7


  • Учителю
  • Ашық сабақ 'Дарынды додасы' математика 5-6 сынып

Ашық сабақ 'Дарынды додасы' математика 5-6 сынып

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание: Оқушылардың математикаға қызығушылығын, ынтасын, зейінін арттыру, алған білімдерін тереңдету.Ой-өрісін кеңейту, логикалық ойлау қабілеттерін дамыту, ұйымшылдық қабілеттерін дамыту. Оқушыларды ұжымшылдыққа, жолдастыққа, алғырлыққа, белсенділіккежәнежекетұлғаетіпқал
предварительный просмотр материала

"Дарындылар додасы"

Мақсаты: Білімділік: Оқушылардың математикаға қызығушылығын, ынтасын, зейінін арттыру, алған білімдерін тереңдету.
Дамытушылық: Ой-өрісін кеңейту, логикалық ойлау қабілеттерін дамыту, ұйымшылдық қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік: Оқушыларды ұжымшылдыққа, жолдастыққа, алғырлыққа, белсенділікке және жеке тұлға етіп қалыптастыру.
Типі: Білім дағдыларын жетілдіру сабағы
Түрі: Жарыс сабақ.
Көрнекілігі: компьютер, қанатты сөздер, бағалау парағы.


1-жүргіруші:
«Асыл тастан, өнер жастан
Шығады деп дарынды
Халық айтса қалт айтпайды
Әрқашанда нанымды » -деп Абай атамыз айтқандай

«Өмірдің өзі сайыс, ойын».
2-жүргіруші:
Бүгін біздің сыныпта математика пәнінің алғырлары күш сынасып,

өздерінің білім деңгейін көрсетпекші
1-жүргіруші:
Шақырамыз, келіңдер жарысуға .
Күш, өнер, біліммен алысуға
Бар өнерді салайық, ортамызға
Қанеки, кім шығады сайысуға
Ортаға сайыскерлерді шақырамыз.
2-жүргіруші :
Сонымен, құрметті көрермендер, сайысымызды бастайық.

Сайысымыздың алғашқы туры - «Бәйге»
Қарап тұрмай бәйгеге еріңіз
Шәкірттерге әділ шешім беріңіз
Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар шығарар ,
Бәйге, бәйге, бәйге бір көріңіз
1-жүргіруші :
Бұл тур бойынша сайысқа қатысушы тұлпарларға сұрақтар қойылады.

Кім бірінші белгі берсе , сол жауап береді.

Әрбір дұрыс жауапқа 10 - ұпай
Тур . « Бәйге» (слайд)
1.Жақша алдында минус таңбасы болса , жақша қалай ашылады ?
( Жақша ішіндегі алгебралық қосындылардың таңбалары қарама - қарсы таңбаларға өзгереді)


2. Қандай өрнек әріпті өрнек деп аталады ?
(Құрамында әріпі бар өрнек әріпті өрнек деп аталады )
2-Жүргізуші :
« Ана тілің - арың бұл
Ұятың боп тұр бетте
Өзге тілдің бәрін біл
Өз тіліңді құрметте» -дей келе сайысымыздың келесі туры

«Тіл - өнер» бөлімін бастаймыз.
1-Жүргізуші :
Бұл бөлім бойынша сайыскерлерімізге жұмбақ немесе мақал - мәтелдерден және геометриялық ұғымдардан сөз жасырылады.

Жауабын екі тілге аудару керек.
Жауабын дұрыс тауып 10 ұпай, аударса 20 ұпайға ие боласыңдар.
Тур . «Тіл - өнер »(слайд)
1.Кез келген екі нүкте арқылы нені жүргізуге болады
(түзу - прямая)
2. Бір нүктеден шығып екі сәуледен құралатын геометриялық фигура
(бұрыш - угол)
3.Бір нүктемен шектелген түзудің бөлігі
( сәуле - луч)
4.Тік бұрыштан кіші бұрыш
(сүйір - острый )

5. Көп сөз - күміс,
Аз сөз - ____.(алтын - золото)
2- жүргізуші :

Қойылған сұрақ, есепке,

Ойланып жауап іздейік.

Уақытты текке өткізбей

Лезде шешіп өтейік.

Сайысымыздың келесі айналымына көшейік...

1 - жүргізуші :
Сайысымыздың келесі бөлімі «Ғажайып бестік»
Бұл бөлімде оқушылар компьютерде кесте бойынша сұрақтар таңдайды

«Шапшандық»:
10 20 30 40 50

«Сыр сандық»құпиясы: 10 20 30 40 50

10. Отбасында 7 қыз және әр қыздан бір -бірден бауыры бар .Отбасында барлығы неше бала? (8)
20. Ағаш үстінде 30 торғай отыр еді, аңшы оның 2 - ін атып түсірді. Торғайлардың қаншасы қалды ?
(2 - уі қалды,қалғандары ұшып кетті)
30. Қосарланып жегілген үш ат 1 сағат ішінде 14 км жол жүреді. Осы уақыттың ішінде 1 ат қанша жол жүреді? (14 км)

40. Үш түй құс ұшып келе жатыр. Аңшы олардың біреуін атып алады.

Олардың қаншасы қалды ?
(түйе құс ұшпайды )

50. Тік паралелепипед тәріздес қорапшаның А төбесінде өрмекші, ал В төбесінде шыбын отыр. Паралелепипедтің өлшемдері 30х30х10 см. (сурет бойынша).

Өрмекші шыбынға паралелепипедтің қырлары немесе қабырғалары арқылы ғана жете алады. Сонда А нүктесінен В-ға дейінгі қысқа жолдың ұзындығы ..... тең.

А) 40 см В) 45 см С) 48 см D) 50 см E) 70 см

Ж/бы: Д
«Көңілді санау»: 10 20 30 40 50

  1. Тек 6 цифрын 3 рет пайдаланып 30 санын өрнекте
    (6 • 6 - 6)
    20
    . Қандай санның жазылуында қанша әріп бар болса сонша цифр бар ?
    ( 10 және 100 )

30. Бүтін сан, бөлшек сандар,
Барлығы да бар онда.
Бұл қандай сан айтыңдаршы
Оң, теріс сан бәрі осында.
(рационал сандар)

40. Санға қосып, алсаң
Сол санның өзі шығады.
Санды оған бөлуге болмайтынын
Математиктер ұғады.
Көп адамдар сол санға
Шекесінен қараған
Сан осіне қақ бөлуді
Сол саныңыз жараған.
(нөл)

50. Берілген тақтайшаның ені 10 см болса еденді сәндеу үшін жасалған оюдың ауданын табыңдар. Ж/бы: 400 см2
Формулалар: 10 20 30 40 50

S =ab, S =a2, P =2(a+b), P= 4a
V=abc, V =a3 , C = πD, S = υ t
Теңдеу: 10 20 30 40 50

2- Жүргізуші :
Ойыншыларымыздың алғашқы жеңістерімен құттықтай отырып, ойынымыздың келесі бөліміне көшейік.
1- жүргізуші :
Сайысымыздың ең шешуі кезеңі «Дода» бөліміне көшейік.
Ең қиыны жарыстың «Дода» келді
Мықтылары қалыпты жеңсін енді.
Осы ойыннан көреміз ерен ерді.
Сайысымыздың соңғы кезең «Дода»
Бұл кезеңде сұрақ. Осы сұрақтарға 1 минуттың ішінде шапшаңдықпен жауап беруі керек.
1-топ :
1) Нәрселерді санау үшін қолданылатын сандар (натурал сандар )
2) Қарама - қарсы сандардың қосындысы (0 - ге тең)
3) π санының жуық мәні (3,14)
4) Екі қатынастың теңдігі (пропорция)
5) Кез келген санның бір дәрежесі (өзіне тең)
6) 2/9 санға кері сан (4,5)
7) Ең кіші 3 таңбалы сан (100)
8) Теріс санның жұп дәрежесі (оң сан)
9) Ең кіші жай сан (2)
10) 11 санының квадраты (121)

2-топ:
1) Айырмашылығы тек таңбаларында ғана болатын сандар (қарама -қарсы сандар)
2) Теріс сандардың қосындысы (теріс сан)
3) Жүзден бір бөлік (процент)
4) Екі санның бөліндісі (қатынас)
5) Кез келген санның нөлінші дәрежесі (1 - ге тең)
6) Теріс санның екінші дәрежесі (оң сан)
7) Ең үлкен үш таңбалы сан (999)
8) 1/5 санға кері сан (5)
9) Ең кіші натурал сан (1)
10) 4 санының кубы (64)
1- жүргізуші:
Сайысымыздың соңғы сәті таяп қалды,
Ал қазір әділ қазылар сөз алады

Сайысымыздың жеңімпаздарын анықтап
Мақтау қағаздарын тапсырады.

Қорытынды. Көп ұпай жинаған оқушыға «Дарынды оқушы» атағы беріліп, марапатталды.




 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал