7


  • Учителю
  • Математикалық 'Тапқырлар' сайысы 5-6 сынып.

Математикалық 'Тапқырлар' сайысы 5-6 сынып.

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание: Бұл сабақ математика пәні бойынша 5-6 сыныптарда сыныптан тыс іс-шара түрінде өткізіледі.Математикалық сайыстың мақсаты:Оқушылар арасында өзара көмек ұғымын, достықты тәрбиелеу. Математика пәнін үйренуге деген қызығушылығын арттыру. Оқушылардың логикалық ойлау
предварительный просмотр материала

«Тапқырлар» математикалық сайысы

Математикалық сайыстың мақсаты:

Оқушылар арасында өзара көмек ұғымын, достықты тәрбиелеу. Математика пәнін үйренуге деген қызығушылығын арттыру. Оқушылардың логикалық ойлау қабілетін арттыру, тез шешім таба білуге тәрбиелеу.

Барысы:

Мінеки залда тыныштық

Естілмейді дыбыс түк

Мұны бізде қоштаймыз.

Кешікендерді тоспаймыз.

Ғылымдардың ғылымы

Математика ғылымы жайында

Сайысымызды бастаймыз

- Қайырлы күн қымбатты қонақтар,әділ қазылар алқасы және ойынға қатысушылар!

- Сіздерді бүгін осы залда көріп отырғанымызға өте қуаныштымыз.

- Біздің бүгінгі мақсатымыз сандардың ғажайып әлеміне ойша саяхат жасап,оның байлығын көре білу және мүмкіндігінше оқушыларды қызықтыра білу.

- Бүгінгі ойынға қатысушы 6 сынып командаларымен таныстыруға рұқсат етіңіздер.

«Тапқырлар» сайысы 4 бөлімнен тұрады:

1. «Кім біледі?»

2. «Кім жылдам?»

3. «Ойланып көр»

4. «Сен білесің бе?»

Шын жүйрік шабасынан табылады.

Нақты білім, терең ой сыналады.

Баға берер әділқазы ортамызда

Сіздерге құрметпен қол соғылады, дей келе әділ қазыларымызбен таныстырып өтейін.

1 «Кім біледі?» бөлімінде әр топқа жеке-жеке логикалық сұрақтар қойылады:

1 топқа:

1. Қос жегілген аттар 40 км шауып өтті. Әр ат неше км шауып өтеді? (40)

2. Сағат тілі тәулігіне неше рет тік бұрыш жасайды? ( 4 рет)

3. Үлкен ағасында 2кәмпит, ал інісінде 12 кәмпит бар.Үлкен ағасы інісінен неше кәмпитті алғанда, олардың кәмпиттерінің саны теңеледі? (5)

4. 5 жұмыртқа 12 минутта піседі, 10 жұмыртқа ше? ( 12 минутта, бәрін бірге саламыз).

5. Үш майшам жанып тұрды, екеуін сөндірсе нешеуі қалады? (екеуі, біреуі сөндірілмегесін

жанып кетті).

2 топқа:

1. Тәуліктің қалған бөлігі өткен бөлігінен екі есе артық болса, қазір сағат неше? (8)

2. Мектепке келе жатқан 5 балаға қарсы жолда тағы 4 бала жолықты.

Мектепке неше бала барды? ( 5 бала )

3.Екі адам 4 сағат шахмат ойнады. Олардың әрқайсысы неше сағат ойнады? ( 4 сағат)

4. Төрт пен бестің арасында қандай таңба қойылғанда 4-тен артық, 5-тен кем сан шығады? ( үтір )

5.Тоғайда 10 қарға отыр. Аңшы олардың екеуін атып алды, нешеуі қалды. (2)

3 топқа:

1. Үйде 12 шәшке мен 9 табақшалар бар.Балалар шәшкелердің жартысын және 7 табақша сындырды.Неше шәшке табақшасыз қалды? (4)

2. Бір жанұядағы 5 ұлдың бір бірден қарындасы бар. Жанұяда барлығы қанша бала бар?

( 6 бала ).

3. Әсет пен Азатқа 5 тәтті тоқаштан әперді.Әсет өзінің тоқаштарын 6 минутта жеп қойды да, әр тоқашын 4 минутта жеп жатқан Азатқа қызғанышпен қарады. Әсет әлі неше минут Азатқа қызғанышпен қарайды? (14мин)

4. Столдың төрт бұрышы бар. Егер бір бұрышты кесіп тастаса, неше бұрыш қалады? ( 5 )

5. Тоғайда 10 қарға отыр. Аңшы олардың екеуін атып алды, нешеуі қалды? (2)

Музыкалық сәлемдеме

2. «Кім жылдам?» бөлімі топтар арасында эстафеталық жарыс арқылы өтеді.

Парақта әр топқа арналған есептер жазылған, оларды топ мүшелері кезекпен шығару керек. Әр топ неше есепті дұрыс шығарса, сонша ұпай алады. Берілетін уақыт -

7 минут.

Музыкалық сәлемдеме

3. «Ойланып көр» бөлімінде топ басшылары сайысқа түседі. Әр топ басшысына

1 минутта бірнеше математикалық ұғымдарға байланысты сөздер беріледі, сол сөзді қолданбай тобына берілген ұғымды түсіндіру қажет. Қанша , сонша ұпай алады.

1 топқа:

Бөлшек, үшбұрыш, пропорция, килограмм, кесінді, цифр, аралас сан, нөл, өрнек, жақша.

2 топқа:

Ондық бөлшек, сызғыш, шеңбер, бұрыш, тонна, сәуле, теріс сан, теңдеу, көбейту, миллиметр.

3 топқа:

Дұрыс бөлшек, квадрат, транспортир, сантиметр, түзу, оң сан, елу, коэффициент, бөлу, периметр.

Музыкалық сәлемдеме

4. «Сен білесің бе?» бөлімінде сұрақ барлық топқа бірдей қойылады, қай топ қанша сұраққа жауап берсе, сонша ұпай жинайды.

1. Қазақ халық мақалында қанша құмалақ бір қарын майды бүлдіреді? (бір)

  1. Барлық араб цифрларының көбейтіндісі нешеге тең? (0)

  2. 3 әкесі мен 6 ұлы 42 алма сатып алды. Әрқайсысына 6 алмадан тиді. Бұл қалай? (1ата, 2 әке, 4 бала)

  3. Дүкеннен 19 теңгеге сауда жасадық, бірақ сенде ылғи 3 теңгелік, ал сатушыда 5 теңгелік. Тығырықтан шығар жол бар ма? (24 теңге төлейді)

  4. Сымбаттың 2 қуыршағы, 3 алмасы, 1 шоколады, 2 апельсині, 5 шабдалысы, 1 велосипеді бар. Сымбаттың қанша жемісі бар? (10)

  5. Жолдас үш баланың жастарының қосындысы 29-ға тең. 5 жылдан кейін олардың жастарының қосындысы қанша болады? (44)

  6. Көгілдір түстес 3 тоты құс 3 кг жемді 3 күнде, жасыл түстес 5 тоты 5 кг жемді 5 күнде, ал сарғыш түстес 7 тоты 7 кг жемді 7 күнде жеп тауысады. Тотылардың ең қомағайы қайсысы? (көгілдір түстес)

  7. Аспанда бірнеше құс ұшып барады. Біреуі алдында, екеуі артында, біреуі артында, екеуі алдында, біреуі екеуінің ортасында. Барлығы неше құс ұшып барады? (3)

Сайысымыздың соңғы сәті таяп қалды.

Ал, қазір әділқазылар сөз алады.

Сайысымыздың жеңімпазын анықтап,

Мақтау қағаз, сыйлықтарын тапсырады.

Қорытынды: Жеңімпаз топ анықталып, мақтау қағазымен марапатталды.



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал