7


  • Учителю
  • Санды өрнектер . Әріпті өрнектер

Санды өрнектер . Әріпті өрнектер

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Сабақтың тақырыбы: 1. 1. Санды өрнектер . Әріпті өрнектер

Сабақтың мақсаты:

  • Оқушыларды санды өрнекпен , әріпті өрнектермен таныстыру , әріптің мәнін өрнектегі орнына қоя білуге баулу , өрнектің мәнін таба білуге үйрету, өрнектерді мәндері бойынша салыстыра білуге дағдыландыру.

  • Оқушылардың логикалық ойлау қабілеті мен есептеу дағдыларын жетілдіру.Белсенділіктерін арттыру , оқушылардың пәнге деген қызығушылығын дамыту.

  • Оқуға саналы сезімге ,жауапкершілікке өз бетінше еңбектенуге тәрбиелеу.Тез ойлап , тез қорытуға және сөйлеу мәнеріне тәрбиелеу.





Сабақтың түрі: Жаңа білім беру сабағы





Сабақтың әдісі: баяндау ,әңгімелесе отырып түсіндіру,есептер шығару , сұрақ -жауап.

Сабақтың көрнекілігі: Сабаққа қатысты сызбалар , тірек схемалары , дидактикалық ойындар : «Баспалдақ» , «Күн»





Сабақтың өту жоспары:

1 .Ұйымдастыру бөлімі.

2.Сабақтың барысымен таныстыру.

3. Жаңа сабақ түсіндіру.

4.Жаттығу жұмыстары. А , В деңгейінің тапсырмалары.

5.Дидактикалық ойындар .

6.Үйге тапсырма.

7.Бағалау.

Сабақтың барысы:

1.Сабақтың барысымен таныстыру.Қысқаша шолу.

Оқушыларға мысалдар арқылы санды өрнектер , әріпті өрнектер туралы түсініктер беріледі.

Мысалы . Санды өрнектер : 15-6 , 45 -25 =20 6 мұндағы 20 санды өрнектің мәні. 23 + а - әріпті өрнек , ал а=3 болғандағы 23+3=26 . 26 саны әріпті өрнектің мәні .

Санды өрнектер мен әріпті өрнектер - математикалық өрнектер . Математикалық өрнектер цифрлармен , амал таңбаларымен , әріптермен жазылады. Математикалық өрнектер қажет болған жағдайда жақшамен де жазылады.Математикалық өрнектерді жазуда латын әріптері пайдаланылады. Математикалық өрнектер белгілі бір шарттармен жазылады. Мысалы , өрнектегі көбейткіштер әріптермен беріліп , олар қатар келсе , араларына көбейту таңбасы салынбайды. , ал сан көбейткіш жақшаның артында келсе , , жақша мен сан көбейткіш арасына көбейту таңбасы қойылады.

Математикалық өрнектер мәндері бойынша салыстырылады , Егер салыстыруда қос теңсіздік пайдаланылса , қос теңсіздік солдан оңға қарай өсу ретімен жазылады.

Мысалы , 7<10<15 ; а<в +с < 20.





2. Ауызша тапсырмалар беру :

  • Сандық өрнектерге мысалдар келтір

  • Әріпті өрнектерге мысалдар келтір.

  • Санды өрнектер мәнін салыстыру.

3.Жаттығу жұмысы . А деңгейінің тапсырмалары

Оқулықтан № 4 .Өрнектең мәнін табыңдар.

1.146+а , мұндағы а=14

146+14=160

№ 7 .Бөлмедегі әрбір люстрада в лампадан болса , 6 люстрада 6в лампы бар.





№9 . Шалқар қорығында а түрлі құс ьар , ал Аққұм қорығында в түрлі құс бар. Мұндағы а =130 6 в = 60

а+в = 130+60 =190 Шалқар және Аққұм қорығында барлығы 190 құс бар.

а-в = 130 - 60 =70 Шалқар қорығында Аққұм қорығындағыдан 70 артық құс бар.





№ 13 Өрнекті жазып көрсет

  1. (65-39)*100

  2. (49+68):13

  3. а:в

  4. 2ав

№ 15

  • А*100+5*10+7

  • Х*1000+У*10+9

  • 8*1000+В*100+6





№ 17 .Мысықтың массасы (а-в):2 (кг)

В деңгейінің тапсырмалары. №





  1. Асқар бағасы а тенгеден 3 қарандаш сатып алды , оның өзінде 20 тенге қалды.Асқарда алғашында неше тенге болған?

А.20-3а ; В.3а+20; С.20А+3.

2. Бағасы в тенгеден 12 қасық және бағасы с тенгеден 12 стақан сатып алынды. Барлығының құны неше тенге тұрады?

А.(в-с)*12 ; В. 12в+с ; С.12 в + 12с

3. 2 көйлекке в м мата жұмсалады . с метр матадан неше көйлек тігіледі?

А.(в:2)*с ; В. с (в:2) ; С. в :2+с.

4. 1 кг алма х тенге . 5 кг алма неше тенге?





А.5х ; В. х:5 ; С. 5-х

Оқушылар дәптерлеріне тапсырма ретінің тұсына дұрыс деп есептеген жауаптарын жазады.





6.Үйге тапсырма .№ 25, 26,27 есептер

</





















 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал