7


  • Учителю
  • Урок по математике 'Таңбалары әртүрлі екі санды қосу'

Урок по математике 'Таңбалары әртүрлі екі санды қосу'

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Күні: 25.11.2011ж.

Сыныбы: 6 «Ә»

Сабақтың тақырыбы: «Таңбалары әр түрлі екі санды қосу»

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Табалары әр түрлі екі санды қосу тақырбы бойынша алған білімдерін жинақтау, қорытындылау, бекіту, есептер шығару;

Дамытушылық: Логикалық ойлау, сөйлеу мәдениетін, көру арқылы есте сақтау қабілеттерін дамыту;

Тәрбиелік: Экономикалық сауаттылыққа, үнемшілдікке, жинақылыққа, жаңа қоғамға сәйкес тәрбие беру.

Көрнекіліктер: эмблемалар, бағалау кестесі, интерактивті тақта, компьютер, ақша көшірмелері.

Сабақтың типі: білімді жинақтау, қорыту.

Сабақтың түрі: жарыс сабақ

Сабақтың әдіс-тәсілдері: көрнекілік- жаттықтыру-бақылау- бағалау.


САБАҚТЫҢ БАРЫСЫ:

І. Ұйымдастыру кезеңі: а) сәлемдесу;

ә) оқушыларды түгендеу;

б) психологиялық дайындық;

Керек затты аламыз

Бері назар саламыз

Сәт-сапар тілеп бәріміз

Сабақты біз бастаймыз!

в) оқушыларды топқа бөлу;

І. «Халық банкі»

ІІ. «Альянс банкі»

г) оқушыларды сабақтың жүру

барысымен таныстыру


Қазақстанда І-ші және ІІ-ші дәрежелі банктер бар. Ұлттық валютамыз теңгені шығарып, айналымға ұсынатын Ұлттық банк І-ші дәрежелі банкке ал, халықпен тығыз байланыста жұмыс жасап жүрген банктер, яғни депозит жинақтайтын, жалақы, зейнетақы, несие беретін банктер ІІ-дәрежелі банктерге жатады. Осындай банктердің бірі «Халық банк» және «Альянс банк». Елімізде басқа қандай банктер бар кім айтып береді?

Банктер әрқашанда бір-бірімен бәсекеде жүреді, олай болса, бізде бүгін сыныпты екі топқа бөліп, оларды «Халық банкі», «Альянс банкі» деп атап, жарыс сабақ жүргіземіз.

Сабақтың шарты бойынша әр банктің бастапқы капиталы 5000 теңгені құрайды. Әр тапсырманы орындау арқылы әр банк өзінің қаржы қорын толықтырады. Қайсы банк көбірек қаржы жинаса, сол банк жеңіске жетеді.

(Сабақтың жүру барысына қысқаша шолу)


ІІ.Үй тапсырмасын тексеру кезеңі: «Банктердегі депозит салымшыларының көрсеткішін бағалау» (әр дұрыс жауап 200теңге).


ІІІ. «Біліміңді сынап көр» - акциялар сату. Құны 1000 теңге.

Экранда 10 сұрақ берілген. Осы сұрақтарға жылдам жауап беру арқылы тақтаға ілінген шарларды жарып, көбірек шар сату қажет.

Сұрақтар:

  1. Оң сан дегеніміз не?

  2. Теріс сан дегеніміз не?

  3. Қандай сан оң санға да, теріс санға да жатпайды?

  4. Қарама-қарсы сан дегеніміз не?

  5. Оң санға қарама-қарсы сан?

  6. Теріс санға қарама-қарсы сан?

  7. Теріс санның модулі қандай санмен өрнектеледі?

  8. Оң санның модулі қандай санмен өрнектеледі?

  9. Таңбалары әр түрлі екі санды қалай қосамыз?

  10. Қарама-қарсы сандардың қосындысы неге тең?


ІV. «Білімді мыңды жығады» - тұтынушылар тарту.

Деңгейлік тапсырма:


І. «Халық банкі»

1000 теңге. А. 17+(-50)=-33 ә. 210+(-76)=134


2000 теңге. А. ә.


5000 теңге. А. -7+х=13 ә. х+(-15) =10 б. -6+х=5

х=13-(-7) х=10-(-15) х=5-(-6)

х=13+7 х=10+15 х=5+6

х=20 х=25 х=11

-7+20=13 25+(-15) =10 -6+11=5


ІІ. «Альянс банкі»

1000 теңге. А. 36 + (-60)=-24 ә. 300 + (-39)=261


2000 теңге. А. ә.


5000 теңге. А. х+(-9) =-4 ә. 8+х=-12 б. х+(-14) =-8

х=-4-(-9) х=-12-(+8) х=-8-(-14)

х=-4+9 х=-12-8 х=-8+14

х=5 х=-20 х=6

5+(-9) =-4 8+(-20) =-12 6+(-14) =-8


V. «Өнерді үйренде жирен» - тәжірибе алмасу. Тақтада берілген теңсіздіктерден тура теңсіздіктерді теріп жазып, екі топ бір біріне теңсіздіктің тура екендігін дәлелдеп көрсетеді.


І. «Халық банкі» ІІ. «Альянс банкі»


А. -156+85<0 А. -32+3<0

-71<0 тура -29<0 тура


Ә. 9,65+(-7,9)>0 Ә. 14,3+(-14,8)>0

1,75>0 тура -0,5>0 тура емес


Б. -6+(-3)>0 Б. 9,99+(-10)<0

-9>0 тура емес -0.01<0 тура


VІ. Бекіту. «Ел ертеңі білімді ұрпақ» - жарнама. Тақтада сөйлем берілген. Көп нүктенің орнына тиісті сөз тіркестерін қойып жазу керек.

Сөйлем:

  1. Қосылғыштардың орнын ауыстырғаннан қосындының мәні өзгермейді.

  2. Кез келген санның нөлмен қосындысы сол санның өзіне тең.

  3. Қарама-қарсы сандардың қосындысы нөлге тең.

  4. Қарама-қарсы сандардың модульдері өзара тең.


VІІ. Бағалау. (тақтаға ілінген бағалау кестесі бойынша қорытынды жасап, оқушыларды бағалау)


VІІІ. Қорытынды. Сабақтан қандай әсер алдыңыз?

Смайликтердің көмегімен сабаққа қатысқан мұғалімдер мен оқушылардың көңіл-күйін анықтау.


ІХ. Үй тапсырмасы: №


М.ЖҰМАБАЕВ АТЫНДАҒЫ ОРТА МЕКТЕП
















Сабақтың тақырыбы:






Пән мұғалімі: Байбатырова А.Ж.


МОЙЫНҚҰМ - 2011



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал