- Учителю
- 7 санын қосу және азайту математика 1 сынып
7 санын қосу және азайту математика 1 сынып
Сабақтың тақырыбы: 7 санын қосу және азайту
? + 7 ? - 7
Сабақтың мақсаты: 1. 7 саны туралы түсінік беру. Қосу және азайту тәсілдерін таныстыру.
2. Жүйелі ойлау, сөйлеу дағдыларын қалыптастыру. Логикалық ойлау қабілетін арттыру, оқу-жазу жылдамдығын дамыту.
3. Уақытты үнемдеуге, табиғатты аялауға, достыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: жаңа сабақ.
Сабақтың әдіс-тәсілдері: сындарлы оқыту технологиясы.
Көрнекіліктер: электронды оқулық, ертегі кейіпкерлері, суреттер, ойыншық заттар, цифрлар, смайликтер.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру.
1) Психологиялық дайындық:
-Балалар, бүгін бізде ерекше күн. Бізге бүгін қонақтар келді. Бәріміз амандасып, өзіміздің күлкімізді сыйлайық.
-Енді тақтаға қараймыз, оқимыз.
Білім деген биік шың
Бақытқа сені жеткізер
Білім деген ақылшың
Қиындықтан өткізер
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
-Балалар, дәптерімізді ашамыз, мен тексеріп, бағалаймын.
Өткенді қайталау:
2) «Тест» электрондық оқулықта № 7. (Балалар тек қана цифрлармен жауаптарын көрсетіп отырады, соңында қорытындысы шығарылады.).
-Кім еретегі жақсы көреді?
3) «6 неге?»
-Балалар, өткенді қайталау үшін, біраз «Ертегілер еліне» саяхатқа шығып келейік.
Ал, кеттік. (Есіктің ар жағын біреу мықтап итеріп тұрады).
Бірақ, балалар, қақпасы жабық екен.
4). Ол үшін 1-10 дейін санайық. (Ашылмайды).
5) -Кері санап көрейік. (Ашылмайды).
6) -Жұп сандар мен тақ сандарға санайық. (Ашылмайды).
-Бұл қақпаның құпия сандарын білу керек.
-Тауып көреміз бе?
7) Тақтада: 5+0, 8-2, 4+5, 6+4, 9-8, 3+4=7
-Сонымен, құпия сандар: 5, 6, 9, 10, 1 және 7 екен.
-Ал, енді үлкен кілтпен ашып көрейік. (ертегілер музыкасы ойнайды). Алақай, ашылды!
-Орнымызға отырамыз.
Жаңа тақырыпқа көшу:
8) «Стоп кадр» әдісімен «7 лақ», «Цветик семи цветик», «қарша қыз бен 7 ергежейлілер», «Бауырсақ», «7 қарақшы», «7 ата», «7 күн», «7 нота», «кемпірқосақ» суреттері кезекпен көрсетіледі.
ІІІ. Жаңа тақырып түсіндіру.
-Тақтада «7» әдемі цифр пайда болады.
Сонымен, қалай ойлайсыңдар бүгінгі тақырыптың аты қандай?
-7 санын қосу және азайту.
9) Суреттермен жұмыс:
7- ең ерекше сандардың бірі. Неге екені белгісіз, ашылмай қалған құпиясы бар. Әлем халықтары оны қасиетті, бақыт пен сәттілік әкелетін сан деп баға береді.
10) Дәптермен жұмыс:
Қаламсап қолға аламыз. Дәптерді қиғаш қоямыз. Денемізді тік ұстап, әдемі етіп жазамыз.
-астына қарай 4 тор көз, оңға қарай 7 тор көз санап алып, бас әріптен Ақпанның 25-і, Сынып жұмысы деп жазасыңдар.
11) Көркем жазу. (Электрондық оқулық)
- 7 саны мен цифрының түсіндірмесі.
12)Тақтамен жұмыс:
№ 1. + 7 - 7
-қандай сандар жетіспейді? Ол үшін топқа бөлініп алайық.
1 топ: «Қыздар» Қосылғыштарының бірі 7 болатын қосындылар құр
2 топ: «Ұлдар» Азайғышы 7 болатын айырмалар құр және мәндерін тап.
13) Сергіту сәті:
Санамақ: «Отбасы мүшелері»
ІҮ. Бекіту:
№ 2. «Кесінділер» электрондық оқулықтың түсіндірмесі тыңдалады.
14) «Жұптық жұмыс»
1 топ: Көк және қызыл кесінділер ұзындықтарының айырмасын табады.
2 топ: Қызыл және жасыл кесінділер ұзындықтарының қосындысымен салыстыр.
15) «Ашық сұрақ-жауап» қойылады.
-Кесінділердің қандай өлшем бірліктері бар? (мм, см, дм, м, км)
-Кесінділер туралы не айтуға болады?
-кесіндінің бір жақ ұшы тұйықталмаған жағдайда не болады?
16) № 3 «Есеп құрастыр және шығар»
Үлкен қасық-10
? артық
Кіші қасық - 7
Ш: 10-7= 3
Ж: 3-еуі артық.
17) «Жауабын ата»
Зообақта болғанда құмда ойнаған үшеуін, әткеншек тепкен екеуін, арқаларын қыздырып отырған тағы үшеуін көріп қалып санадым. Қанша маймыл байқадым? (8)
18) «Кел ойнайық» интербелсенді тақтада жазады.
2+5, 10-7, 2+7, 9-4, 7+1, 6+2, 6-1
Ү. Қорытынды:
19) Мақал-мәтел
1. Айла алтау, ақыл жетеу
2. жігітке 7 өнер де аз.
3.7 жұрттың тілін біл,
7. түрлі білім біл.
4. Қарғыс 7 атаға жетеді
5. 7 қарақшыны таныған, 7 күнде адаспас.
6. Жетелі мен іскерге 7 күннің бәрі сәтті.
ҮІ. Үйге тапсырма:
133 бет. № 5.
ҮІІ. Бағалау: ойыншық заттарын санау, бағалау.