сабақты талдау


Топтарға жаңа тақырып бойынша және өткен сабақты толық меңгерту мақсатында сәйкестендіру әдісін пайдалану арқылы тапсырмалар беріледі.Ол әдіс арқылы оқушы жаңа тапсырманы түсінеді,ойланады тапсырмаға байланысты тапсырмаларды сәйкестендіреді

а :9= 2:18

25

5:11= а:55

10

2:а = 4:20

1

а:5 = 2:5

9

6:а =2:3

2

Берілген жаңа тақырыпты топтан талқылайды, өз ойларын ортаға салады, тексереді, нәтижесін қазаға жазылған тапсырмаға қатысты сәйкестендіріп жауабын көрсетеді.

Берілген сұрақтар арқылы топтар бір-біріне сұрақ қою арқылы диалогке түседі.


Жинақтау

Кім жүйрік ойыны арқылы сабақты жинақтайды

Тақырып бойынша білімдерін жинақтау үшін әр топқа сұрақтар таратылады, сол сұраққа жауап беріп тақырыпты жинақтайды

Әр топ өзара тақырыпқа қатысты сұрақтарға жауап беріп тақырыпты қалай түсінгендерін көрсету арқылы сабақты жинақтайды

Бағалау

Өзін-өзі бағалау (2 мин)

Бағдаршам, бағалау парақшалары

Бағалау парақшасы мен бағалау шкаласын тарату

Өзін өзі топпен бағалайды

Рефлексия

Стикерлерді толтыру

Оқушыларға стикер толтыруды ұсыну

Ұсынылған стикерді толтыру



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал