- Учителю
- 'ХХІ ғасыр математигі' математика пәнінен топтық сайыс сағаты (7 класс)
'ХХІ ғасыр математигі' математика пәнінен топтық сайыс сағаты (7 класс)
ХХІ ғасыр математигі
Сабақтың мақсаты: Оқушылардың математикадан алған білімдерін еске түсіре отырып, олардың арасынан «ХХІ ғасыр математигі» үздігін анықтау.
Білімділік: Оқушылардың математикалық ой- өрісін дамыту, алған білімдерін пысықтау.
Дамытушылық: Ұйымдастырушылық қабілетін дамыту.
Тәрбиелік: Оқушыларды ұйымшылдыққа, ұқыптылыққа, жауапкершілікке баулу, өз бетімен жұмыс істей білетін жеке тұлғаны тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Безендірілген класс бөлмесі, нақыл сөздер, кеспе қағаздары, логикалық есептер.
Түрі: Топтық сайыс сағаты.
Типі: Ойын түрінде
Жоспар: І. «Бәйге»
ІІ. «Полиглот»
ІІІ. «Ғажайып үштік»
ІV. «Көрермендер ойыны»
Қолданылған нақыл сөздер:
1. Арифметика математиканың, ал математика ғылымдардың патшасы.
(К.Гаусс)
2. Ақыл-ойды тәртіпке келтіретін математика.
(М.В.Ломоносов)
3. Математика - барлық ғылымдардың тұңғышы және оларға пайдалы да, қажет те. (Р.Бэкон)
Мұғалім: Бүгін 7 класс оқушыларының арасында өтетін «ХХІ ғасыр математигі» атты сайысымызға қош келдіңіздер!
І бөлім. «Бәйге» (әр дұрыс жауапқа 10 ұпай)
-
Нүктелер қалай белгіленеді? (латынның бас әріптерімен)
-
Екі нүкте арқылы неше түзу жүргізуге болады? (бір ғана түзу)
-
Екі түзудің неше ортақ нүктесі болуы мүмкін?(бір ғана ортақ нүкте)
-
Бұрышты қалай белгілейді?
-
Қандай бұрышты жазыңқы бұрыш деп атайды?(1800-қа тең)
-
Үшбұрыштың периметрін қалай табамыз?(3 қабырғасын қосамыз)
-
Сыба йлас бұрыштар қосындысы неше градус?(1800)
-
900-тан үлкен бұрыш қалай аталады? (доғал бұрыш)
-
Төрт қабырғасы бірдей болатын тіктөртбұрыш (шаршы)
-
Қандай үшбұрыш теңбүйірлі үшбұрыш деп аталады? (2 бүйір қабырғасы тең)
-
900-тан кіші бұрыш қалай аталады? (сүйір бұрыш)
-
Координаталық осьтерді ата. (ордината, абцисса)
-
900-қа тең бұрыш қалай аталады? (тік бұрыш)
-
Қандай үшбұрышты тең қабырғалы деп атаймыз? (барлық қабырғалары тең)
-
Екі жазыңқы бұрыштың қосындысы неге тең? (3600)
ІІ бөлім. «Полиглот» (әр дұрыс жауапқа 30 ұпай)
Мұғалім: Мен құрамында саны бар мақал- мәтел айтамын, ал сендер жасырылған санды тауып, қазақша, орысша, ағылшынша жауап бересіңдер.Бұл бөлімнен кейін ұпай саны аз екі оқушы ойыннан шығарылады.
-
«... құмалақ, .... қарын майды шірітер» (бір, один, one)
-
«... жылда ел жаңа» (елу, пятьдесят, fifty)
-
«... сомың болғанша, ... досың болсын» (жүз, сто, one hundred)
-
«Бір тал кессең, ... тал ек» (он, десять, ten)
-
«Білекті бірді жығар, білімді ... жығар» (мың, тысяча, one thousand)
-
«Жігітке ... өнерде аз» (жеті, семь, seven)
ІІІ бөлім «Ғажайып үштік» Бұл бөлімнен кейін ұпай саны аз екі оқушы ойыннан шығарылады.
20/1. Ең кіші жай сан (2)
20/2. Сыбайлас бұрыштардың біреуі 600.Екінші бұрышты тап. (1200)
20/3. Үшбұрыштың неше тамаша нүктесі бар? (4)
30/1. Екі түзудің қиылысуынан пайда болған бұрыштардың бірі- 1400.Қалған бұрыштарды табыңдар. (1400,400,400)
30/2. 37 санын 5 үштік арқылы жаз. (33+3+3/3=37)
30/3. Бір таңбалы санға дәл сондай санды тіркеп жазса, неше рет өседі? (11 есе)
40/1. 3 санымен аяқталатын сан берілген.Ол 200- ден артық та, 205- тен кем.Берілген санды тап. (203)
40/2. Ешқандай арифметикалық амал қолданбай 666 санын бір жарым есе арттыр.
(999)
40/3. Екі қатынастың теңдігі. (пропорция)
ІV бөлім. «Көрермендер ойыны» Бұл бөлімде көрермендерге сұрақтар қойылады.
-
С әріпінен басталатын математикада қолданылатын терминдер (сектор, синус, секунд)
-
Алманың жартысы неге ұқсас? (өзінің жартысына)
-
1 жұмыртқа 5 минутта піссе, 3 жұмыртқа неше минутта піседі? (5 минут)
-
Үш пар ат 30 км-ге шапса, әр ат қанша км-ге шапқан? (30 км)
Әділ қазылар алқасына сөз беріледі.Жеңіп шыққан оқушылар сыйлықтармен марапатталады.