7


Ашық сабақ 6 сынып

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Сабақтың тақырыбы: Бір айнымалысы бар сызықтық теңдеулер және

теңсіздіктер тарауына есептер шығару

Сабақтың мақсаты:

Білімділігі: Cан аралықтарының түрлерін және теңсіздіктер шешімдер жиынын сан аралығында кескіндеуді және жазуды, сан аралықтарының қиылысуы мен бірігуін,бір айнымалысы бар сызықтық теңсіздіктерді шешу тақырыптарын қайталау.

Тәрбиелілігі: Оқушыларды ақыл-ой тәрбиесіне, достық қарым-қатынаста болуға, өз мүмкіндіктеріне сенуге баулу.

Дамытушылығы: Бір айнымалысы бар сызықтық теңдеулер және теңсіздіктер тақырыбына есептер шығару барысында дұрыс қолдана білу дағдыларын қалыптастыру.

Сабақтың түрі: Оқушылар арасында сайыс сабақ

Сабақтың әдісі: Сұрақ-жауап,ережелер.

Көрнекілігі: Безендірілген кабинет, карточкалық тапсырмалар, логикалық есептер, әр топқа даярланған үстел, тірек-сызбалар

Сабақтыңбарысы:

І. Ұйымдастырукезеңі.

А)Оқушылардытүгендеу

Ә)Оқушылардыңсабаққадайындығынтексеру.

(Оқушыларды үш топқабөлу («Масштаб», «Пропорция» және«Модуль»)

Ойын жоспары:

Ас мәзірі:
1. «Мәңгі ұмытылмас» салаты
2. «Математикалық винегрет»
3. «Біздің столдан сіздің столға»
4. «Тез пісер» атты қаймақ қосылған борщ
5. «Математикалық рулет»
6. «Қаймақпен көпіршітілген балмұздақ» десерті
7. «Мезим»

Әр топ сұрақтарға жауап береді.

  • «Масштаб» тобына:x > 7,5 теңсіздіктің шешімін координаталық түзуде кескінде және ол қалай аталады?

  • «Модуль» тобына: x ≥ 7 теңсіздіктің шешімін координаталық түзуде кескінде және ол қалай аталады?

  • «Пропорция» тобына: x ≤ 5 теңсіздіктің шешімін координаталық түзуде кескінде және ол қалай аталады?

  • «Масштаб» тобына:Санды теңсіздіктің неше қасиеті бар?

  • Қай қасиеттерде теңсіздік белгісі өзгереді?

  • «Модуль» тобына: Санды теңсіздіктерді қосу ережесі?

  • Сандытеңсіздіктердікөбейтуережесі ?

  • «Пропорция» тобына: Санды теңсіздіктерді азайту ережесі?

  • Санды теңсіздіктерді бөлу ережесі?

  • «Модуль» тобына: «Бір айнымалысы бар сызықтық теңдеу» дегеніміз не?

  • «Масштаб» тобына: Сан аралықтарының қиылысуының, бірігуінің, шешімі болмайтынын бейнелейтін белгілерді жаз?

  • «Пропорция» тобына: Теңсіздікті шешу дегеніміз не?

л2. «Математикалық винегрет». Мына фигураларды ішіндегі әріптерді дұрыс орналастырсақ нақыл сөз шығады.

а

ж

м

у

ө

қ

і

з

н

р

е

д

с

ы

т


3. «Біздің столдан сіздің столға». Бұл сайыста әр команда өздерімен кафеде бірге көңіл көтеріп көрші столда отырған адамдарға ас сыйлауы керек. Ол сыйлық - «Біздің столдан сіздің столға» деп аталады. Бұл ұсынылған астан алу үшін әр команда үй тапсырмасы ретінде әзірлеп келген қызықты да, тартымды да сұрақтарды кезектесіп қоюы керек.

4. «Тез пісер» атты қаймақ қосылған борщ. Бұл сайыста берілген сөздерден математикалық сөздер құрау

уеңтде, ымалы, келшөб, угариф, картвад, мібөлі, ңрешеб, сынқоды, сіздеңкіт, акмемтаита, ырайма, ьлуцикр, өртбшұтыр, ұрышб, өңелгдке, сна ырғалыа, ғышзсы, ремпирет.

5. «Математикалық рулет»

Әр топ басшысы ілулі тұрған шарды жарып, ішіндегі тапсырманы 1 минутта орындау керек.

  1. Суреттегі төрт квадрат жасап тұрған сіріңкелердің 2-уін орын ауыстырып бес квадрат жасаңыз.

  1. Сіріңкелерден жасалған күректегі мусорды 2 сіріңкенің орын ауыстырып шығарып тастау керек.





  1. Суреттегі сіріңкелерден жасалған үй. Егер екі сіріңкені қозғасақ үй екінші жаққа қарап тұрады.

6. «Қаймақпен көпіршітілген балмұздақ» десерті. Әр топ мақалда көп нүктенің орнында қандай сан тұрғанын табу керек.

«Масштаб» тобына:

... ( ) жақсы қас болмас, ...( ) жаман дос болмас

Досыңды ... ( ) күн сынама, ... ( ) жыл сына.

Жұмысқа ... ( ) жылда үйренеді, жалқаулыққа ... ( ) күнде үйренеді.

Білгенің бір ... ( ), білмегенің .... ( )

Ер қаруы - ... ( ) қару

Дос ..... ( ) болса, дұшпан ..... ( )

«Пропорция» тобына:

... ( ) рет айтқаннан ... ( ) рет көрсеткен артық.

... ( ) күн аш болсаң да, атаңның салтын ұмытпа.

Болар бала ... ( ) - інде баспын дейді, болмас бала ... ( ) - інде жаспын дейді.

.... ( ) елі ауызға - .... () елі қақпақ.

Жерді .... ( ) рет жыртқан, өнімді .... () есе алады.

.... ( ) бармақ жиналса, жұдырық болады

«Модуль» тобына:

Біреуге .... ( ) күн алдында келсе, біреуге .... ( ) күн кейін келеді.

.... ( ) күн тұзын татқанға, .... ( ) күн сәлем

Жігіттің ( ) сөйлегені өлгені.

Жақсы жігіт ...( ) інде де жас емес, ...( ) - ге келсе пәс емес.

... ( )-ау аласа болса, ауыздағы кетеді, ... ( )- еу түгел болса төбедегі келеді.

.... ( ) қарлығаш келгенмен жаз болмайды,

..... ( ) сауысқан келгенмен қыс болмайды.

7. «Мезим»Бұл сайыста сабақты қорытындылау мақсатында тест тапсырмалары беріледі.

Оқушыларды бағалау.

Үйге тапсырма. № 1040





 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал