- Учителю
- Геометрия Пирамида
Геометрия Пирамида
1
Негізгі тақырып: Пирамида.Негізгі сабақ
2.Мақсаты
3. Белсенді оқытуда қолданылатын әдіс-тәсілдер тапсырмалар
3.Оқу нәтижелері
4.Инклюзивті оқыту/дифференциация
Көшбасшылық және басқару
Барлығын қосқанда
5.Бағалау Формативті бағалау (ФБ)
6. Неізгі ресурстар
1
Пирамиданың анықтамасы және жалпы қасиеттері
Пирамиданың анықтамасы мен жалпы қасиеттерін білуге тиіс
Ұйымдастыру кезеңі: сыныпты 3 топқа бөлу- сурет арқылы
2-мин
" Сергіту сәті "
2-мин
-
АКТ
-
Интерактивті тақта
-
Жаңа тақырып бойынша суреттер жиынтығы
-
бағалау парағы
Үй тапсырмасын сұрау:
" Кім білгір " топтық жұмыс - постермен жұмыс
5-мин
Оқушылардың үй тапсырмасын қаншалықты меңгергенін бақылау
Көшбасшылық танылады
" Бағдаршам " арқылы
Жаңа сабақ
" Білгенге маржан " - топпен жұмыс /тұжырымдамалық карта /
10-мин
Жаңа тақырыпты оқушылар өз бетінше меңгереді
"Бағалау критерийлері " арқылы бағалау
" Жадыны дамытыңыз "- жеке жұмыс
3-мин
Жаңа тақырып бойынша негізгі сөздерді еске түсіреді
" Жанды математика "- топпен жұмыс- есептер шығару - макетпен
жұмыс
10-мин
Жаңа тақырып бойынша есептер шығару жолын меңгереді
Бағалау парағы арқылы
" Құпия зат "- суретпен жұмыс
2-мин
Оқушылар жаңа тақырып бойынша сұрақтарға жауап беру арқылы, алған білімдерін бекітеді
Бағалау парағы арқылы топтың көшбасшысы бағалайды
Үйге тапсырма:
ережелер жаттау, есептер
1-мин
Бағалау :
Топ басшысы топ мүшелерін бағалайды
5-мин
" Кері байланыс " -сызба арқылы
3-мин
" Жас түлекке тілек "
2-мин
Оқушылардың сабақтан алған білімі мен әсерін тексеремін
Сабақтың тақырыбы: Пирамида 1- сабақ. Пирамиданың анықтамасы және жалпы қасиеттері
Мақсаты:. Пирамиданың анықтамасы мен жалпы қасиеттерін білуге тиіс
Табыс критерийлері:
1. Пирамиданың анықтамасын білемін
2. Пирамиданың қасиеттерін ажырата аламын
3. Пирамидаға негізделген формулаларды ажырата аламын
4. Пирамида жайлы құпияларды білемін
5. Пирамида тақырыбына негізделген есептерді шығара аламын
Саб.типі : Жаңа сабақ
Саб.түрі: дәстүрлі сабақ
Саб.әдісі: СТО, Диалогтік оқыту, Шығармашылық жұмыс, есептер
шығару, бағалау
Көрнекілігі: АКТ-ні қолдану ( суреттер )
Ұйымдастыру кезеңі: - амандасу; жылы шырай таныту;
- топқа бөлу ( 3 топ )
- бағалау парағы алдарына тасталады
- топ ережесін сыныпта жазылып тұрады;
1. " Шаттық шеңбері "
Әр топ мүшелері қасындағы оқушының есімінің басты әріпіне байланысты сол оқушының қасиетін айтады.
2. Үй тапсырмасын сұрау: " Кім білгір ? " топтық жұмыс - постермен жұмыс, берілген көпжақтар бойынша анықтамасын беру, қасиеттеріне тоқталу, формуласын білу
І топ: ІІ
топ ІІІ топ..
Нәтижесі: Оқушылардың үй тапсырмасын қаншалықты меңгергенін бақылау
Бағалау: " Бағдаршам " арқылы
Жаңа сабақ
" Білгенге маржан " - топпен жұмыс /тұжырымдамалық карта /- әр топ
берілген тақырыптар бойынша тұжырымдамалық карта жасайды және
түсіндіреді
І топ. Пирамиданың анықтамасы және қасиеттері
ІІ топ. Пирамиданың құпиялары
ІІІ топ. Пирамиданың формулалары
Нәтижесі: Жаңа тақырыпты өз бетінше меңгереді.
Бағалау: "Бағалау критерийлері " арқылы бағалау.
" Жадыны дамытыңыз "- жеке жұмыс 3-мин. Оқушылыр жаңа тақырып бойынша негізгі формулаларды бос орындарға жазады
Нәтижесі: Жаңа тақырып бойынша негізгі формулаларды еске түсіреді
Бағалау: Бағалау парағы арқылы топтың көшбасшысы бағалайды
" Жанды математика "- топпен жұмыс- есептер шығару - макетпен
жұмыс. Әр топқа жеке- жеке макеттер беріледі, сол макеттерді өлшеу
арқылы формулаларды пайдаланып есептер шығарады.
І топ. Үш бұрышты пирамида
ІІ топ. Төрт бұрышты пирамида
ІІІ топ. Көп бұрышты пирамида
10-мин.
Нәтижесі: Жаңа тақырып бойынша есептер шығару жолын
меңгереді
" Құпия зат "- суретпен жұмыс.
1. Әлемнің 7 кереметінің бірі
2. Өлілерге мола болған,
Тірілерге формула болған.
3. Астананың ең көрікті ғимаратының бірі
Нәтижесі: Оқушылар жаңа тақырып бойынша сұрақтарға жауап беру
арқылы, алған білімдерін бекітеді
Бағалау: Бағалау парағы арқылы топтың көшбасшысы бағалайды
Үйге тапсырма: : ережелер жаттау, есептер 1-минТоп басшысы топ
мүшелерін бағалайды
Кері байланыс :
Жас түлекке тілек:
-
Өзіңнің күшіңді екі еселе, үш еселе, ал білім көлемін n-дәрежеге дейін көбейт
-
Сенің жадыңда жастық шақ тұрақты шама болып қалсын
-
Барлық өмір қателіктерінен тек оң түбір шығар
-
Сенің тағдырыңның сындық нүктелерінде min сәтсіздік пен max табыс болсын
-
Жабырқаңқы көңіл-күйді үнемі 0-ге көбейтуге тырыс
-
Миллион үміттен жақсылық күт
-
-∞-ден +∞-ке дейін бақыт
-
Өмір-бұл үлкен есеп кітабы. Тек жауабына көз салуға асықпа
-
Егер қайғы келсе, онда ол соңғы шегі болып, ал қуаныш шексіз болсын
-
Өмір дайындаған барлық емтихандарды тек беске тапсыр!
Қымбатты менің оқушым!
Өмірге сапар бастадың,
Болашаққа көз тастап.
Қанаты арман құсының,
Апарсын сені алысқа...