7


  • Учителю
  • «Математика сабағында жаңа технологияларды пайдаланып, оқушылардың өз бетінше жұмыс істеу дағдыларын дамыту»

«Математика сабағында жаңа технологияларды пайдаланып, оқушылардың өз бетінше жұмыс істеу дағдыларын дамыту»

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Жамбыл облысы

Т. Рысқұлов ауданы

Қорағаты орта мектебі

математика пәні мұғалімі

Роза Қадырханқызы

Егембердиева



«Математика сабағында жаңа технологияларды пайдаланып, оқушылардың өз бетінше жұмыс істеу дағдыларын дамыту»

Мұғалім өзінің білімін үздіксіз

көтеріп отырғанда ғана мұғалім,

оқуды, ізденуді тоқтатысымен

оның мұғалімдігі де жойылады.

К.Д.Ушинский

ХІХ ғасырда өмір сүрген ұлы орыс педагог, педагогиканың негізін қалаушы К.Д. Ушинскийдің келтірген сөзі қазіргі уақытта да аса актуалды. Өйткені қарқынды дамып келе жатқан әлемде педагогикалық ғылымға үлкен талап қойылуда. Заман талабына ілесіп жүрү - адамзаттан көп білімді қажет етеді. Ал қажетті білім беру - бұл мұғалімнің құзырлығы. Демек мұғалім өзі де үнемі білімін жетілдіріп отыруы керек.

Менде 32 жыл жұмыс өтілім болғанымен мұғалімдерге арналған қайта даярлау, білімін жетідіру курстарына, деңгейлік бағдарлама негізінде құрылған курстарға қатысып , пән бойынша әдістемелік әдебиеттерді оқып, интернет желісіндегі педагогикадағы жаңалықтарымен танысып білімімді жетілдіруге тырысамын. Өйткені оқушыға сапалы білім беру үшін мұғалім өмір бойы оқуы керек.

Биылғы 2015-2016 оқу жылындағы менің әдістемелік тақырыбым «Математика сабағында жаңа технологияларды пайдаланып, оқушылардың өз бетінше жұмыс істеу дағдыларын дамыту». Басты мақсаты - осы тақырыпты таңдауыма түрткі болып, жұмысымды басқа ракурста, басқа бағытта жүргізуіме де себеп болды. Яғни, мұғалім бұрынғыдай оқушыға дайын білім бермей, білімді өзіне алуды үйретуі тиіс. Әсіресе, соңғы жылдардағы білім беру саласындағы өзгерістерді бақылайтын болсақ, оқыту әдіснамасына көптеген өзгерістер енгізіліп жатқанын аңғаруға болады: PISA, TIMMS зерттеулерінде оқушылардың функционалды сауаттылығын дамыту, интерактивті әдістерді қолданып оқушылардың білім алу белсенділігін арттыру, жеті модульді ықпалдастырып оқыту т.б. Осыған орай мен оқушыларды өздігінен білім алуына, қажетті білімді таңдауына, оны бағалауға, өмірде табысты қолдануға үйрету мақсатында жоғарыда аталған әдістемелік тақырыпты таңдадым.

Оқушылардың өз бетінше білім алуы адамның жалпы құзырлыққа жатады, соның ішінде ақпараттық құзырлық: (қажетті ақпаратты іздеу, таңдау, талдау, оны интерпритациялау, сақтау қайта өңдеу, бөлісу). Ол үшін оқушыда:

  • әртүрлі ақпарат көздерімен : кітап, оқулық, анықтамалықтар, энциклопедиямен, каталогтармен, Интернет желісімен жұмыс істеу дағдылары;

  • өз бетінше іздеу, алу, жүйелеу, талдау және есептер шығару үшін ақпаратты таңдау, оны өңдеу дағдылары;

  • ақпарат ағынында бағыт-бағдар алу, соның ішінде ең маңыздысын таба білу;

  • алған ақпаратты оқу есептерін шешу үшін қолдана білу дағдалары болуы тиіс.

Физика және математика пәнінен қатысты ақпаратты құзырлық деп:

«Математика сабағында жаңа технологияларды пайдаланып, оқушылардың өз бетінше жұмыс істеу дағдыларын дамыту»мәтіннің маңыздысын анықтау (оқып-үйреніп жатқан құбылыстардың маңызды қасиеттерін , заңдардың табиғатын және т.б);

«Математика сабағында жаңа технологияларды пайдаланып, оқушылардың өз бетінше жұмыс істеу дағдыларын дамыту»математикалық формулаларды қорытып шығаруды өз бетінше білу;

«Математика сабағында жаңа технологияларды пайдаланып, оқушылардың өз бетінше жұмыс істеу дағдыларын дамыту»суреттерді, кестелер мен графиктерді қолдана білу;

«Математика сабағында жаңа технологияларды пайдаланып, оқушылардың өз бетінше жұмыс істеу дағдыларын дамыту»оқып шыққан материал бойынша жоспар- конспект құру;

«Математика сабағында жаңа технологияларды пайдаланып, оқушылардың өз бетінше жұмыс істеу дағдыларын дамыту»оқығанды өз сөзімен логикалық түрде, жүйелі, басқа ақпарат көздерінен алғна материалдармен толықтыра отырып айта білу;

«Математика сабағында жаңа технологияларды пайдаланып, оқушылардың өз бетінше жұмыс істеу дағдыларын дамыту»мазмұнын, пәндік және алфавиттік көрсеткішлерді қолдана білу;

«Математика сабағында жаңа технологияларды пайдаланып, оқушылардың өз бетінше жұмыс істеу дағдыларын дамыту»каталогпен жұмыс істеп, қызықтыратын сұрақтар бойынша библиографиясын жасай білу дағдылары мен біліктілігін айтамыз.

Бірақ, оқушыны өздігінен жұмыс істеуге үйрету бұл - оқулықпен және басқа ақпарат құралдарымен жұмыс істеуге үйрету ғана емес. Сонымен қатар оқушылар сабақ үстінде де жұмыстың осындай түріне үйрету керек. Мәселен:

  • сабаққа мақсат қоя білу , сол мақсатқа жетудің жолын таба білу;

  • өзінің оқу-танымдық қызметін бағалауды ұйымдастыра білу;

  • өзін -өзі, өзара тексеру, топтық жұмысын, өз жұмысын бағалай білу;

  • сыныптас жұмысында қателер тауып, оларды түзете білу;

  • проблемалық жағдаяттардан шешім қабылдай білу;

  • сол шешімге қатысты өзіне жауапкершілік алу;

Аталаған құзырлықтарды оқушы бойында дамыту үшін оқытушының өзі де білімді, шығармашыл, білім беру әдіснамалардан хабардар болу керек. Сондай әдістеріне интерактивті әдістер жататыны мәлім. Мұғаліммен оқушы бұл әдістер несімен жақсы?

Біріншіден, сабақ үстінде мұғаліммен оқушылар арасында тығыз қарым-қатынас байқалады.

Екіншіден, оқушымен оқушы арасындағы қатынас нығая түседі.

Үшіншіден, оқушылар өз бетінше ой қорытып, жауап табуға үйренеді.

Төртіншіден, оқушылардың оқу белсенділігі артады, нәтижесінде білім сапасы да көтерілуі тиіс. Ал, бұл ұстаздық қауымы қызметінің алдына қойылған басты міндетіміз.

Ендеше , биылғы оқу жылына менің таңдаған мәселем дұрыс деп санаймын және осындай іс-әрекеттер нәтижесі көп күттірмейді деген ойдамын.



</









 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал