7


  • Учителю
  • Ондық бөлшектерді дөңгелектеу ашық сабақ

Ондық бөлшектерді дөңгелектеу ашық сабақ

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Сабақтың тақырыбы: «Ондық бөлшектерді дөңгелектеу» саяхат сабағы

Сабақтың мақсаты:

1. Білімділік: Ондық бөлшектерді дөңгелектеу,санды жуықтау мәнімен танысып,есептеп шешуді пайдалануға үйрету.

2. Дамытушылық: Оқушыдардың ойлау. талдау қабілетін қалыптастыру және өз бетінше тұжырым жасау қабілетін дамыту.

3. Тәрбиелік: оқушыларға патриоттық тәрбие беру. Мәдениеттілікке, ұжымда өмір сұру мәдениетін қалыптастырып тәрбиелеу.

Сабақтың типі: қайталау сабағы

Сабақтың түрі: Саяхат сабағы

Сабақтың көрнекілігі: Тараз қаласының көрнекті жерлерінің түрлі-түсті суреттерімен есептерден дайындалған слайдтар. Мултимедиа аппараты.

Әр парта нөмірленген. Оқушыларды бағалау үшін түрлі-түсті (қызыл «5», көк «4», сары «3») қағаздан жасалған жетондар.

Сабақтың барысы.

І. Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеріп, назарын сабаққа аудару. Оқушылардың үй тапсырмасын орындағанын тексеріп, дәптерлерін ауыстырып аламын.

ІІ. Өтілген тақырыптарды қайталау.

- Балалар, бүгінгі сабағымыз басқа сабақтардан өзгеше саяхат сабағы болады. Балалар саяхатқа шығу үшін бізге не керек?

- Автобус керек.

- Ия, балалар автобус бізді өзіміздің облысымыздың орталығы Тараз қаласына саяхатка алып баратын болды.

- Енді саяхат үшін тағы не керек?

- Ақша керек

- Балалар, біздің автобус ақшамен емес біліммен саяхатқа алып баратын "Білім автобусы" деп аталады екен. Автобус тамашалайтын жерге тоқтағанда білімімізді көрсетіп айтылған есепті шығарып беруіміз керек. Соған келісеміз бе балалар? Онда автобус келгенше өтілген тақырыптарды қайталап, ережелерді еске түсірейік.

1. Ережелерді қайталау.

Ондық бөлшекті дөңгелектеп,оның жуық мәнін табудың ережелері

  1. І ереже

  2. ІІ ережесі

  3. ІІІ ережесі

2. Сұрақ - жауап.

  1. Бөлшекті бүтінге дейін дөңгелектеу дегеніміз не?

  2. Ондық үлеске дейін дөңгелектеу дегеніміз не?

  3. Жүздік үлеске дейін дөңгелектеу дегеніміз не?

  4. Мыңдық үлеске дейін дөңгелектеу дегеніміз не?

Ал, енді балалар автобусымыз келді. Сапарымыз сәтті болсын!

3. Жаттығу есептерін орындау

Автобус Тараз-Қаратау жолындағы «Батыс қақпа»-ға келіп тоқтады. Әрі қарай жүру үшін есепті шығарып берейік.

Сәтті сапар!!!

І есеп

Жердің радиусы 6371 км.Марс планетасының радиусы Жер радиусының 0,53 -іне тең.Марс планетасы радиусының ондық улестерге дейінгі дөңгелектелген жуық мәнін жазыңдар

«Кемеге түскеннің жаны бір» демекші, әр бала өз білімін көрсетіп, саяхатқа өз үлесін қосуы керек. Парталарға қойылған нөмірді көріп тұрсыңдар ма? Әр партадағы екі оқушы бірігіп осы нөмір астындағы есепті шығарса, есепті тезірек шығарып боламыз. Сондықтан әр партадағы оқушы өзіне тиісті есепті тез шығарып жауабын айтсын. Балалардың жауаптары слайдқа анимациялы көрініспен шыққан жауаппен тексеріледі. Балалардың жауабына қарап түрлі-түсті жетондар беріп отырамын.

Ондық үлеске дейін жазыңдар:

3,03;4,58;2,478;9,209;5,709;123,4567; 83,456

Жүздік үлеске дейінгі санды жаз

0,234;68,345; 993,23423,567;2,345;12,345

Есеп.

Квадраттың периметрі 27,2 см.Квадраттың ауданын тап.Жауабын ондық үлестерге дейін дөңгелектеңдер.

Шешуі: 27,2:4=6,8 6,8

Жауабы: 46,2

Есеп

1 метр матаның бағасы 600 тг.Осы матаның қалдығының бағасы 255тг. Мата қалдығы неше сантиметр?Жауабын бүтінге дейін дөңгелектеңдер.

ІІІ. Сабақты бекіту.

Жетондармен оқушылар бағаланып отырады. Суреттегі ТарМУ-дың мәдениет сарайы, жастар сарайы, драма театрына келіп тоқтағанда (немесе слайдтағы суреттер шыққанда)

- Бұл қай жер?

- Бұл жерде не болады? Осы жерге барып көрдіңдер ме? деген сұрақтармен балаларға ұйымшылдық, патриоттық тәрбие беріп, білімге құштарлығын арттырып отыру керек. Енді, балалар, үйге қайтатын уақыт келіп қалды. Кешікпей үйге қайтайық. Автобуста қайтар жолда қарап отырмай қызықты есептер шығарып отырайық.

1. Есеп

Тұзды су ерітіндісі 79,58 тұз бар.Бұл ерітінді массасының 0,2-сіндей.Ерітіндідегі су массасының бүтінге дейінгі дөңгелектелген жуық мәнін табыңдар.

2. Қызықты математика

1. Ұшып келе жатқан 6 қаздын жартысы және бір қаз бірінші көлге, ал қалған жартысы және бір қаз екінші көлге қонды. Әр көлге неше қаз қонған?

2.4 жұмыртқа 4 минутта піседі. Бір жұмыртқа қанша минутта піседі?

3. Бір килограмм темір мен бір килограмм мақтанын қайсысы ауыр?

4. Столдың 4 бұрышы бар. Бір бұрышын кесіп тастаса. бұрыштары қанша болып қалады?

IV. Сабақты қорытындылау.

Міне, балалар, ондық бөлшектерді дөңгелектеу қасиеттерін үйреніп, саяхатқа барып келдік. Ондық бөлшектерді дөңгелектеу қасиеттерін жақсы үйреніпсіңдер. Әрі қарай терендетіп үйреніп жүрейік балалар! Ал кім көп еңбек етіпті көрейік. Осылардан үлгі алып ендігі сабақтарға бәріміз жақсы дайындалайық. Жетондарды санап, ең көп жетоны бар оқушыларға «5» баға қоюға болады. Балалардың бағалары қойылады.

V. Үйге тапсырма беру. №1515 , №1516.







 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал