- Учителю
- 'ПИРАМИДА ЖӘНЕ ОНЫҢ ЭЛЕМЕТТЕРІ'
'ПИРАМИДА ЖӘНЕ ОНЫҢ ЭЛЕМЕТТЕРІ'
Горный орта мектебі, мектепке дейінгі шағын орталығы мемлекеттік мекемесі
Тақырыбы: «Пирамиданың анықтамасы және жалпы қасиеттері»
11 -сынып
Математика пәнінің мұғалімі Алиев Ғ.А.
Сабақтың тақырыбы Пирамиданың анықтамасы және жалпы қасиеттері;
Оқыту мақсаты: Пирамиданың анықтамасы және жалпы қасиеттерімен таныстыру, пирамида элементтерін табуға есептер шығарту;
Дамыту мақсаты: Оқушылардың ақыл - ойын, ынтасын, сабаққа деген қызығушылығын арттыру;
Тәрбиелік мақсаты: Оқушыларды адамгершілікке, патриотизмге, еңбек сүйгіштікке, ұқыптылыққа тәрбиелеу;
Сабақтың түрі: Жаңа сабақ түсіндіру;
Пән аралық байланыс: физика, тарих;
Керекті, құрал - жабдықтар: бор, оқулық, тақта, интерактивті тақта, формулалар және көпжақтар макеті;
С а б а қ б а р ы с ы:
-
Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылардың кітап, қалам, дәптерлерін және сабаққа дайындығын тексеру;
-
Жаңа сабаққа дайындық кезеңі:
Бүгінгі сабақта біз көпжақтардың бір түрі пирамиданың анықтамасымен және жалпы қасиеттерімен танысамыз, пирамида элементтерін табуға дағдыланамыз.
-
Жаңа сабақ
-
Анықтама. Пирамида деп бір жағы кез келген көпбұрыш, ал қалған n жағы төбелері ортақ үшбұрыштардан тұратын көпжақты атайды.
-
Пирамиданың элементтерімен танысамыз:
-
Аталған көпбұрыш пирамиданың табаны - ABCDEF алтыбұрышы;
-
Ортақ төбесі бар үшбұрыштар бүйір жақтары - APB, BPC, PCD, PED, PFE, PAF үшбұрыштары.
-
Үшбұрыштардың ортақ қабырғалары пирамиданың бүйір қырлары - AP, BP, PC, PD, PE, PF кесінділері.
-
Барлық қырларының ортақ төбесі пирамиданың төбесі - P нүктесі.
-
Бүйір жақтарының бірігуі бүйір бетін құрайды.
-
PO - кесіндісі пирамиданың биіктігі деп аталады.
-
Анықтама. Егер табаны дұрыс көпбұрыш болып төбесінің проекциясы табанының центріне дәл түссе, онда пирамида дұрыс пирамида деп аталады.
-
Анықтама. Дұрыс пирамиданың бүйір жағының пирамида төбесінен түсірілген биіктігі пирамиданың апофемасы деп аталады.
-
дұрыс пирамиданың апофемасы.
-
Пирамиданың төбесі арқылы өтіп, табанымен қиылысатын жазықтықтармен қималары үшбұрыштар болып келеді.
-
Жаңа сабақтан алған білімдерін тексеру кезеңі:
Пирамида тақырыбын сатылай комплексті талдау:
-
Жаңа сабақты бекіту кезеңі:№8, №9;
№8
Берілгені: см.
Т/к
Шешуі.
Жауабы: 8 см.
№9
Берілгені:
Т/к
Шешуі. болғандықтан
- тең бүйірлі тікбұрышты үшбұрыш.
Жауабы: 12
-
Үйге тапсырма: №7, №10;
-
Бағалау кезеңі;