7


  • Учителю
  • Сабақ жоспары 'Пропорцияны қайталау есептері' (6 сынып)

Сабақ жоспары 'Пропорцияны қайталау есептері' (6 сынып)

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Сынып: 6

Күні:

Тақырыбы: Қайталауға арналған жаттығулар

Сабақтың мақсаты:

1)Оқушыларға өткен материалдарды меңгерту, бизнес , банк ұғымдарымен таныстыру, бизнеске үйрету.

2)дамытушылығы :оқушыларды қазіргі кездегі өмір сүруге бейімдеу, танымдық белсенділігін дамыту.

3) тәрбиелігі: Оқушыларды ұйымшылдыққа , шапшандыққа және экономикаға тәрбиелеу.

Тұрі: Банк сабағы

Әдісі: Жарыс сабақ

Көрнекілігі: Банктердің атаулары,банк,депозит,аукцион,кредит,аренда ұғымдарына түсінік беру плакаттары,тест тапсырмалаы,ақша цифрлары жазылған карточкалар.

Барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі.

Сыныпты 3 топұа бөлеміз, ол банктердің аттары болу керек Мысалы Халық банк , Нұрбанк, Каспий банк.

  1. Жарыс сабақ жоспарымен таныстыру

  2. Сабақтың өтілуі

  3. Қорытынды жасау

  4. Оқушыларды бағалау


l.Қойылған сұрақтар:

  1. Қатынас дегеніміз не?

  2. Кері қатынас дегеніміз не?

  3. Тең қатынас қандай жағдайда шығады?

  4. Бөлшек сандардың қатынасын натурал сандардың қатынасы түрінде қалай жазамыз?

  5. Екі санның проценттік қатынасын қалай табамыз?

  6. Берілген қатынаста қалай бөлеміз?

  7. Пропорция деп нені атаймыз?

  8. Пропорцияның негізгі қасиетін айтып бер?

  9. Пропорцияның формуласын айтып бер?

  10. Пропорцияның шеткі және ортанғы мүшелері дегеніміз не?

Әр сұраққа дұрыс жауап берілсе 1000 теңгеден алып отырады.


ll. Айналымды дұрыс жүргізу үшін кредит беруді жүзеге асырамыз.Банкке кредиттен мол пайда түседі.№224,228, 230 есептер орындалады. (ұпай, 2000 теңгеден)

lll. Зейнетақы тарату: Әр банк қызметкерлерінен шапшандыұты, ұқыптылықты талап етеді.Қай банк өз қызметін мүлтіксіз орындайды екен. №229,233,235 есеп орындалады. (Ұпай 3000 теңгеден)

Iv. Депозит: Бұл ерекше жағдай болғандықтан оған ерекше тапсырма беріледі.

1) Массасы 300г, концентрациясы 15 процент қантты су ерітіндісіне 60 г таза су құйылды.Соңғы ерітіндінің концентрациясы неше процент

Жауабы:(12,5 процент)


2) Елбасының Қазақстан халқына жолдауында еліміздегі ең төменгі еңбекақы 5000 теңге болса , онда ол келесі жылы қанша теңге болады.? (жауабы:6600т) (ұпай 5000 теңгеден)

3) Үш натурал санның әрқайсысын олардың қосындысына бөлді,пайда болған санды қосты, нәтижесінде неше шықты? ( жауабы: 1)


v.Әр банк өз жұмыстары біткеннен кейін өз қорларындағы кіріс-шығысты түгелдей есептеп, тексеру жүргізіп отырады.Оған банк президенті қол қояды.. Оқушыларға тест таратылып, оны топ жетекшілері тексереді.


Тесттік тапсырма:

Есепте:

1)175+(1000-375):25

А) 32 В) 200 С) 1160 Д) 1190 Е ) 992


2. 40кг алмадан 32 кг алма тосабы шығады. 90 кг алмадан қанша алма тосабын алуға болады? А) 112,5 В) 18 С) 120 Д) 130 Е) 72

3. Адам денесіні? шамамен 64%-ы судан т?рады. Массасы 50 кг болатын адам денесінде ?анша килограмм су бар?

А) 32 кг В) 3кг С) 33кг Д) 40кг Е) 38кг

4.Әкесінің жасы баласының жасынан 8 есе үлкен, ал баласы әкесінен 28 жас кіші. Әкесі неше жаста? А. 27 B.16 C.32 D.40\ E.52

. 5.Күріштің құрамында 75% крахмал бар. 120 кг күріште қанша килограмм крахмал бар?

А) 45% В)65% С) 80% Д)90% Е) 100%

6..Ойлаған сан 35-ке арттырылды.Сонда ол сан 6 есе артты.Ойлаған санды табыңдар. А. 12 B.14 C.32 D.24 E.7

Әр дұрыс жауапқа -1000 теңгеден ұпай беріледі.

Vl .Қорытындылау:

Банктегі ақшаларды есептеп, сабақты қорытындылаймыз. Есепшотында ақшасы көп банк жеңіске жетеді.

Vll . Оқушыларды бағалау




 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал