- Учителю
- Сабақ жоспары: Координаталық сәуле
Сабақ жоспары: Координаталық сәуле
Сабақтың тақырыбы: Координаталық сәуле.
Жай бөлшектерді координаталық сәуледе кескіндеу
Сабақтың мақсаты мен міндеттері:
Білімділік мақсаты:
-
оқушыларға координаталық сәуле, бірлік кесінді, сынақ басы туралы түсінік беру;
-
оқушыларды жай бөлшекті координаталық сәуледе кескіндей білуге және нүктені координатасымен жаза білуге үйрету;
Тәрбиелік мақсаты: Адамгершілікке, ұқыптылыққа тәрбиелеу
Дамыту мақсаты: Танымдымдық қызығушылықты дамыту
Сабақтың түрі: Жаңа сабақты меңгерту
Әдіс-тәсілдері: Сұрақ-жауап
Сабақтың барысы
Ұйымдастыру кезеңі Оқушыларды түгендеу және сыныптың тазалығына мән беру
Олардың сабақта жұмыс істеу дайындығын тексеру
Үй тапсырмасын тексеру, қайталау
-
Қандай бөлшектерді бұрыс бөлшектер деп айтамыз?
-
Қандай бөлшектерді дұрыс бөлшектер деп айтамыз?
-
Қандай бөлшектер бірден кем немесе тең және үлкен болады?
-
Қандай санды аралас сан деп айтамыз?
1. Егер бөлшектің алымы бөлімінен кіші болса, онда бөлшек дұрыс бөлшек деп аталады.
2. Егер бөлшектің алымы бөқліміне тең немесе одан үлкен болса, онда бөлшек бұрыс бөлшек деп аталады.
3. Бүтін бөліктен және бөлшек бөліктен тұратын сан аралас сан деп аталады.
№503
а=50 м; b=4 м; s=ab; S=50*4=200 м2 Төртбұрыш пішінді жердің ауданы 200 м2.
енді барлық жиналған сәбізді осы ауданға бөлеміз. Сонда әрбір квадрат метрде
сәбіз жиналған
Тақырыпқа алдын ала даярлық тапсырмасын орындағанда оқушылар Ох сәулесін сызып, оның бойынан ұзындығы 10 см кесіндіні алып, кесіндінің ұшына 1 санын сәйкестендіріп жазады. Сонан соң осы кесіндінің бойынан бөлшектерін кескіндеп, оны әріптермен белгілеп үйренеді және координаталық сәуле бойындағы бір нүктеге бір ғана сан сәйкес келетіндігін тұжырымдаймын.
І. Ох сәулесін сызып, О нүктесі - санақ басына 0 санын сәйкестендіреміз, бірлік кесіндіні таңдап алып, оны координаталық сәуле бойына 1,2,3,4 және т.с.с рет өлшеп салып, ол нрүктелерді А,В,С және т.с.с. әріптермен белгілейміз.
Нүктенің координатасы туралы анықтаманы беру:
О А В С D
0 1 2 3 4
О А
ОА - бірлік кесінді, О(0); А(1); В(2); С(3); D(4).
Координаталық сәуледегі берілген нүктеге сәйкес келетін сан, осы нүктенің координатасы деп аталады.
Бөлшекті координаталық сәуледе кескіндеу үшін:
1. бөлшектің бөлімінде қандай сан болса, бірлік кесіндіні сонша тең бөлікке бөлу керек;
2. бөлшектің алымында қандай сан болса, бірлік кесіндінің сонша бөлігін алу керек.
ІІ. Бөлшектердің координаталық сәуледе кескінделуі.
Мысалы, бөлшектерін координаталық сәуледе кескіндейік.
О А В С D E
• • •
0 1 2
- дұрыс бөлшегі А нүктесімен кескінделген.
- бұрыс бөлшегі Е нүктесімен кескінделген.
ІІІ. Аралас санды координаталық сәуледе кескіндеу.
Мысалы, ;;
О 2 Р + К Е
• •
0 1 2 3
Р; К; Е
Деңгейлік есептер шығару
І-деңгей: №506, №507
ІІ- деңгей: №519
ІІІ - деңгей:№528
Оқушыларды бағалау
І-деңгей «3»
ІІ-деңгей «4»
ІІІ-деңгей «5»
Сабақты бекіту:
ІV. Фронтальды сұрақтар қойып жаңа сабақты пысықтау:
-
Координаталық сәуле қалай сызылады?
-
Бірлік кесінді деп нені түсінесің?
-
Координаталық сәуленің санақ басы қайсы нүкте?
-
Нүктенің координатасы дегеніміз не?
Үй тапсырмасы:
І-деңгей: 509, №511
ІІ- деңгей: №521
ІІІ - деңгей:№529