- Учителю
- Шағын жинақты мектептің біріктірілген 5+6 кластарында «Мазмұны ұқсас тақырыптарды кіріктіре оқыту» Жай бөлшектің негізгі қасиеті мен жай бөлшекті қысқартуға есептер шығару. 5 класс Рационал сандарды бөлу амалына есептер ш
Шағын жинақты мектептің біріктірілген 5+6 кластарында «Мазмұны ұқсас тақырыптарды кіріктіре оқыту» Жай бөлшектің негізгі қасиеті мен жай бөлшекті қысқартуға есептер шығару. 5 класс Рационал сандарды бөлу амалына есептер ш
Ақтөбе қаласы
МАТЕМАТИКА
Шағын жинақты мектептің біріктірілген 5+6 кластарында
«Мазмұны ұқсас тақырыптарды кіріктіре оқыту»
Ашық сабақ
Тақырыбы:
Жай бөлшектің негізгі қасиеті мен жай бөлшекті қысқартуға есептер шығару.
5класс
Рационал сандарды бөлу амалына есептер шығару.
6 класс
Өткізген: Даутова Айша Мурзагуловна
математика пәні мұғалімі
21.11.2011ж.
Сабақтың тақырыбы:
Жай бөлшектің негізгі қасиеті мен жай бөлшекті қысқартуға есептер шығару. 5класс
Рационал сандарды бөлу амалына есептер шығару. 6 класс
Сабақтың мақсаты:
Білімділік : Жай бөлшектің негізгі қасиеті мен жай бөлшекті қысқарту, рационал сандарды бөлу тақырыптарына есептер шығара отырып, ережелерді тиімді қолдануға дағдыландыру.
Тәрбиелік: Өтілген тақырыптарды қайталау кезінде оқушылардың топпен, ұжыммен жұмыс істеу қабілеттерін арттыру , жауапкершілікке, мақсатына жете білуге тәрбиелеу.
Дамытушылық: Есептердің шешімдерінің рационалды тәсілдерін таңдауын қалыптастыру, шапшаң ойлау қабілеттерін дамыту.
Сабақтың типі: өткен тақырыпты қайталау
Әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру, ойын , тест.
Көрнекіліктер: кеспе қағаздар, слайд, суреттер, бағалау парағы.
Сабақтың барысы:
1.Ұйымдастыру кезеңі.
Білекке сенген заманда ,
Ешкімге есе бермедік!
Білімге сенген заманда,
Қапы қалып жүрмейік, - деген ұлы Абылай ханның аталы сөзімен сабағымызды бастайық.
-
Кіріктірілген бөлім:
Бағдарлау - мотивациялық кезең
Қызығушылығын ояту.
Мұғалім: Ауызша есептеуге көңіл бөлейік.
№1 Бөлу амалын орында:
5 - класс
Дұрыс жауаптары:
1;101;1001
6 - класс
; ; .
Дұрыс жауаптары:
101;-10101;1001