7


  • Учителю
  • Урок по казахскому литературы 'Мұқағали Мақатаев «Фантазия»' (8 класс)

Урок по казахскому литературы 'Мұқағали Мақатаев «Фантазия»' (8 класс)

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание: Сабақтың тақырыбы:   Мұқағали  Мақатаев  «Фантазия»Сабақтың мақсаты:А) Білімділік:      Оқушыларға сезіммен  өлең өрген  жыр  пырағы  Мұқағали  туралы   түсінік бере отырып,  өлеңнің  тақырыбы мен идеясы,  көркемдік бейнесі  жөнінде  түсінік беру.Б) Тәрбиелік:  Ақынн
предварительный просмотр материала

Сабақтың тақырыбы: Мұқағали Мақатаев «Фантазия»

Сабақтың мақсаты:

А) Білімділік: Оқушыларға сезіммен өлең өрген жыр пырағы Мұқағали туралы түсінік бере отырып, өлеңнің тақырыбы мен идеясы, көркемдік бейнесі жөнінде түсінік беру.

Б) Тәрбиелік: Ақынның салған фантазиясын, талғамын шыңдау, жас өспірімдердің өмірге деген құштарлыққа тәрбиелеу.

В) Дамытушылық: Эстетикалық бағалау қабілетін дамыту. Мәнерлеп және шығармашылықпен оқу дағдыларын дамыту.

С. түрі: Дәстүрден тыс, сын тұрғысынан ойлау элементін қолдану сабағы

С. әдісі: баяндау, сұрақ-жауап, талдау, топтастыру, кубизм, түртіп алу.

С. көрнекілігі: портрет, слайд, интерактивтік тақта.

С. барысы:

І Ұйымдастыру 2 мин

ІІ Үй тапсырмасы 10 мин

ІІІ Жаңа сабақ 20 мин

ІҮ Қорытынды 10 мин

Ү Бағалау 1 мин

ҮІ Үй тапсырмасы 2 мин

Ұйымдастыру кезеңі:

-Сәлеметсіздер ме, оқушылар?

-Сыныпта кім кезекші?

-Сыныпта кім жоқ?

-Кезекшінің есебі...


Психологиялық сәт:

Сабақты бастамас бұрын ең алдымен көңіл күйімізді біліп алайық.


* * * * * * * *


керемет! Жақсы бір оңша ұнатпаймын

қалыпты емес


Үй тапсырмасы:

Балалар, сіздер өткен сабақта Қуандық Шаңғытбаевтың «Сабалақ» деп аталатын өлеңіне тоқталдыңыздар. Ал, енді сұрап көрейік.

«Кубизм» Кубикті иіріп, қай сан түссе, сол санның тапсырмасына жауап береді.

  1. Қуандық Шаңғытбаев жөнінде не білесіздер?

  2. Қуандық Шаңғытбаевтың туып өскен жері

  3. Қ. Шаңғытбаевтың сауат ашқан ортасы.

  4. Қ. Шаңғытбаевтың аудармаларына тоқталыңыз.

  5. Аңырқайдағы қаза-қалмақ соғысының алғашқы сәтін ақын қалай суреттеді?

  6. Сабалақ кім?

Әйгілі Аблай ханның (1711-1781) өмірі мен ерлік істері, ел басқарудағы сарабдал саясаты, дипломатиялық білгірлігі туралы не білесіз?


Жауабы:

  1. Қ. Шаңғытбаев ұстаз

  2. Қ. Шаңғытбаев 1925 жылы Ақтөбе облысы Қарабұлақ ауданында дүниеге келген.

  3. Ә-Фараби атындағы Қазақтың Ұлттық Университетінің филология факультетін бітірген. Өмір жолын ұстаздық жолмен өткен.

  4. Ол А. С. Пушкиннің «Евгени Онегин» поэмасын, Омар Һаям рубаиларын ана тілімізге аударған.

5. Абылай хан

Абылай хан, Әбілмансұр (1711-1781) - қазақ ханы, ұлы мемлекет қайраткері, қолбасшы және дипломат. Арғы тегі Жошы хан, бергі бабалары Қазақ даласының негізін салған Әз-Жәнібек, одан соң Еңсегей бойлы Ер Есім хан, Салқам Жәңгір хан. Абылай - Жәңгір ханның бесінші ұрпағы. әңгір қайтыс болып таққа Тәуке отырғанда, Уәлибақы хандыққа өкпелеп, Үргенішті билеген нағашы атасы Қайып ханның қолына барады. Уәлибақының баласы Абылай жекпе-жекке шыққанда жауы шақ келмейтін батыр болып, Қанішер Абылай атаныпты. Осы Абылайдан Көркем Уәли туады. Оның баласы Әбілмансұр (кейін қазаққа хан болып Абылай атанған) «ақтабан шұбырынды» жылдарында жетім қалып, үйсін Төле бидің қолына келеді. Аш-жалаңаштықтан жүдеген өңіне, өсіп кеткен шашына қарап Төле би оған «Сабалақ» деп ат қойып, түйесін бақтырады. Әбілмәмбет төренің жылқысын да бағады

Оқушы жауабын тыңдау.


