- Учителю
- Конспекты по математике на тему 'Натурал сандарды азайту. Есептер шы?Ару' (5 класс)
Конспекты по математике на тему 'Натурал сандарды азайту. Есептер шы?Ару' (5 класс)
Математика 5-сынып күні:
Сабақтың тақырыбы:
Натурал сандарды азайту. Есептер шығару
Сілтеме:
Оқулық «Математика»5 сынып, Алматы, «Атамұра» 2015ж
Оқып-үйренудің негізгі мақсаттары:
1.Натурал сандарды азайту туралы мәлімет беру;
2.Натурал сандарды азайтуды түсіндіру;
3.Натурал сандарды азайтуды қолданып, есептер шығаруға үйрету;
Оқуда қолданылатын әдіс-тәсілдер:
«Мозаика», «8-стратегия түзетулерді орындау»
Оқып-үйренудің нәтижесі:
1. Натурал сандарды азайту туралы мәлімет алады;
2. Натурал сандарды азайтуды түсінеді;
3. Натурал сандарды азайтуды қолданып, есептер шығаруға үйренеді;
Сабақ барысы:
Мұғалімнің іс-әрекеті:
Оқушының іс-әрекеті:
Сынып оқушыларын 4 топқа бөлу.
1-топ координата,
2-топ сәуле,
3-топ натурал және 4-топ теңсіздік болып топтастыру.
Оқушылар бірліктер, ондықтар, жүздіктер және мыңдықтар болып 4 топқа топтасады.
1-топ координата
2-топ сәуле
3-топ натурал
4-топ теңсіздік
«Мозаика» жүргізу арқылы жаңа тақырыпқа байланысты сұрақтарға жауап беру. Сұраққа дұрыс және тез шығарған оқушыларға басбармақ арқылы бағалау жүргізіледі.
Есептер шығару:
Соңында есептің дұрыстығын тексереді.
«8-стратегия түзетулерді орындау» формативті бағалауы арқылы бағалау жүргізіледі.
Есептер шығару.
№91 есеп.
Жұмысшы үш күнде 210 тетік дайындауы керек. Бірінші күні 73 тетік, екінші күні одан 5 тетік кем дайындаса, жұмысшы үшінші күні қанша тетік дайындауы керек.?
№92 есеп.
Үшбұрыштың периметрі 43 см, ал екі қабырғасының ұзындықтары 19 см және 21 см-ге тең. Үшбұрыштың үшінші қабырғасының ұзындығын табыңдар.
№93 есеп.
Республикамызда мұнай мен газдың 160 кен орны ашылған, ал алтын кен орындары 13-ке артық. Көмір кен орындары алтын кен орындарына қарағанда 73-ке кем. Республикамызда қанша алтын және көмір кен орындары бар?
№94 есеп
-
4 м 42см-1м 15см; 4) 17дм4мм-15дм8см;
-
10м31см-8м17см;
-
11дм9см-6дм1см;
Қорытындылау
Үйге тапсырма беру. Рефлексия