- Учителю
- Конспект по математике: Аралас сандарды азайту
Конспект по математике: Аралас сандарды азайту
Сабақтың тақырыбы: Аралас сандарды азайту.
Сынып: 5: « А»
Мерзімі:
Сабақтың мақсаты:
1. Білімділігі: Аралас сандарды азайту ұғымымен таныстыру, бөлімдері бірдей және әртүрлі аралас сандарды азайтуды үйретуге есептер шығару.
2. Дамытушылық: Логикалық ойлау қабілеті мен есептеу дағдыларын жетілдіру, өз бетінше еңбектену, белсенділіктерін арттыру, пәнге қызуғушылығын ояту.
3.Тәрбиелік: Оқушылардың өз ойын толық, дұрыс жеткізе білуге, тапқырлыққа, жылдамдылыққа, тәрбиелеу.
Сабақ түрі: қайталау сабақ
Сабақтың көрнекілігі: деңгейлік тапсырмалар.
Оқытудың әдісі: есептер шығару .
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі
а) Сәлемдесу,
ә) оқушыларды түгендеу,
б) оқушылардың назарын сабаққа аудару
в) сабақтың мақсатымен таныстыру
Үй тапсырмасын тексеру:
1. Аралас сандар қалай азайтылады?
2. Бөлшек пен аралас санның азайтындысы қалай табылады?
3. Натурал саннан аралас санды азайтуды түсіндіріңдер?
Есептер шығару
№731 (тақ), №732 (тақ),) жазбаша тақтада орындау
№ 773 жұп (1-нұсқа), тақ (2 нұсқа) өздіктерінен
Сабақты бекіту кезеңі:
1. Аралас сандар қалай қосылады?
2. Бөлшек пен аралас санның қосындысы қалай табылады?
3. Натурал сан мен аралас санның қосындысы қалай табылады?
Бағалау.
Сыныпта белсенді қатысып отырған оқушылар бағаланады.
Үйге тапсырма: §25 1-3 cұрақтар, № 734, № 742 - № 744