- Учителю
- Откритий урок'5-ке көбейту және бөлу'
Откритий урок'5-ке көбейту және бөлу'
Сабақтың тақырыбы: 5 - ке көбейту және бөлу кестесі.
Сабақтың мақсаттары:
Білімділік мақсаты: 5 - ке көбейту кестесін және соған сәйкес бөлу
жағдайларын құрастыру. 5 - ке көбейтудің кестелік
жағдайлары туралы түсінікті, тапсырмаларды ойын
түрінде өткізу.
Дамытушылық мақсаты: Жаңа сабақтың мәнін аша отырып, есептерді,
теңдеулерді шешуде есептеу дағдыларын
жетілдіруге, көбейту және бөлу амалдары бар
есептерді шығару арқылы біліктілігін,
дамытушылық ойын қалыптастыру.
5-ке көбейту және бөлу кестесін слайдтар арқылы
баланың ой - өрісін, есте сақтау қабілетін, өз бетімен
жұмыс істеу дағдысын дамыту.
Тәрбиелік мақсаты: Жаңа білімді меңгере білуге, әдептілікке,
ұқыптылыққа, адамгершілікке,
ұйымшылдыққа, тәртіпті болуға тәрбиелеу.
Эстетикалық тәрбие беру.
Әдістемелік мақсаты: Ақпараттық - коммуникациялық технологияны
пайдалану арқылы оқушылардың білім - білік,
іскерлік дағдыларын қалыптастыру.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ.
Сабақтың әдісі: .Интерактивті.
Сабақтың көрнекілігі: Слайдтар.
Пәнаралық байланыс: Ана тілі, дүниетану.
Қолданылатын әдебиеттер: Т.Кучер.т.б. Математика. - Алматы:
«Атамұра»,2010
Т.Оспанов. Бастауыш сыныптарда математиканы
оқыту.
Сабақтың құрылымы:
-
Ұйымдастыру бөлімі.
-
Кіріспе бөлімі.
1. Үй жұмысын тексеру.
2. Жаңа сабақты жариялау.
3. Сергіту сәті.
III. Негізгі бөлімі.
-
Жаңа сабақты түсіндіру
IV. Сабақты қорытындылау
V. Үйге тапсырма беру.
VI. Бағалау.
Сабақтың барысы:
I.Ұйымдастыру бөлімі.
Оқушылармен сәлемдесу. Құрал - жабдықтарын дайындатып, назарларын сабаққа аударту.
II.Кіріспе бөлімі.
-
Үй жұмысын тексеру.
-
Балалар, біз өткен сабақта баға, сан, құн шамалары арасындағы тәуелділік жайлы есептер шығарған болатынбыз. Ал енді қазір оны қанша меңгергендеріңді байқау үшін сұрақтар қоямын.
-
Балалар, заттардың құнын табу үшін не істейміз?
-
Дұрыс айтасыңдар. Заттардың құнын табу үшін, бір заттың бағасын заттардың санына көбейту керек. Ал енді, заттың бағасын табу үшін қандай амал орындау керек?
-
Дұрыс айтасыңдар балалар, заттың бағасын табу үшін, олардың құнын заттардың санына бөлу керек.
-
Заттардың санын табу үшін қандай амал орындау керек екен?
-
Әрине балалар,дұрыс айтасыңдар. Заттардың санын табу үшін, құнын бір заттың бағасына бөлу керек.
-
Рахмет балалар, сендер өткен сабақты жақсы меңгерген екенсіңдер.
-
Енді, үйге берілген тапсырманы тексерейік. Үйге қандай тапсырма берілді?
-
№ 9 есеп. Теңдеулерді шешу.
(Интерактивті тақтаны пайдалану арқылы, үй тапсырмасын тексеру)
№ 9.
89+х=134
х=134-89
х=45
89+45=134
134=134
х-29=161 х+100=137
х=161+29 х=137-100
х=190 х=37
190-29=161 37+100=137
161=161 137=137
-
Жаңа сабақты жариялау.
-
Енді бүгінгі жаңа тақырыппен танысайық. Жаңа тақырыбымыз «5 - ке көбейту және бөлу кестесі.»
-
Сергіту сәті.
Жасағанда жаттығу,
Керек емес аптығу.
1,2,3. 1,2,3.
Жинап алдық міне күш!
III. Негізгі бөлімі.
-
Жаңа сабақты түсіндіру.
-
Енді балалар, дәптерлеріңді ашып, күннің жадын жазып, бүгінгі жаңа тақырыпты жазып қойыңдар.
(тақтаға жаңа тақырыпты жазамын.)
-
Балалар, бүгінгі біздің тақырыбымыз «5 - ке көбейту және бөлу кестесі.»
Кітаппен жұмыс.
-
Балалар, №1 есепке қарайықшы. Мұнда 5-ке көбейтулерді қарастырайық.Көбейтінділердің мәндері қалай табылған?
-
Иә,дұрыс айтасыңдар.Қосу амалдары арқылы табылған. Яғни, 5-ті 5-ке көбейту дегеніміз - 5-ті 5-ке 5 рет қосу.
-
Теңдіктің оң және сол жақтарын салыстырайықшы.Қандай айырмашылығы бар екен?
-
Дұрыс, оң жақта 5-ке көбейту кестесі, ал сол жақта сол көбейтулердің қосу амалдары берілген. Бірақ екеуінің мәндері бірдей. Себебі, сол жақ теңдіктегі амалдар, оң жақ теңдіктегі көбейтудің қалай орындалатынын көрсеткен.
-
Ал енді, неге әрбір келесі жолдағы өрнектің мәні алдыңғы жолдағы өрнектің мәнінен 5-ке артық?
-
Дұрыс айтасыңдар, себебі 5-ті 5-ке көбейту үшін, 5-ті 5-ке 5 рет қосу керек. 5-ті 6-ға көбейту үшін, 5-ті 5-ке 6 рет қосу қажет.
-
Ал,енді №2 есепке назар аударайық. Мұнда 5-ке көбейту кестесі қалай құрылғанын қарайық.
6·5=5·6
7·5=5·7
8·5=5·8
9·5=5·9
- Дұрыс, мұнда тек қана орындары ауыстырылған. Көбейткіштердің орнын ауыстырғаннан, көбейтінділердің мәні өзгермейді.
- Ал енді балалар, №3 тапсырмада бізге 5-ке көбейту кестесін аяқта деп жазылған.
(Оқушылар тапсырмадағы 5-ке көбейту кестесін аяқтайды.)
Тақтамен жұмыс.
-
Ал, енді бәріміз №4 қарастыру үшін тақтаға қарайық. Тақтада 5-ке көбейту кестесі мен 5-ке бөлу кестесі жазылған.
(№1 слайдқа назар аудару.)
-
Балалар, неге 25:5=5 ?
-
Дұрыс айтасыңдар. Себебі, 5·5=25.т.б.
-
№5 орындаймыз.
5*6=30 5*5=25 30:5=6 35:7=5
-
№6.
(«Алтын балық» ойынын ойнату арқылы орындау.№2 слайдқа назар аудару.)
Өрнектер құр және олардың мәндерін тап.
5·6=30 10:5=2
5·4=20 20:5=4
5·3=15 15:5=3
5·8=40 30:5=6
-
№7 есепке назар аударайық.
-
Қауынның массасы 5 кг. Осындай 7 қауынның массасы қанша?
Яғни, 5*7=35кг
-
5 ашық хатқа 25 тг төленді. Бір ашық хаттың бағасы қанша?
Шешуі: 25:5=5, Жауабы: 5 тг төленді.
-
1 жапсырғыштың бағасы 5 тг. 40 теңгеге осындай неше жапсырғыш келеді?
40:5=8.
-
Ал енді балалар, №8 амалдарды орындайық.
656-98=558
306+87=393
300:100=3
(354+636)-920=70
720-(384+216)=120
90·10-756=144
40·7-40·5=80
70·3+70·2=350
80·3+30·2=300
- №9.
4·b өрнегінің мәнін тап, мұндағы b=1; 2; 5; 8; 9; 0.
4·1=4
4·2=8
4·5=20
4·8=32
4·9=36
4·0=0
№11. Қалдықпен бөлуді орында және тексер:
6:5 = 1 (қалд.1)
7:5 = 1 (қалд.2)
8:5 = 1 (қалд.3)
9:5 = 1 (қалд.4)
11:5 = 2 (қалд.1)
12:5 = 2 (қалд.2)
№13. Тура теңсіздіктер шығу үшін бос тор көздерге қандай санды жазу керек:
45:5 > 2+5;
30:5 < 40:5-1;
35:5-2·3>9-9;
25:5+6>8·1;
Өздік жұмыс.
№14. Есепте:
6·5=30 5·9=45 5·6=30 9·5=45 8·5=40
45:5=9 35:5=7 40:5=8 30:5=6 25:5=5
5·8=40 5·7=35 7·5=35 5·5=25 20:5=4
IV. Сабақты қорытындылау.
-
Ал балалар, сендер 5-ке көбейту және бөлу кестесін толықтай меңгере білдіңдер ме? Ал онда тексерейік.
(№3 слайдқа назар аудару.)
-
Үйге тапсырма беру.
Балалар, үйге №10 және №12. №10 -ға назар аударайық. Мұнда 1) Саяжайға орындықтар орнату үшін әр орындыққа 2 шұңқырдан қазу керек. Түске дейін 6 орындық, түстен кейін 4 орындық орнатылады. Неше шұңқыр қазылды?
2) Күзгі гүлзарда жұлдызгүл мен күзгүлі өсіп тұр. Жұлдызгүл әр қатарда 10 гүлден 5 қатар және 42 күзгүл болды. Күзгі гүлзарда неше гүл өсіп тұрды?
№12. Қандай фигуралар қиылысады? Фигуралардың қиылысуынан пайда болған шаршының периметрін тап.
-
Бағалау.
Сабаққа белсене қатысқан оқушылардың білімдерін бағалаймын.
-
Осымен, біздің сабағымыз аяқталды. Барлығыңа рахмет.