Жаңа сабақ: Балалар, ендігі өтетін жаңа сабағымыз Мұқағали Мақатаевтың «Фантазия» өлеңі.

Мұғалімнің оқушыға түсіндіруі.


Инцерт әдісі

Не білемін?

Не білгім келеді?

Үйренерім

өмірі

өлеңдері

«Бесік балағындағы жылан» өмір дастаны «Аққулар ұйықтағанда» поэма

«Фантазия» өлеңін білгіміз келеді.


Оқушылардың ұйымдастыруымен «Бесік балағындағы жылан» атта өмір дастаны үзінді көрсету.


Ақынның портреті.

Ақын өміріне толықтырулар:

М. Мақатаев 1931 жылы Алматы облысы Райынбек ауданына қарасты Қарасаз ауданында дүниеге келген. Ақынның балалық шағы Ұлы Отан соғысына тұспа -тұс келді. Мұқағали 10 жасынан бастап соғысқа кеткен әкесін сағынып өлеңдер жазған. Мұқағали үшін өлең жазудың артық бақыт болмаған. Ол өлең болып өмір сүреді, өлең боп өмірден өтті.

1964 жылы «Ильич» атты тұңғыш поэмалар жинағы жарық көреді, «Қарлығаш келдің бе?», «Дариға жүрек», «Аққулар ұйықтағанда»,

«Өмір-дастан», «Өмір-өзен», «Соңғы жүрек» өлеңдер жинақтары шыққан. «Қош махаббат» пьессасының авторы У.Унтменнің өлеңдерін

В. Шекспирдің сонеттерін, Дантенің «Құдыретті» комедиясын аударған.


«Есіне мені алғайсың» атты өлеңін хормен орындау.


Фантазия

Мұғалімнің оқушыға мәнерлеп оқып беруі.

Оқушының мәнерлеп оқуы.


2. Фантазия-


Шығарманың аты

Тақырыбы

Идеясы

Тәрбиелік мәні

өз ойың

Фантазия

Фантазия

Болашаққа деген сенім, арман.


Оқушыларды жан-жақтылыққа, жаңа өмір талабына сай ұмтылдыру


Өлең құрылысы:

3 4 4

/Жеті қат /жерің мына/ төңкерілген,/ 11б а

3 4 4

/Жеті қат /аспанменен / көмкерілген./ 11б а

3 4 4

/Адамзат /оның бәрін / ерте білген,/ 11б а

4 3 4

/Ертегіде/ табысқан/ ертеңімен,/ 11б б

4 3 4

/Ғаламаттар /туылған /ертегіден./ 11б в


(3 бунақты, 11 буынды, қара өлең )


4 3 4

/Ғаламаттар / жасалған/ ертегіден,/ 11б а

4 3 4

/Ертегілер/ қиялдан/ ерте жүрген./ 11б б

4 4 4

/Ғаламатты /ақиқатты /бұл адамзат,/ 12б а

3 4 4

/Галелей,/ Каперниктен /ерте білген./ 11б б


(3 бунақты, 11-12 буынды, кезек ұйқас )


Топтастыру

  1. Халық ауыз әдебиетінің түрлері жөнінде не білеміз?


Мақал-мәтелдер қиял-ғажайып


Жұмбақ Халық ауыз әдебиеті ертегілер шыншыл


Аңыз әңгімелер хайуанаттар жайлы

Ертегі ауыз әдебиетінің ең көне жанырына жатады. Бұларда көбінесе өмірде сирек кездесетін немесе мүлде кездеспейтін, ойдан шығарлыған оқиғалар баяндалады.

Ал, қиял-ғажайып ертегіде батыр адамдардың басынан кешкен сон алуан ерлік оқиғалар баяндалады.


Сөздік: Галилей, Коперник -жер мен жұлдыздарды зерттеген Еуропа ғылымдары.


Қорытынды: Сабағымызды қорыта келе, «МҰҚАҒАЛИ »атты сөз құрау арқылы пысықтау.


М М. Мақатаев қай жылы дүниеге келді?

Ұ М. Мақатаевтың қандай өлеңдер жинағын білесіздер?

Қ «Фантазия» өлеңінде не жайында айтты?

А Фантазия дегеніміз не?

Ғ Ақын ертегідегі қиял мен бүгінгі шындықты қалай бағалаған?

А Ертегі дегеніміз не?

Л Ертегінің неше түрі бар?

И Ертегінің қай түрімен байланысты?


Автор орындығы .


Бағалау: Оқушы біліміне сай бағалау

Үй тапсырмасы:

.

Инцерт әдісі

Не білемін?

Не білгім келеді?

Үйренерім

өмірі

өлеңдері

«Бесік балағындағы жылан» өмір дастаны «Аққулар ұйықтағанда» поэма

«Фантазия» өлеңін білгіміз келеді.

М. Мақатаев оқу.

«Фантазия» жаттау



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал