7


  • Учителю
  • Математика пәнінен сыныптан іс-шара 1+1 (8 сынып)

Математика пәнінен сыныптан іс-шара 1+1 (8 сынып)

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

«1 +1» сыныптан тыс іс-шара

Бұл іс-шараны математика апталығында 8-сыныптар арсында өткізуге болады. Өткізілу түрі - екі топ арасындағы сайыс.

Іс-шараның мақсаты:

1) Оқушылардың ой-өрісін кеңейтіп есте сақтау қабілетін шыңдау,оқушылардың білімге қызығушылығын арттыру.

2) Оқушыларды шапшаңдыққа, ізденімпаздыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.

Түрі: Топтық сайыс

Қажетті құрылғылар, көрнекіліктер: интерактивті тақта, сурет жасырылған қималар, фигуралар кескінделген парақтар

Жоспары:

1. Іріктеу туры

2.Суретті құрастыру арқылы екі топтың ұйымдасуы, топтың атауы беріледі

3.І-тур (блиц-сұрақтар 10/10)

4. ІІ-тур (жасырылған 4 есеп)

5. Қызықты үзіліс

6. ІІІ-тур (кесуге арналған есеп)

7. Қорытындылау, марапаттау

Барысы:

Жүргізуші: - Қайырлы күн қадірменді көрермендер!

Математикалық турнирге қош келдіңіздер.

Бүгінгі ойын топтық сайыс түрінде өтеді.

Математика сырлары,

Қызықтырды біздерді.

Ойынға бірге қатысуға,

Шақырамыз сіздерді!

- Турнирды бастау үшін, алдымен екі топ құрылу керек. Ол үшін келесідей сұрақтарға жауап беріңіздер: (2-13 слайд)

1. Сағаттың ¼ -і неге тең? 15 минут

2. 1 % дегеніміз не? 1/100 бөлік

3. 1 кг-да неше г бар? 1000г

4. Ридиусы 5 болатын шеңбердің диаметрі қанша? 10

5. Үш алманы екі әкесі мен екі баласы қалай бөліп алады? (егер ата, әке, бала болса)

6. 2-нің 2 дәрежесі. 4

- Енді топтарымыз құрылғасын, сурет бойынша өз топтарыңызға атау бересіздер (14 слайд)

Шеберлікті, білімді

сараптап сіздер көріңіздер

Әділқазы алқасы

Әділ баға беріңіздер! - дей отырып сайыскерлеріміздің біліміне баға беретін әділ қазылар алқасын ортаға шақырамыз.

І тур. (блиц-сұрақтар 10/10)

1-топ

1. Бұрышты өлшейтін құрал? Транпортир

2. 7 адам фотосуреттерімен алмасты. Қанша фотосурет таратылды? 42

3. 1-9ға дейінгі цифрлардың көбейтіндісінің соңында неше 0 болады? 1

4. Санды 0-ге көбейткенде... 0 шығады

5. Түзудің бойынан 4 нүкте белгілесек, қанша кесінді пайда болады? 5

6. Үстелде үш стақан сүт бар. Алмаз 1 стақан сүтті ішіп қойды. Үстелде неше стақан бар? 3

2-топ

1. Тәуліктің 24-тен 1-і 1сағат

2. Қайсы үлкен 2 м ме әлде 198 см ме? 2 м

3. Түзудің бойынан 2 нүкте белгілесек, қанша кесінді пайда болады? 3

4. Қолымызда 10 саусақ болса, он қолда неше саусақ бар? 100

5. Квадрат метрде қанша квадрат сантиметр бар? 10000 см2

6. 16 нешенің квадраты? 4

ІІ тур 4 есеп (18-22 слайд)

Шарты: Сұрақтың номері таңдалған соң және негізгі сөздер аталған соң сіздер өздеріңізге ұпай қоясыздар 1-6 аралығында.

Егер бірден дұрыс жауап берсеңіздер өздеріңіз атаған ұпай қосылады, кері жағдайда азайтылады немесе көмек сұрауларыңызға болады. Бұл жағдайда 1 ұпай кемиді. Ал ешбір жауап болмаса сөз кезегі екінші топқа беріледі.

1-есеп:

Негізгі сөздер: периметр, аудан

Тіктөртбұрыштың ауданы 24см2, ұзындығы 6см. Тіктөртбұрыштың периметрін тап?

Көмек: S=a∙b

Жауабы: 20

2-есеп:

Негізгі сөздер: периметр, аудан

Тіктөртбұрыштың периметрі 30см, ұзындығы 9см. Тіктөртбұрыштың ауданын тап.

Көмек: Р=(a+ b) ∙2

Жауабы: 56см

3-есеп:

124∙36=4464

Жауабы: 4464

4-есеп:

42∙36=1512

Жауабы: -40

Қызықты үзіліс

Әділқазылар алқасы әділ бағаларын санағанша, көрермендерімізбен қызықты үзіліс өткізейік.

Шарты: жасырылған ұғымды немесе іс-әрекетті оқушылар ешбір дыбыс шығармай тек іс-қимылмен бейнелеулеріңіз қажет.

Жасырылған сөздер:

1. Турист

2. Күнтізбе

3. Координаталық жазықтық

4. Боран

5. Піл

ІІІ тур (24-27 слайд)

Алдарыңыздағы фигураны кесіп, квадрат құрастыру керек

1-топ 2топ



IV. Қорытынды.

- Қорытынды шығару үшін сөз кезегін әділқазыларға береміз.

Жеңімпаздар марапатталады.





















Кішкенекөль №2 ішінара интернаты орта мектебі

Математика пәнінен сыныптан іс-шара 1+1 (8 сынып)





«1 + 1» математика пәнінен сыныптан тыс іс-шара

Математика пәнінің мұғалімі Дошемакова К.К.



Математика пәнінен сыныптан іс-шара 1+1 (8 сынып)









</





2014-2015 о.ж.

































 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал