- Учителю
- Конспект по математике: Өрнектерді тепе- тең түрлендіру
Конспект по математике: Өрнектерді тепе- тең түрлендіру
Сабақтың тақырыбы: Өрнектерді тепе- тең түрлендіру.
Сынып: 6 «А»
Мерзімі:
Сабақтың мақсаттары:
Білімділік: Алгебралық өрнектерді теңбе - тең түрлендіріп ықшамдауын үйрету.
Дамытушылық: Логикалық ойлау қабілеті мен есептеу дағдыларын жетілдіру, өз бетінше еңбектену, белсенділіктерін арттыру, пәнге қызуғушылығын ояту, оқушылардың құзыреттерін қалыптастыру.
Тәрбиелік: Оқушыларды дәлдікке, ұқыптылыққа, жылдамдылыққа, ептілікке тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: жаңа сабақ
Сабақтың көрнекілігі: тапсырмалар
Сабақ барысы: І Ұйымдастыру кезеңі:
а) Сәлемдесу ә) Оқушылар тізімін тексеру б) Сабақтың мақсатымен таныстыру.
ІІ Өткен тақырыпты қайталау:
-
Үй тапсырмасының орындалуының барын тексеру, сұрақтарына жауап беру.
ІІІ Жаңа тақырып:
Екі өрнектегі әріптердің қабылдайтын мәндерінің кез келгенінінде олардың (өрнектердің) сәйкес мәндері тең болса, онда олар теңбе -тең өрнектер деп аталады.
-
Қосудың ауыстырымдылық және терімділік қасиеттерін пайдаланып, алгебралық өрнектердегі қосылғыштардың орындарын ауыстырып топтауға болады.
-
Көбейтудің ауыстырымдылық және терімділік қасиеттерін пайдаланып, алгебралық өрнектердегі көбейткіштердің орындарын ауыстырып топтауға болады.
-
Көбейтудің қосуға қатысты үлестірімділік қасиетін пайдаланып алгебралық өрнектерді теңбе -тең түрлендіру
-
Қосындыны берілген санға бөлуді пайдаланып, әріпті өрнекті түрлендіру
-
Алгебралық өрнек қысқартылмаған бөлшекпен берілген жағдайда бөлшекті қысқырту арқылы ықшамдалады.
ІV Дамыту кезеңі. Есептер шығару:
Ауызша орындалатын тапсырмалар: №722
Тақтада орындалатын тапсырмалар: № 723, №725, №730
Орындарында орындалатын тапсырмалар: №727
Сабақты бекіту кезеңі:
-
Қандай өрнектер теңбе-тең өрнек деп аталады?
-
Қосудың ауыстырымдылық және терімділік қасиеттерін пайдаланып, алгебралық өрнектерді қалай ықшамдайды?
-
Көбейтудің ауыстырымдылық және терімділік қасиеттерін пайдаланып, алгебралық өрнектерді қалай ықшамдайды?
-
Қысқартылмаған бөлшекпен берілген алгебралық өрнек қалай ықшамдалады?
Сабақты қорытындылау: Оқушыларға сабаққа қатысқанына сай баға қою.
Үй жұмысы: №732, №733